Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп

  1. Материалы для учителя
  2. ИЗО, МХК

Автор материала: Мүтән Бұлбұл Mүтән

Содержимое документа:

Өзiн-өзiтану сабағының жоспары


Мектеп: Бектау орта мектебі

Мерзiм:11.11.2017

Сабақ № 14

Мұғалiм: Мүтән Бұлбұл.

Сынып _8_

Оқушылар саны: 14

Тақырып: Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп

Құндылық: _Сүйіспеншілік_

Қасиеттер: кешіре білу, адалдық, риясыз қызмет ету.


Сабақ мақсаты:

Оқушыларға адами қасиеттерді ұғындыру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  1. Балаларға кешіре білу туралы түсінік беру
  2. Адалдық қасиетін дамыту.
  3. Риясыз қызмет етуге тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Интерактивті тақта, слайд, бейнефильм, ватман, маркерлер, мұғалімнің дайындаған моделі, күннің бейнесі.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасу. «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» еске түсіру.



  1. Тыныштық сәті Нұрға бөлену

  2. Үй тапсырмасын тексеру

«Дос жүрегі» тақырыбына эссе жазып келу.

1-2 балаға оқыту.

Сабақ барысын талдау:






1-2 бала оқиды

  1. Дәйексөз

Адамның жақсысы адамға сүйіспеншілікпен қарағандар.

Абай Құнанбайұлы

Абай Құнанбайұлының өмірінен маңызды ақпараттар келтіру.

-Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

1. Әлемде сүйіспеншілік болмаса не болар еді? 
2. Адамдарды не үшін, қандай қасиеттері үшін жақсы көресің? 

Дәйексөздің мағынасын ашу. Балалардың жауаптарымен дәйексөздің мағынасын ашамын.



Хормен қайталату, дәптерге жазғызу.

Ұл балалар қайталайды, қыздар қайталайды, сосын бәрін хормен айтады.


  1. Әңгiмелеу

Константин Паустовскийдің «Жеделхат» әңгімесінен үзіндіні баяндап беру.

Катерина Петровна заманында белгілі суретші болған әкесінің ескі үйінде тұрып жатты. Суретші қартайған шақта Петербордан кіндік кесіп, кір жуған ауылына қайтып келді де, жайбарақат тіршілік кешіп, бау–бақшаны ермек етеді. Бұрынғыдай сурет сала алмайды.Қолы дірілдеп, икемге келмейді, жанары да қайтқан, көзі солқылдап ауырып, мазалай береді. Қарт анамен көңілі жүдегенде сөйлесетін кісі де жоқ. Тек қана құдықтан су әкеліп, еденді сыпырып, самауыр қайнату

үшін күн сайын зыр қағып, келіп-кетіп жүретін көршінің қызы құйттай Манюша ғана.

Өрттен сақтау сарайының күзетшісі жирен сақалды Тихонның анда-санда бір келіп кететіні бар. Кемпірді аяғандықтан, Тихон көбінесе орынсыз қалбалақтап, босқа арамтер болатын, бірақ азды- көпті шаруаға себі тиетін: бақ ішіндегі қураған ағаштарды шауып,аралап, отқа жақсын деп, жарып қоятын. Әр келген сайын, кетерінде есік алдына жақындай бере бұрылып:

Диван үстінде бір уыс болып отырған Катерина Петровна ләм деп тіл қайтпайды, тек жирен түсті тері редикюлін ақтарып, қайдағы бір қағаздарды аударыстырып, қарай береді. Тихон да табалдырық қасында көп аялдайды.

Ол есікті абайлап жауып, шығып кеткен соң Катерина Петровна үнсіз егіледі.Терезе сыртында жел гулеп, жалаңаш ағаштардың қалған жапырағын айдап әкетіп жатыр. Қаңыраған үйдегі жалғыз жанды зат сол сияқты еді – осы бір әлсіз жарық болмаса, Катерина Петровна таң атқанша не істерін білмес еді.

Бұл кезде түннің өзі де ұзақ, ауыр, сары аурудай ғайып, әзер дегенде таң атады.

