Автор материала: Ембергенова Айнур Салауатовна
Ашық сабақ жоспары:
Пән аты: Автоматтандыру негіздері
Сабақтың тақырыбы: Adobe Photoshop жұмыс ортасында жұмыс істеуге арналған негізгі палитралар.
Оқу тобы: ШВ-10Г
Мамандығы: Тігін өндірісі және киімдерді модельдеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Adobe Photoshop бағдарламасында қалай жұмыс істеу керектігін үйрету. Тарихына көз жүгірту.
Дамытушылық:
Тәрбиелік: Оқушылардың ойлау, еңбек ету қабілеттерін жетілдіру, шыдамдылыққа, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабаққа бөлінетін уақыт: 80 минут
Сабақтың әдістері: Әңгіме, сұрақ – жауап, баяндау, көрнекілік, компьютермен жұмыс жасау, проектормен демонстрация жасау.
Сабақтың жабдықталуы: ДК, интерактивті тақта, тапсырмалар.
Сабақтың өткізілу барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
А) оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру
Б) дәрісхананың тазалығы, сабаққа дайындығына назар аудару
2. Үй жұмысын сұрау:
Corel Draw бағдарламасын қортындылау мақсатында оқушыларға карточкалар таратылады. Карточканы орындау уақыты 5-8 минутта орындалуы керек.
3. Жаңа сабақ түсіндіру.
Растрлік графика – полиграфиялық шығарылымдарды жасауда өңдеуде пайдаланылады. Ең кішкентай элемент – ол парақ бетіндегі нүкте. Растрлік графикада ең негізгі түс болып табылады. Ол Интернете көп пайдаланылады.
Векторлық графика - чертеждар сызу мен сәндеу жұмыстарын жасауда және оларды аз мөлшерде өңдеуде пайдаланылады. Векторлық графикада ең бастысы обьект формасы болып табылады. Векторлық графикамен қарапайым сәндеу жұмыстарын, яғни шрифттарды қолдану және геометриялық сызықтарды салу өте оңай. Векторлық бейнелердің көлемін үлкейткенімен оның сапасы өзгермейді. Векторлық графика көбінесе картографияда пайдаланылады, себебі онда әрбір бөлек бөлшектерді қайта – қайта үлкейту керек және оның сапасы сақталу керек.
Фрактальді графика – математикалық есептеу жолы арқылы бейнелерді автоматты түрде генерациялауға арналған. Бейнелер формулалар (теңдеулер) арқылы ұрылады, сондықтан бейнелердің өзі емес, олардың коэфиценттері сақталады. Коэфиценттерін өзгерте отырып, әртүрлі бейнелерді алуға болады.
Набивка - сақталған бөлшектерін көшіру арқылы бейненің кейбір элементтерін қайта қалпына келтіру.
Штамп – бейнеден таңдап алынған бөлшектерін көшіруге арналған.
Обтравка- жалпы композициядан бір бөлшекті бөліктеуге арналған.
Сиқырлы таяқ және Лассо – жалпы композициядағы әрбір бөлшекті ерекшелеу.
Выделение - өзгертуге немесе көшіруге, орналастыруға арналған бейненің аймағы.
Монтаж, коллаж - басқа редакторлардан немесе басқа бейнелерден алынған бейнелерді компановкілеуге арналған. Алдыңгы, артқы план, қабаттар, каналдар - бейненің компоненттері.
Қабаттар - мөлдір фонмен жиектелген бейненің мөлдір емес бөліктері. Бұл мөлдір пленкаларда орындалған және бірін бірінің үстіне қойылған, ал артына мөлдір емес сурет қойылған. Бұған контурлік карта(артқы план) мысал бола алады, оған мемлекеттер орналастырылады (бірінші қабат), қалалар(екінші қабат), ормандар, шөл далалар (үшінші қабат) т.с.с.
Каналдар - бейненің бір түсіне сәйкес келетін монохромдық бейне, мысалы қызыл – жасыл - көк.
Маскілер - қабаттың көрінбейтін аймағы. Ондай облыстарды өзгертуге болмайды. Маскілер бөлшектерден тұратын бейнені бөлу үшін қолданылады.
Тазалау - жеке бөліктердің жарықтылығын өзгертуге, динамикалық диапазонын - бейненің жарықтылығын өзгертуге арналған.
Бояу - жеке фрагменттер арасын білдіртпей қосу.
Кегль - пункттердегі символдар өлшемі (1пт. = 0.3мм.)
Интерлиньяж - текстегі жолдың арақашықтықтары.
Кернинг – сөздегі символдар арақашықтықтары.
