"Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар" информатикадан ашық сабақ (6 класс)

  1. Материалы для учителя
  2. История

Автор материала: Казбаганбетова Мейрагуль Асылхановна

Содержимое документа:

№3 Алға қазақ орта мектебі

Пәні: Информатика Сыныбы: 6 – класс

Пән мұғалімі: Казбаганбетова М.А.

Ресурсы


Сабақтың мазмұны

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

5 минут

Топтастыру

Антивирустық программа белгілері бейнеленген кеспе қағаздар

Ұйымдастыру бөлімі

А) психологиялық ахуал

Ә) топқа бөлу

Психологиялық тренинг жүргізу

Оқушыларды антивирустық программа белгішелері бойынша 3 топ 5 баладан топқа бөлемін. Топ басшысын сайлатып, оларға бағалау парақтарын таратып, оның критерийін түсіндіремін.


Оқушылар бір-біріне қарап, әр оқушы көршісінің жақсы қасиеттерін айтады.

Партада жасырылған антивирустық программа белгілері бойынша топқа бөлінеді.

Топ басшылары бағалау парағын алып, өзінің топтарының мүшелерін белгілеп алады

4 минут

«Миға шабуыл»

Интерактивті тақтадан сұрақтар жазылған слайдтар

І Еске түсіру

Өткен тақырыптардан сұрақтар қоямын

Экранда көрсетілген сұрақтарға қол көтеріп жауап береді.

4 минут

Тақырыпты ашу

Компьютерлік вирус туралы видеоролик

Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында оқушыларға компьютерлік вирус туралы видеоролик көрсетемін

Тақырып ашылғаннан кейін сабақ мақсатымен таныстырамын.

Оқушылар видеороликті қарап, бүгінгі сабақтың тақырыбын ашады.

3 минут

Ассоциация

Плакаттар

Плакатқа «Ақпаратты қорғау» сөзін жазып қоямын

Оқушылар плакаттағы «Ақпаратты қорғау» сөзіне сипаттамалар жазады.

16 минут

«Жигсо»

Ватман, таратпа материалдар

Әр топқа «Ақпаратты қорғау. Компьютерлік вирустар» тақырыбында мәтін таратып беремін.

Әр топ берілген мәтін бойынша отбасы мүшелерін құрады. Әр отбасы мүшесі өзіне бекітілген мәтін бөлігін оқиды. Белгілі уақыттан кейін әр отбасы мүшесі сараптама топтарына бірігіп, оқығанын қайталайды. Отбасына қайта келіп бір-біріне түсінгендерін баяндап, қабырға газетін шығарады. Ойларын жинақтап шығарған газеттерін қабырғаға іліп қорғайды.

4 минут

Сергіту сәті

Слайдтар

Астында мақал – мәтелдер жасырылған қызықты суреттерді және көмекші сөздерді оқимын.

Оқушылар суреттер мен көмекші сөздер арқылы жасырылған мақалды анықтайды.

3 минут

Рефлексия

Плакат

Сабақ басында сипаттамалар жазған «Ақпаратты қорғау» плакатына қайта ораламыз. Тақырыпты меңгергеннен кейін оқушылардың қосып – алатын жерлерін жазғызамын

Әр топ оқушылары плакатқа тақырыптан меңгерген білімдерін тиянақтап, жаңа сөздер жазады.

1 минут


Слайдта көрсету

Үйге тапсырма.

Өткен тақырып бойынша ребус, сөзжұмбақ дайындау


3 минут

Бағалау

Бағалау парақтары, смайликтер

Бағалау парағын критерий бойынша маңыздылығына мән бере отырып, топ басшылары қойған бағаларын айтқызып, қорытынды бағаны айтамын

Топ басшысы берілген критерий бойынша өз топ мүшелерін бағалайды. Бағалау парағын қабырғаға іліп, көрсетеді.

2 минут



Сабақ аяқталды, сабақтан алған әсерлерін «екі жұлдыз, бір тілек» плакатына жазғызамын

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін жазып, көңіл – күйлерін білдіреді

Қосымша тапсырма


Интернеттен компьютерлік вирустар жайында мәліметтер алу

Предпросмотр онлайн:

Скачать 42.41 Kb

Посмотрите также:

— Практические работы по информатике для 5-6 классов
— Внеклассное мероприятие по информатике «Своя игра» (для 6 классов)
— Открытый урок по информатике для 6 класса «Графический редактор Paint»
— Рабочая программа по информатике для 6 класса
— Задание для 6 класса по теме: «Векторное кодирование « графической информации