Оның жан дегенде жалғыз қызы, ет-бауыры Настя түу қиырда, Ленинградта тұрады. Ол соңғы рет бұдан үш жыл бұрын келген. Настяның кемпір шешесіне келуге қолы тие бермейтінін Катерина Петровна жақсы түсінеді.Олардың,жастардың өздеріне тән, қарияларға түсініксіз, мақсат-мұраты, бақыт-қуанышы бар. Бөгет болмағанның өзі жақсы. Сол себепті де Катерина Петровна Настяға хатты өте сирек жазады, дегенмен ескі диванның бір шетінде мүлгіп отырып, ертелі-кеш жалғыз қызын ойлайды.

Настядан хат келмейді, бірақ жайдары жас пошташы Василий екі-үш айда бір рет Катерина Петровнаға екі жүз сом әкеп береді. Пошташы кетіп қалған соң, Катерина Петровна ақша ұстаған күйі аңырып ұзақ отыра береді. Сәлден соң ғана көзілдірігін киіп, пошта қағазына жазған бірер сөзді оқиды. Онда жазылатын сөздер де көптен таныс: Жұмыс көп, ауылға келмек түгіл, хат жазудың өзіне де уақыт жоқ. Катерина Петровна судырақ қағаздарды жайымен сипап көре бастайды. Қарт ана бұның Настя ұстаған ақша емес екенін ұмытып кете береді. Сол себепті оған осынау ақшалардан Настя әтірінің иісі шыққандай болып көрінеді. Сол түні ана Настяға хат жазды.

«Көз тоймас көріктім менің. Сірә, осы қыстан қалмаспын. Бір күн де болса, келіп кет. Кәрі шешеңнің көзіне бір көрініп, көңіліне медет бол. Мен әбден қартайдым, қалжырадым, әл-қуатым да қалмады» - деп жазды Катерина Петровна.

Настя суретшілер одағында хатшы болып істейтін. Жұмыс бастан асып жатыр. Көрмелер ұйымдастыру, бәйгелер өткізу - бәрі-бәрі соның қолынан өтеді.

Катерина Петровнаның хатын Настя қызмет кезінде алды. Ол хатты оқымастан сөмкесіне тыға салды – жұмыстан кейін оқырмын деп ойлады.

Настя үйіне түн ауа келіп, сонда ғана Катерина Петровнаның хатын оқыды.

Ол кісі толы пойызды еске алды, тар табанды пойызға ауысып отыратынын ойлады, қураған бақты, анасының мөлтілдеген көз жасын, кісіні жалықтыратын ауыл тірлігін еске түсірді, сосын хатты жазу үстелінің тартпасына тастай салды.

Настяның қауырт жұмысқа толы күндері осылай өте берді. Кезекті көрменің ашылу салтанаты кезінде есіктен Даша көрінді. Ол Настяға ымдап бірдеңе айтқандай болып, қолына жеделхат ұсынды.

Настя орнына келіп отырып, жеделхатты абайлап ашып оқып шықты, бірақ ештеңе ұқпады:

«Катя әл үстінде. Тихон»

«Қайдағы Катя, - деп ойлады абдырап сасып қалған Настя. – Қайдағы Тихон? Шамасы, мағанкелмеген болды ғой».

Әйел адреске қарады: жоқ, жеделхат өзіне келіпті.

Настя жалма-жан орнынан тұрып, төменге түсті де, апыл-ғұпыл киініп, көшеге шықты.

«Көз тоймас көріктім менің, - таяуда келген хаттағы осы бір сөздерді елжірей есіне алды. – Көз тоймас көріктім сол!»

Азынаған суықтан Настяның тұла бойы мұздап, дірілдеп кетті, тап осы сәтте сонау көңілсіз ауылда аңырап жалғыз қалған кемпірден артық өзін күллі әлемде ешкім де жақсы көрмейтінін айқын ұқты.

Сол күннің кешінде Настя жолға жүріп кетті. Оған пойыз митыңдап әзер жылжып келе жатқандай болып көрінді. Ал пойыз болса, түнгі қара ормады қақ жарып, оны ыстық тынысымен шарпып, ащы айқайымен төңіректі үркітіп, зымырап келе жатты.

... Тихон пошташымен күбір-күбір сөйлесті де, одан телеграф бланкасын алып, айналдырып көріп, Катерина Петровнаның үйіне қарай жүрді.

