7- сынып оқушыларына арналған лексико-грамматикалық тест

Предмет: Другое
Категория материала: Тесты
Автор:

"Выдержка из материала:

Құрметті ақылдастар алқасы!

Назарларыңызға 7- сынып оқушыларына, 5- сынып оқушыларына арналған лексико-грамматикалық тест үлгілерін ұсынамын. Г.М. Нұрғожина Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласындағы Бірінші қалалық жалпы білім беретін лицейдің қазақ тілі пәнінің мұғалімі.

7- сынып оқушыларына арналған лексико-грамматикалық тест. 

1. Түркі тілдер тобына жатпайтын тіл:А) башқұрт Ә) ноғай Б) тәжік В) қарақалпақ

2. Үнді дыбыстардың қатарын табыңыз: А) у,й,н,р Ә) м,ң,ғ,з Б) й,к,л,м В) г,ж,д,в

3. Буынға қате бөлінген сөзді табыңыз: А) дау-ыл-паз Ә) жұ-мыс-шы Б) бо-яу-шы В) би-ік-тік

4. Буын үндестігіне бағынбайтын жалғауды табыңыз: А) -ім Ә) -мен Б) -мыз В) -мін

5. Тұрақты сөз тіркестері тіл білімінің қай саласына жатады? А) синтаксис Ә) лексикология Б) морфология В) фразеология

6. Қандай сөз тіркесі «тез» мағынасын білдіреді? А) екі аяғын бір етікке тығу Ә) қас пен көздің арасында Б) үйді басына көтеру В) сегіз қырлы, бір сырлы

7. Синоним емес қатарды көрсетіңіз: А) көне,ежелгі Ә) қала,шаһар Б) ел,жау В) барлық,бүкіл

8. Антонимдерді табыңыз: А) биік, терең Ә) қиын,ауыр Б) соңғы, ақырғы В) аласа,биік

9. Қайсысы сөз табына жатпайды? А) шылау Ә) есімдік Б) жіктік В) етістік

10. Негізгі түбір етістікті табыңыз:А) сана Ә) тара Б) ойла В) істе

11. Туынды етістікті табыңыз:А) ақылдастың Ә) қарайсыңдар Б) бармайсыз В) кеспейді

12. Тудың авторы кім?А) Шота Уәлиханов Ә) Шәкен Ниязбеков Б)Шәмші Қалдаяқов В) Жандарбек Мәлібеков

13. Мемлекеттік ту-… белгісі.А) адалдықтың,тазалықтың Ә) бейбітшіліктің, ашық аспанның Б) қазақ елінің, отбасы ошағының В) өмір,байлықтың

14. Қай жылдан бастап Ақмоланың облыс орталығы Республикамыздың астанасы болды?А) 1995 Ә) 1992 Б) 1998 В) 1991 

15. Жіктік жалғауы қосылған сөзді табыңыз: А) Ғылым таппай мақтаңба Ә) Ел ұлсыз болмас, жер гүлсіз болмас Б) Өнер алды-қызыл тіл. В) Кең жерде тар отырсаң, тар жерде кең отырарсың

16. Мақалды толықтырыңыз: Ақ сұңқар ұшар жер үшін,… А) құс тамағы үшін алады Ә) тапсырма істер баға үшін Б) ұрысқа кірер Отан үшін В) ер жігіт туар ел үшін

17. .. сөздік сөздердің мағыналары мен тіліміздің байлығын ұғындырады.А) түсіндірме Ә) энциклопедиялық Б) фразеологиялық В) орфоэпиялық

18. Қазақстан Республикасында … ұлт өкілдері тұрады.А) жүз отыздан астам Ә) тоқсан төрттен астам Б) жүз жиырмадан астам В) жүзден астам

19. Еліміздің көмір ошағы - …А) Ақтөбе Ә) Қостанай Б) Жезқазған В) Қарағанды

20. … Қазақстан Республикасының Ата Заңы қабылданған.А) 1995 жылы 30 тамызда Ә) 1994 жылы 4 маусымда Б) 1991 жылы 16 желтоқсанда В) 1991 жылы 25 қазанда

21. Орыс тіліндегі из,с,от предлогтары қазақ тілінде қай септіктің жалғаулары арқылы беріледі?А) шығыс Ә) табыс Б) жатыс В) көмектес

22. Көп нүктенің орнына тиісті етістікті қойыңыз:Арал теңізі мен Сырдария өзені күн өткен сайын …А) тартылмайды Ә) тартылды Б) тартылып барады В) тартылған

23. Көп нүктенің орнына тиісті септеулікті қойыңыз: «Невада-Семей» қозғалысы ядролық сынақтарға … күрескен. А) қарай Ә) арналған Б) қарсы В)бірге 

24. Есімдікті табыңыз:А) екен Ә) соған Б) борсық В) еді

25. Тәуелдік жалғауы бар сөзді белгілеңіз:А) жетім Ә) білім Б) сенім В) пілім

26. Дұрыс септелген есімдікті табыңыз: А) бұдан Ә) менге Б) сенмен В) сода

27. Өткен шақтағы етістікті көрсетіңіз: А) әкелер Ә) әкелесің Б) әкеледі В) әкелді

28. Сын есімнің салыстырмалы шырайын табыңыз: А) қышқылдау Ә) қып-қышқыл Б) дәмді В) өте ыстық

29. Қазақтың тұңғыш ұлттық театры қашан ашылды? А) 1933 жылы Ә) 1926 жылы Б) 1930 жылы В) 1937 жылы

30. Сөйлемді дұрыс құрастырыңдар:

1 2 3 4 5 6 7 8 9қорғау міндеті оның қасиетті Қазақстан Республикасын әрбір парызы азаматының және

2 нұсқа. 