Түсбөліктеу - типографияларда түрлі-түсті бейнелерді бірнеше амалдармен жасайды, бірінші қағазға көгілдір, көкшіл, сары және қара таңбаларды кезекпен басады. Соңында түрлі - түсті бейнені алады. Компьютерде түсті бейнені жасаудың алдында бейнені төрт түстері сәйкес келетін бейнелер тобына бөледі. Бұл процесс түсбөліктеу деп аталады.
Түсті модельдер
RGB (Red + Green + Blue), қызыл, жасыл, көк - негізгі түстер болып табылады. Модель негізінен бейнені экранға жіберер алдында пайдаланылады.
CMYK - (көгілдір (Cyan) + көкшіл (Magenta) + сары (Yellow) - негізгі тустерге қосымша түстер болып табылады. Модель полиграфияда қолданылады. Шынында да, көгілдір = ақ – қызыл = көк + жасыл, көкшіл = ақ – жасыл = көк + жасыл, сары = ақ - көк = жасыл + қызыл. Үш негізгі түстің бірігуі бүкіл түсетін жарықты жұтады, яғни қара болып көрінеді. RGB - ге қарағанда бұнда түстердің санының көбеуі жарықтықты үлкейтпейді, керісінше төмендетеді.
HSB (түс (Hue) + қанықтылық (Saturation) + анықтылық (Brightness). Бұл жеке суреттерді салу үшін қолданылады. Ойдан бейнелер жасауда HSB моделінде жұмыс істеу ыңғайлы. Содан кейін RGB немесе CMYK модельдерінде түрлендіруге болады.
Графикалық форматтар файлы
BMP – файл – суреттердің, фотосуреттердің ең көп тараған растрлік форматы. Оның бейнелер көлемінің өлшемі өте үлкендігімен және өте жақсы сапасымен ерекшеленеді.
JPG – үлкен сығу мөлшері бар көптүсті фотосуреттер форматы. Ол түрлі-түсті емес суреттерге тиімсіз.
GIF - аз түсті бейнелерге арналған (256 түске дейін) графикалық формат болып табылады.
TIF - полиграфикалық сығылған формат, ол файлда бейнелерді сақтайды. PSD – Photoshop - та сақталған және өңделген бейне. Бұл формат көпқабатты.
Инструменттік политра
Photoshop - тағы Политралар - инструменттер пораметрлерін ретке келтіруге арналған терезелер және бейнелерге жасалатын операциялар.
Политраны шақыру - Окно – Показать.
Политраның мүмкіндіктерін ретке келтіру - политраның жоғарғы шетіндегі бағдаршаны шерту керек. Контексті менюдан қосымша инструменттердің функциясын табуға болады. Кез-келген ретке келтіру панелін шақыру үшін оны екі рет шерту керек. Керекті политраға тапсырыс беру – ОКНО менюін шерту және тапсырыс беру керек, мысалы:
Навигаторды көрсету – таңдалған инструменттің атын көрсетеді. Ол инструменттің атын өзгертуге болады.
Түстер каталогын көрсету – түстерді көрсету. Керек емес түстерді алып тастауға болады.
Қылқаламды көрсету - сурет салу үшін керекті қылқаламдардың әртүрлі түрлерінен тұрады.
Қабаттарды көрсету – жоғарғы жағынан бастап бейненің барлық қабаттарын көрсетеді.
Орындалған жұмыстарды көрсету - алдында орындалған жұмыстардың тізімін шақырады, тізімнің қатарларын шертіп, бір немесе екі қадамға артқа жылжытуға болады.
БЕЙНЕМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ТЕХНИКАСЫ
Жаңа бейне құру - Файл - Жаңа. Пайда болған панелде өлшемдерді енгізу.
Бейненің беттерінің өлшемін енгізу – Файл - Настройка страницы – размер – Ориентация - книжная немесе альбомная – ОК.
Түрлендіруге дайын бейнені шақыру - Файл – Открыть папканы таңдау керек бейне - файлдың атын шерту керек. Кезкелген файлдарды ашуға болады, ал ол файлдардың кеңейтілуі .PSD, .PDF, .PIC, .PDD, .BMP, .RLF, .JPG, .PCX, .TIF және т.б.
Бейнені сақтау – Файл - Сохранить как . Папканы таңдап атын таңдаған соң ол өзі PSD кеңейтілуін алады.
Барлық бейнелер өлшемін үлкейту Лупа кнопкасын басып, экранға бір рет шерту керек. Немесе үлкейту керекті обьектіні лупамен айналдыру керек.
Барлық бейнелер өлшемін кішірейту. Лупа кнопкасын басып, экранды тышқанның оң батырмасын басу керек. Немесе Түр – Кішірейту немесе Ctrl және минус батырмасын басу керек.
Қол – үлкейтілген бейнені рамканың ішінде немесе Навигаторда көшіруге болады.