Катерина Петровнаның төсектен тұрмағанына он күндей болды. Еш жері ауырмайды. Бірақ әбден әлсіреген тұла бойы қозғалтпайды, тынысы тарылып деміге береді.

Манюша алты тәуліктен бері Катерина Петровнаның қасынан екі елі ұзаған емес.

Тихон келді. Ол өрекпіген көңілін баса алмай тұр.

Бірақ Катерина Петровна жеделхатты ұстамады, тек Тихонның жүзіне жалынышпен жалтақтап қарай берді.

Тихон оған үрке көз тастап, жеделхатты бәсең дауыспен жүрексіне оқып берді: «Күтіңіз, жолға шықтым, сәлем жодаушы сүйікті қызыңыз Настя».

Катерина Петровна көзін жұмды, бір тамшы жас аунап түсіп, сарғайған жүзімен сырғып барып, ақ шашына жасырынды.

Тихон аяғының ұшымен басып кіріп, қолымен ананың бет – аузын, көзін бір сипап өтті. Катерина Петровна тәтті ұйқыға шомған кісідей өңі шөлмектей бозарып, бір уыс боп, жайма-шуақ жатыр екен.

Сұрақтар:

1.Ана жүрегі нені аңсады?

2.Өздерің Настя сияқты адамдарға қандай кеңес берер едіңдер?

3. Осы шығарманы оқығанда қандай сезімде болдыңдар?

4.Ана сүйіспеншілігінің ерекшелігі қандай?

Мұғалімнің сыйы.

«Бүкіл Тайланд таң қалды» бейнебаянын көру.

Осы бейнебаяннан алған әсерлерін, қандай ой түйгендерін ортаға салып, пікірлесу.

Балалардың ойларын қорытындылау.

Балалар әңгімені тыңдайды.










































































































































Сұрақтарға жауап береді.





Балалар бейнебаян көріп, алған әсерлерін айтып, пікірлеседі.

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

1.Сыныпты 4 топқа бөлу

Әр топ «Жүрегі ізгілікке толы тұлға» моделін дайындайды, қорғайды.

Мұғалім тақтаға өзі дайындап әкелген «Жүрегі ізгілікке толы тұлға » моделін іледі де, 4 - топтық дайындалған моделімен салыстырылады. Соңында мұғалім тұлға бейнесінің жоғарғы жағына күн сәулесін жапсырады да, оның мағынасын түсіндіріп өтеді:

Балалар, жалпы адамзатты сүю арқылы біз бейбітшілікті орнатуға болатынын білеміз. Әлемнің мәдени көптүрлілігін түсінуге және бағалауға тиіспіз. Ұлы Абай өзі өткен ғасырда кейінгі ұрпаққа осыны аманат етіп қалдырған ғой. Жалпы адамзатты сүю – ең алдымен өзінді, туған еліңді, Отаныңды сүюден, қоғамға риясыз қызмет етуден басталады. Міне, осыны әркез есте ұстайық!


Балалар ватманға «Жүрегі ізгілікке толы тұлға» моделін жасайды, қорғайды, мұғалімнің моделімен салыстырады.

Топпен ән айту.

Жігіттер квартеті

Кешір ана


Еркелеп өстік,бала да болдық,

Қуалап ойын далада қондық.

Ананың сөзін құлаққа ілмей,

Кей-кезде көсем де,дана да болдық.

Қайырмасы

Есейдік енді ақтықты беріп,

Жүзіңнен сенің шаттықты көріп.

Қуансам деймін өзіңмен бірге,

Ырысың менен бақытты бөліп.


Піспеген әлі шала шығармын,

Үйретті ме екен нағашыларым.

Балалық та бар,қателікте бар,

Кешіре көрші анашым бәрін.

Қайырмасы

Тағдырым білем қояды сұрақ,

Жаппасын қатты есігі...

Предпросмотр онлайн:

Скачать 18.92 Kb

Посмотрите также:

— Технологическая карта по русскому языку «Окончания существительных в дательном падеже»
— Разработка урока «Ул көннәрнең даны мәңгелек»
— Ул көннәрнең даны мәңгелек
— Разработка урока по татарскому языку на тему «Билгесез үткән заман хикәя фигыль»
— Мастер - класс на тему «Татар теле дәресләрендә интерактив тактаның мөмкинлекләре»