Қызыл түс

Предмет: История
Категория материала: Конспекты
Автор:
Тақырыбы: Қызыл түс Мақсаты: Түстердің ішінен қызыл түсті ажыратуға,бөліп айтуға үйрету. Логикалық ойлауын,сөйлеуін,зейінін дамыту. Үлкендерді құрметтеуге, адамгершілікке  тәрбиелеу. Көрнекілігі: қуыршақ, көзілдірік, қызыл, сары, жасыл түсті жапырақтар, көкөністер мен жемістер суреті, қызыл түсті тәрелкелер, себет, қызыл түсті қарындаштар, шарлар. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі (Дефектолог бір қолына себет,бір қолына қызыл түсті киім киген қуыршақты ұстап кіреді.) Қызыл Телпек: - Салеметсіздер ме, балалар?                          - Бұл топтың балалары қандай әдемі? Дефектолог: - Балалар ,бізге қонаққа кім келді? Кәне, оны ортаға алып, танысайық. (Балалар орталарына алып ,танысады. ) Қызыл телпек:  - Рақмет,балалар,қандай әдемісіңдер! -          Есімдерің кім болады? (Жеке – жеке әр баламен танысады) -         Ал, мен қызыл телпекпін. Мен сендерге ғажайып ел Қызылордадан келдім. Менің ғажайып елімде бәрі де қызыл түсте: қызыл күн, қызыл аспан, қызыл ағаш,қызыл үйлер,адамдар да қызыл түсті киім киіп жүреді. -         Қараңдаршы менің үстімдегі киіміме? (Балалар қарайды) -         Менің көйлегімнің түсі қандай? -         Орамалым ше? -         Осы топтағы заттардың барлығы да қызыл түсте болғанын қалайсыңдар ма? (Қызыл Телпек сендерге арнап ғажайып көзілдірік әкелді. Кәнеки киіп көрейік.(Балалар көзілдірікті киіп,бөлме заттарын қарап шығады.) Дефектолог:      - Балалар, ойыншықтың түсі қандай? -         Еденнің түсі ше? -         Терезедегі перделер ? (қызыл) №1-тапсырма. Қызыл Телпек: - Мен сендерге жайдан-жай келген жоқпын. Сендерге арнап өз елімнен жапырақтан жасалған гүл шоғын әкелдім, бірақ..... Сендердің жерлеріңнен өтіп бара жатып, әдемі ағаштан жапырақтарды жинап алдым. Енді соны өз жапырақтарымнан ажырата алмай тұрмын? Маған көмектесесіңдер ме? (Оқушылар қызыл түсті  жапырақты таңдап, қызыл түсті құмыраға салады.) -Жарайсыңдар, рақмет! №2-тапсырма. Қызыл Телпек: - Менің себетімде тағы не бар? (Дефектолог:Себеттен жемістер мен көкөністерді шығарады; алма, банан, қызанақ, апельсин, бұрыш. Балалар соларды атайды.) -Менің ғажайып қаламда қандай жеміс пен көкөністер өсіп шықты, жауабын тауып көріңдер? (Балалар қызыл қызанақ,қызыл бұрыш, қызыл алманы таңдап,оны қызыл тәрелкеге салады.) Сергіту сәті:   Дефектолог: -Қызылтелпек  қарашы, біздің гүліміз әр түрлі түспен салынған. Бізбен бірге «Күн» ойынын ойнашы. (Балалар күнге жақындап,қызыл түті күн сәулесін тауып, соған өз қолдарын қояды.) №3-тапсрыма. Қызыл Телпек: - Менімен бірге сендерге қонаққа Қораз келді. (Балалар қоразды қарап, оның ақ айдары мен сақалын бар екенін анықтайды.) Дефектолог: -Балалар, кәне қоразға көмектесейік,оның сақалы мен айдарын бояп берейік. Қызыл Телпек: - Ия, балалар көмектесе қойыңдаршы.Мен сендерге арнап сыйлыққа қызыл түсті қарындаш әкелдім,олар сендерге көмектеседі. (Әр бала орнына жайғасып, өз суретін бояйды.Суретті бояп болғасын Қызыл Телпекке көрсетеді.) Қорытынды: Қызыл Телпек: - Балалар маған сізде өте ұнады. Мені әрдайым естеріңе алып жүру үшін, мен сендерге сыйға шар әкелдім. Дефектолог: - Шарлардың түсі қандай деп ойлайсыңдар ,балалар? -         Қызыл. Қызық Телпек балаларға шар үлестіріп, олармен қоштасады.
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 35.5 Kb
Количество скачиваний: 36
Просмотров: 148

Похожие материалы