Бейнені өңдеудің негізгі құралдары
Саймандар тақтасы экранда орналасқан. Егер ол жоқ болса, онда Окно - Вкл. Панель. Бұл саймандар тақтасында бейнені жасаудың және өңдеудің барлық инструменттері бар. Керек болса: Окно - ... Инструменттерді шақыру және кейбіреулерін тез орындайтын клавишалар арқылы орындауға болады. Әрбір клавишаның қызметін оны басқанда шығатын подсказка арқылы білуге болады.
Заливка түрін таңдау. Негізгі және қосымша түрді таңдауға болады. Немесе – Терезе – Түрлерді көрсету –Каталог түрлер кнопкасын басу керек. Қосымша түске тапсырыс беру үшін – Alt пернесімін ұстап тұрып керекті түсті шерту керек.
Сызғыш, Тор бейненің дәлме дәл масштабын орнатуға және табуға мүмкіндік береді. Сызғышты енгізу Түр - Сызғышты қосу сызғышты алып тастау Түр - Сызғышты сөндіру.
Параққа торды енгізу – Түр - Көрсету – Тор, тордың түсі мен түрін өзгертуге болады.
Сурет салу құралдары
Photoshop - та сурет салу құралдары - Қарындаш, Қылқалам, Аэрограф және Өшіргіш. Бұлардың бәрімен жұмыс істеу техникасы бірдей - түс Түстер панелінен алынады, ал құрал формасы қылқаламдар панелінен алынады. Құралдар параметрлері Қысым, Бұлдыр, Стиль терезелерінде ретке келтіріледі.
Әртүрлі (үшбұрыш, төртбұрыш, жұлдызша, эллипс) формалар үшін Автофигуры панелі бар.
Қылқалам, аэрограф, қарынаш
Бейненің суретін салу үшін және оны бояу үшін Кисть кнопкасын шерту керек. Сонда қылқаламдар формаларының панелі шығады.
Қылқаламды таңдау – оны шерту, қылқалам түсін Каталогтан таңдау - керегін шерту.
Қылқалам параметрлерін өзгерту - тышқанның оң батырмасын басып, Диаметр, Қаттылық, Интервал. Қылқалам суретінде маркерді жылжыту арқылы оны өзгертуге болады.
Өзгеше қылқаламды таңдауға (мысалы Жапалақ немесе Бұғы) болады. Ол үшін Қылқалам - Қылқалам ауыстыру. Сонда Жапалақ немесе Бұғы суреттері бар Қылқалам панелі шығады. Бұндай қылқаламдармен сурет салмай, штамптаған дұрыс.
Өз қылқалам формасын таңдау . Ол үшін Түзету- Қылқаламды анықтау, оған ат беру керек. Енді таңдалған қылқаламмен бейнені салу үшін Кисть кнопкасын басу керек.
Өзгертілген бейнені қалпына келтіру – Тарихи қылқалам кнопкасы арқылы бейнені жүргізу керек, сол кезде бастапқы бейне қайта қалпына келеді. Өрнектелген қылқалам бейнені маскалармен өзгертеді, оларды Режим және Стиль терезелерінен табуға болады.
Түсті пипеткамен таңдау - Терезе – Каталогты көрсету және бейнеден - каталогтан керекті түсті шерту немесе бейнедегі түсті шерту керек.
Аэрограф – қылқаламмен штрихсыз сурет салу, краскаға батырылған тампон сияқты бейне алуға болады. Онда Қысымды өзгертуге болады (100%-ке дейін); Аэрограф Көлеңкесі. Аэрограф көлеңкесін таңдау үшін Қылқаламдар панелін, түсті – Түстер панелінен шерту керек.
Қарындаш – сызықтармен, штрихтармен берілген бейнелерді салу үшін арналған. Қарындаш қалыңдығын таңдау үшін Қылқаламдар панелінен, ал түсті - Түстер Каталогын шерту керек.
Автоформалар - әртүрлі формалары бар фигуралар. Стильді пайдаланып әртүрлі бояулар арқылы фигуралардың ішін бояуға болады.
Қаламсап
Қаламсап / магнитті қаламсап/ қарапайым қаламсап/ нүкте салу/нүктені өшіру. Бұл мүмкіншілігі өте жоғары инструмент болып келеді, бірақ бұл инструментпен жұмыс істеу үшін белгілі бір нышандар керек. Қаламсап құралы контурларды салуға, Безье қисығын пайдаланып, осы контурлардың ішін не сыртын түрлендіруге болады.
Қаламсапқа тапсырыс беру, қисықты салу – маркерлер пайда болады.
Сурет салуды аяқтау - ең соңғы нүктеде Ctrl немесе қаламсап батырмасын бір рет шерту керек.
Қарапайым қала...