Автор материала: Татекова Гульдана Бактияровна
Білім беру саласы:Дене шынықтыру
Бөлімі:Денсаулық
Тақырыбы: «Менің көңілді добым.»
Мақсаты: Белгі бойынша тоқтай білуге жаттықтыру.Гимнастикалық орындық үстімен қолға зат ұстап жүру.Допты астынан екі қолмен алға еркін лақтыруды бекіту.Көтеріңкі кеңістікте тепе-теңдік сақтап жүруді үйрету.
Қолданылатын құрал-жабдықтар:.доптар,гимнастикалық орындық,ойынға арқан.
Билингвизим: доп -мяч
Шаттық шеңбері.
Қайырлы таң, алтын Күн!
Қайырлы таң, Жер - ана!
Қайырлы таң, достарым!
Қайырлы таң әпкилер.
Қимыл –қозғалыспен айтады.
Ұйымдастыру ізденушілік
Тәрбиеші төмендегі тапсырмаларды орындатады:
«Менің көңілді добым» Музыкаға сәйкес адымдап,аяқты жоғары көтере,қолды еркін ұстап жүру.Сап-тізбекте бірінің артынан бірі белгі бойынша тоқтап,арақашықтықты сақтап,бір-біріне соқтығыспай жүгіру. Белгі бойынша тоқтау. Балалардың өкшемен қатты тарсылдатпай ,жеңіл секіруін қадағалау.
Жалпы дамыту жаттығулары:
Екі қатарға тұрғызып,жалпы дамыту жаттығуларын орындатады.
Жаттығудың жасалу ретін түсіндіріп тұрып көрсетеді.Балаларға орындатады.
Балалардың дұрыс орындауларын қадағалау.
Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары:
Гимнастикалық орындық үстімен қолға зат ұстап жүру.
Билингвизим:доп-мяч- ball .
Сергіту сәті
Боран соғар оң жақтан,
Боран соғар сол жақтан.
Қар лақтырып ойнасақ,
Су болады қолғаптар.
Тәрбиешіні мұқият тыңдайды,тапсырманы бұлжытпай орындауға тырысады.
-қайталайды.
Қимыл-қозғалыспен қимылдайды.
Кері байланыс және түзету
Қорытынды бөлім:
Қимыл-қозғалысы аз ойын:
Ұлттық ойын «Арқан тартыс»
Балалар ойынға қызығушылық танытып, ойнайды
Күтілетін жәтиже:
Орындайды: гимнастикалық орындық үстімен қолға зат ұстап жүруді.
Түсінеді: жаттығулардың маңызын.
Қолданады: жаттығулар орындау кезінде шапшаңдық,мұқияттылық тәрізді сапаларды.