Ұлы жеңіске

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Ұлы жеңіске -70жыл!Осы 70жылдыққа қалай қол жетуіздік десеңші?!Бәлкім,қол жеткіздік дегенім артықтау болар,алайда бұл бүкіл алаш ұрпағының биік жетістігі. «Тәңірдің қазақ ұлтына меншіктеп берген тәбәрігін тәрк еткізген қай оңбағандар болды екен? Ұрпағымызға ғибадат берер шақта, аман-саулығын алладан ғибадат етер болғанымыз ба? Көңілімізде күй күмбірлер шақта, Жошы хандай құланымыздың дүбірін күй сарынымен сарыла күтер болғанымыз ба?» Бұл дүрбелең дәуірдегі бет қатпары қарттығынан бұрын уайымнан мүжілген, миуалы ағаштай көлеңкеден сая іздеген кейуаналарымыздың сөзі. «Ананың алаңы айдай келді» демекші, соғыс өртінің осы сәттен тұтанғаны өкінішті-ақ....

Беймарал,жайма шуақ күн беймезгіл суытып, шілде айында жапырақтар солып қалды. Еркек-тоқты, құрбандық емес пе? Бүкіл қазақ баласы майданға аттанды. Мезгіл сайын қара қағаз жолданып, мезгілдете адам өлімі күшейді. Ер өлімі күшейді. Мезгіл сайын жас қара жамылды. Жас өмірлер қыршыннан қиылды. Әттең, осы бір көріністі ана жүрегі көрмегенде ғой, әттең...... Жүз жылдыққа жетер-жетпес өмірінің осы бір төрт жылы екі дүниеден де шарапат күтетіндей үміт қалдырмады. Еш қалдырмады.

Ал майданда ше? Бұл майданда ананың аялы алақанын сезінген абзал азамат та, жетімдіктің кермек дәмін татқан жанкешті ұл да бар. Сол жетімектер арғы өмірдегі ата-анасына асықты дейсің бе? Жоқ. Оларда өзгелердей туған жердің топырағында жерленгісі келді, әр қазақтың жоқтауын өзіне орнатқысы келді. Өзгелердей отанына оралып, бақытты ғұмыр кешкісі келді. Ауыл ардақтыларынан алғыс естігісі келді. Ең бастысы, ана жанарын көруге асықты. Көрдіңіз бе? Жеңістің уысқа түсуіне ананың тікелей әсері бар. Дегенмен сол арнаға жету жолында да тосқауыл болған сұм соғыс. Сұм ажал жанын қиған боздақ пен аман-есен оралғандардың көксегені бір ой. Ол-Жеңіс! Ал, біздің мүдде жеңісті көксеген әр азаматқа деген ұлықтаушылық, сыйластық, құрмет. Осы жеңіске деген құрмет қана мұң толған жанарындағы жасты тайқыта білді. Осы жеңіске деген құрмет қана мұң толған ана жанарындағы Ос тайқыта білді. Осы жеңіске деген ынтазарлық қана ана жүрегінде шермене боп қатқан ыза-кектің селін сырғытып әкетті. Қайта оралғандар ананың құшағында жылынды, оралмаған орасандардың бейітінің басында ана көз жасына ерік берді....Осы жылдарды бастан кешкен, мына -қазақ жұрты. Елесі естен кетпес кезеңді ентелетпей, ел жадында сақтай білген де сол. Оған дәйек, Ұлы отан соғысы десе кейінгі буын жеңіс туының желбірегендігін, батырлығымыздың асқан ерліктерін көз алдына келтіреді. Шүкір,аласапыран кезең біртіндеп көзден бұлбұл ұшуда. Алайда, көзінен қорқыныш пен үрейдің сызы сезіліп, жарымжан қалған ардагерлерді көріп өткеннің елесін еміс-еміс еске түсіретін ананың болуы заңды.

Неменеңе жетістің бала батыр,

Қариялар азайып бара жатыр.

Бірі мініп, келместің кемесіне,

Бірі,әнеки, қол бұлғап жағада тұр,-деп ұрпағына сыйластықты түсіндіруші үш ата ұрпақтарының түгелденуі соғысқа кейінгі қуантарлық жайт. Бұл толыққанды отбасындағы ананың қуанышы, жас нәрестенің шат күлкісі.

Онды орта мектебінің 10-сынып оқушысы Маңғыбаева Айткүл Кендебайқызы

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 15.61 Kb
Количество скачиваний: 12
Просмотров: 89

Похожие материалы