"Ар намыс керек адамға"

  1. Материалы для учителя
  2. ИЗО, МХК

Автор материала: Мүтән Бұлбұл Mүтән

Содержимое документа:


«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары


Мектеп: Бектау орта мектебі Мерзiм: 23.11.2017 ж.

Мұғалiм: Мүтән Б.

Сынып: 9 «А» Оқушылар саны: 4 Сабақ: №11

Тақырып: Ар-намыс керек адамға

Құндылық: Ақиқат Қасиеттер: уақытша және өмірлік нәрсені ажырата білу, ақиқатты өзінен іздеу, өз-өзіне сену


Сабақ мақсаты: Ар, намыс туралы түсініктерін кеңейту ар ақиқат құндылығының мағынасын ашу.


Міндеттері:

Ресурстар: (интерактивті тақта, әдістемелік құрал, кітап, дәптер, үнтаспа )

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

Тыныштық сәтi «Орманға ойша серуен» (3 мин.)

Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсанып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желді және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

Үй тапсырмасын тексеру (5 мин.)

«Жақсылық жан жадыратады» тақырыбынан үй тапсырмасын тексеру. Берілген тізімнен өзіңе ұнаған біреуін таңдап ал. Олардың адамға жасайтын жақсылықтарын ойланып, жаз.

Ақын.

Жазушы.

Суретші.

Ғалым.

Ескерту

Баяу музыка ойналып тұрады, мұғалім «Орманға ойша серуен» деген тақырыпқа тыныштық сәтін өткізеді.













































Дәптердегі 18 бетте 4-тапсырма. Оқушылар кезекпен таңдаған мамандықты айтады.

Дәйексөз. (3 мин.)

«Адамның ұяты бетінде, адамгершілігі ниетінде».


Сұрақтар:

  1. Адамның ұятын бетінен қалай байқауға болады?

  2. Адамның адамгершілігі неден көрінеді?

  3. Адамгершілік неден бастау алады?

Дәйексөзді бір рет қыздар қайталайды, бір рет ұлдар қайталайды, барлығы бірге қайталайды, дәптерге жазады.

Оқиғаларды әңгiмелеу (10 мин.)


«Балқар аңызы»

...Алғашқы қар жауған күн екен. Таңертеңмен бір қария үйден шығып, айналаға қараса, аппақ қар жатады және өздерінің үйінің есігінен шығып кеткен бір ізді көреді. «Астапыр алла, отбасымның барлық мүшесі әлі ұйықтап жатыр емес пе? Сонда үйден шығып кеткен бұл кім екен?» - деп әлгі іздің соңынан түсіп жүре береді. Үйден біраз ұзағанда біреуді кезіктіреді. Ол – Нәсіп екен. Ақсақал: «Сен қайда бара жатырсың?» - деп сұрайды. Сол кезде Нәсіп «Мен осы күнге дейін сіздердің үйлеріңізде болдым. Енді басқа үйлерге кетіп бара жатырмын. Оларға да баруым керек қой» - деп жауап береді. Ақсақал Нәсіпке кетпеуін, үйге қайта келуін өтінеді. Сонда Нәсіп «Мен сенің бір тілегіңді орындаймын, айтыңыз» - дейді. Ақсақал болса «Жүр, үйге жүр. Отбасыммен ақылдасып отырып, тілегімді айтайын» - дейді. Алайда Нәсіп осы жерде күтетінін, ақсақалдың өзі барып отбасы мүшелерімен ақылдасып келуіне кеңес береді. Амал жоқ, ақсақал асығып, алып-ұшып үйіне келеді. Әйелін, бала-шағасын оятып, ақылдасуға шақырады. Бәрі жиналып, әртүрлі тілектерін айтады. Біреуі алтын керек, ақша керек, енді бірі жылқы және басқа мал керек дейді. Ақсақал соңында «Ал бәрің де айтып болдыңдар ма?» - деп сұрайды. Сол кезде біреуі «анау шымылдықтың ар жағында отырған кішкентай келін қалды. Сол айтқан жоқ» - дейді. Атасы жас келіннің тілегін сұрап келуге кіші қызын жұмсайды. Бір кіші қайын сіңлісі тілмаш секілді отбасы мен келіннің арасында делдал болып жүреді. Сөйтіп, жас келіннен қандай тілегің бар деп сұраса, ол «абырой, намыс керек» депті. Оны естіген ақсақал «Бәріңнің жаңағы айтқан ойларың көңілімнен шықпады. Жас келініміздің тілегі ерекше екен. Мен осыған тоқтам жасап отырмын. Барып Нәсіпке айтамын» - деп, тұра жөнеліпті. Нәсіпке келіп, «Байлығымды, дүние-мүлкімді алып кете бер. Бізге тек абырой, намысты қалдырсаңыз болғаны», - дейді. Мұны естіген Нәсіп «Мен кеткелі тұр едім. Ал мына тілектеріңмен аяқ-қолымды байлап тастағандай болдыңдар. Енді мен ешқайда кетпей, сіздермен бірге бола беремін. Абырой, намыс болған жерде, бақыт та, береке де болады. Адамға абырой, намыстан асқан рухани құндылық жоқ» - депті. Сөйтіп, Нәсіп ақсақалға ілесіп, үйлеріне келген екен.