1. Қандай сөз тіркесі «тез» мағынасын білдіреді? А) екі аяғын бір етікке тығу Ә) қас пен көздің арасында Б) үйді басына көтеру В) сегіз қырлы, бір сырлы

2. Синоним емес қатарды көрсетіңіз: А) көне,ежелгі Ә) қала,шаһар Б) ел,жау В) барлық,бүкіл

3. Антонимдерді табыңыз: А) биік, терең Ә) қиын,ауыр Б) соңғы, ақырғы В) аласа,биік

4. Қайсысы сөз табына жатпайды? А) шылау Ә) есімдік Б) жіктік В) етістік

5. Негізгі түбір етістікті табыңыз:А) сана Ә) тара Б) ойла В) істе

6. Туынды етістікті табыңыз:А) ақылдастың Ә) қарайсыңдар Б) бармайсыз В) кеспейді

7. Тудың авторы кім?А) Шота Уәлиханов Ә) Шәкен Ниязбеков Б)Шәмші Қалдаяқов В) Жандарбек Мәлібеков

8. Мемлекеттік ту-… белгісі.А) адалдықтың,тазалықтың Ә) бейбітшіліктің, ашық аспанның Б) қазақ елінің, отбасы ошағының В) өмір,байлықтың

9. Қай жылдан бастап Ақмоланың облыс орталығы Республикамыздың астанасы болды?А) 1995 Ә) 1992 Б) 1998 В) 1991 

10. Орыс тіліндегі из,с,от предлогтары қазақ тілінде қай септіктің жалғаулары арқылы беріледі?А) шығыс Ә) табыс Б) жатыс В) көмектес

11. Көп нүктенің орнына тиісті етістікті қойыңыз:Арал теңізі мен Сырдария өзені күн өткен сайын …А) тартылмайды Ә) тартылды Б) тартылып барады В) тартылған

12. Көп нүктенің орнына тиісті септеулікті қойыңыз: «Невада-Семей» қозғалысы ядролық сынақтарға … күрескен. А) қарай Ә) арналған Б) қарсы В)бірге 

13. Есімдікті табыңыз:А) екен Ә) соған Б) борсық В) еді

14. Тәуелдік жалғауы бар сөзді белгілеңіз:А) жетім Ә) білім Б) сенім В) пілім

15. Дұрыс септелген есімдікті табыңыз: А) бұдан Ә) менге Б) сенмен В) сода

16. Өткен шақтағы етістікті көрсетіңіз: А) әкелер Ә) әкелесің Б) әкеледі В) әкелді

17. Сын есімнің салыстырмалы шырайын табыңыз: А) қышқылдау Ә) қып-қышқыл Б) дәмді В) өте ыстық

18. Қазақтың тұңғыш ұлттық театры қашан ашылды? А) 1933 жылы Ә) 1926 жылы Б) 1930 жылы В) 1937 жылы

19. Сөйлемді дұрыс құрастырыңдар:1 2 3 4 5 6 7 8 9қорғау міндеті оның қасиетті Қазақстан Республикасын әрбір парызы азаматының және

20. Түркі тілдер тобына жатпайтын тіл:А) башқұрт Ә) ноғай Б) тәжік В) қарақалпақ

21. Үнді дыбыстардың қатарын табыңыз: А) у,й,н,р Ә) м,ң,ғ,з Б) й,к,л,м В) г,ж,д,в

22. Буынға қате бөлінген сөзді табыңыз: А) дау-ыл-паз Ә) жұ-мыс-шы Б) бо-яу-шы В) би-ік-тік

23. Буын үндестігіне бағынбайтын жалғауды табыңыз: А) -ім Ә) -мен Б) -мыз В) -мін

24. Тұрақты сөз тіркестері тіл білімінің қай саласына жатады? А) синтаксис Ә) лексикология Б) морфология В) фразеология

25. Жіктік жалғауы қосылған зат есімді табыңыз: А) Ғылым таппай мақтаңба Ә) Ел ұлсыз болмас, жер гүлсіз болмас Б) Өнер алды-қызыл тіл. В) Кең жерде тар отырсаң, тар жерде кең отырарсың

26. Мақалды толықтырыңыз: Ақ сұңқар ұшар жер үшін,… А) құс тамағы үшін алады Ә) тапсырма істер баға үшін Б) ұрысқа кірер Отан үшін В) ер жігіт туар ел үшін

27. .. сөздік сөздердің мағыналары мен тіліміздің байлығын ұғындырады.А) түсіндірме Ә) энциклопедиялық Б) фразеологиялық В) орфоэпиялық

28. Қазақстан Республикасында … ұлт өкілдері тұрады.А) жүз отыздан астам Ә) тоқсан төрттен астам Б) жүз жиырмадан астам В) жүзден астам

29. Еліміздің көмір ошағы - …А) Ақтөбе Ә) Қостанай Б) Жезқазған В) Қарағанды

30. … Қазақстан Республикасының Ата Заңы қабылданған.А) 1995 жылы 30 тамызда Ә) 1994 жылы 4 маусымда Б) 1991 жылы 16 желтоқсанда В) 1991 жылы 25 қазанда

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 132.5 Kb
Количество скачиваний: 54
Просмотров: 197

Похожие материалы