Талқылынытын сұрақтар:

  1. «Нәсіп» кім екенін түсіндіңдер ме?

  2. «Нәсіп» сөзге қандай синонимды теңеуге болады?

  3. Қарияның орнында болсаңдар Нәсіптен қандай тілекті орындауға сұрар едіңдер?

  4. Адамның өмірінде ар-намыстың қандай рөлі, маңызы бар?


Мұғалімнен сыйлық: «Притча о совести». (3 мин.)

Сұрақтар:

  1. Неліктен адамның ар-ұжданнан құтылғысы келді?

  2. Ар-ұждан адамды қалай мазалайды?

  3. Адам ар-ұждансыз қалай өмір сүрер еді?

Оқулықта 61 бетте аңыз.

Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс. (15 мин.)

Ар-ұждан туралы өсиетнама

Адамгершілігі мол адам бөтен әмиян тауып алды.

Оның ішіндегі ақшаның көптігі соншалық өмірінің соңына дейін және барлық ұрпақтарына жеткілікті еді.

Адам қуанып кетті, бірақ ....



Дұрыс жауабы:

Адамгершілігі мол адам бөтен әмиян тауып алды.

Оның ішіндегі ақшаның көптігі соншалық өмірінің соңына дейін және барлық ұрпақтарына жеткілікті еді.

Адам қуанып кетті, бірақ ақша үшін емес.

Әмиянда иесінің мекен-жайы жазылған визитка болды. Сол арқылы әмиянды қайтарып беруге асықты. Егерде қайтармаса, ар-ожданы өмір бойы маза бермеуші еді.

Оқушыларға өсиет беріледі, бірақ толық емес. Балалар өсиеттің дұрыс жалғасын табады және оны сахналайды.

Топпен ән айту. (3 мин.)

Сөзі: Серік Қалиев
Әні: Құрмаш Маханов

«Мейірімді болайықшы бауырлар»

Көктем етіп көркейтсе де маңайын,
Көріп жүрміз өкпешілдің талайын,
Өшігуді қояйықшы өзгеге,
Кешірімді болайықшы, ағайын!

Көк нөсерін көл етсе де жауындар,
Көк пен жерді сел етсе де дауылдар,
Пейілдерді пенделікпен тарылтпай,
Мейірімді болайықшы, бауырлар!

Болашаққа қол ұстасып барайық,
Ақиқаттың ауылын іздеп табайық,
Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз,
Кішіпейіл болайықшы, халайық!

Ел болғанмен емеспіз ғой онша көп,
Сонда дағы бөлінумен шаршап ек,
Өзімізге қалайтұғын нәрсені,
Тілейікші өзгеге де болса деп.


Үй тапсырмасы. (1 мин.)

Дәптерде тапсырма орындау. 21 бетте 2-тапсырма: ұғымдарға анықтаманы жазу. (ар, намыс, ұят).

Дәптермен жұмыс

Сабақтың соңғы тыныштық сәтi. (2 мин.)

Мұғалім: - Балалар, бәріміз көзімізді жұмып тыныштық әлеміне енейік. Бүгінгі сабақтан алған жақсы әсерлерімізді есімізге алып, жүрегімізге орналастырайық. Сіздерге көп рахмет!

Баяу музыка ойналып тұрады



Предпросмотр онлайн:

Скачать 17.11 Kb

Посмотрите также:

— Технологическая карта по русскому языку «Окончания существительных в дательном падеже»
— Разработка урока «Ул көннәрнең даны мәңгелек»
— Ул көннәрнең даны мәңгелек
— Разработка урока по татарскому языку на тему «Билгесез үткән заман хикәя фигыль»
— Мастер - класс на тему «Татар теле дәресләрендә интерактив тактаның мөмкинлекләре»