Ашық сабақ тақырыбы: А.Мархабаев "Ғарыштағы қымыз" (6-сынып)

  1. Материалы для учителя
  2. ИЗО, МХК

Автор материала: Халелова Шынар Дауленовна

Содержимое документа:

Сабақтың тақырыбы: Абдул-Хамид Мархабаев «Ғарыштағы қымыз» әңгімесі

Сыныбы: 6 «Е»

Пәні: Қазақ әдебиеті

Пән мұғалімі: Халелова Ш.Д.

Мерзімі: 01.03.2016 ж.

 

Сабақтың тақырыбы

Абдул-Хамид Мархабаев «Ғарыштағы қымыз» әңгімесі

Сабақтың мақсаты:

А.Мархабаевтың «Ғарыштағы қымыз» фантастикалық әңгімесінің мазмұнын түсіндіру,

Қазақтың ұлттық сусыны қымыздың емдік қасиеті туралы мәліметтер алу және ойын жинақтау.

Ауқымды әдеби көркем шығармаларды өз бетімен түсініп оқып, мазмұнын қысқаша хабарлама түрінде жеткізуге үйрету.

Автордың кейіпкерлер арқылы білдірген ойын анықтау және соған байланысты қорытынды жасау.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Сабақтың әдістері

Топтық және жеке жұмыс жасау, «Блум таксономиясы» арқылы берілген тапсырмалар: «Аквариум», « Ассоцияция», пікірталас, ойтолғау

Табыс критерийі және күтілетін нәтиже

Ә.Марқабаевтың «Ғарыштағы қымыз» фантастикалық әңгімесінің мазмұнын түсінеді;

Оқушылар берілген әңгіме арқылы қай заманда, қай ғаламда болмасын қымыздың емдік қасиетін біледі.

Ауқымды әдеби көркем шығармаларды өз бетімен түсініп оқиды және мазмұнын қысқаша хабарлама түрінде жеткізе алады;

Автордың кейіпкерлер арқылы білдірген ойын анықтайды және соған байланысты қорытынды жасайды ;

Мәтіндегі образ жасау және сипаттау үшін пайдаланылған көркем-бейнелі сөздердің мағынасын табады және сөздік арқылы түсіндіреді; Өз ойын еркін жеткізе біледі;

Салыстырып, қорытынды жасай білуге үйренеді;

Түйінді идея

Ауруға – ем, сауға – қуат, дәрі-қымыз.

Бұл тек қымыз емес, халықтың рухы. Қымыз – тірі қан. Халқымыздың, керек болса, мемлекетіміздің асыл қаны (М.М.Әуезов).

Сабақтың кезеңдері:

Кезеңнің мақсаты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Бер.уақыт

 

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын орнату

  • Психологиялық ахуал тудыру.

  • Үй тапсырмасын тексеру.

  • Оқушылар бір біріне жақсы тілек айтады.

    Үйге: «Тұтқын бала» шығармасының кейіпкерлеріне мінездеме беру.

    Бағдаршам сигналдары арқылы өздерінің сабаққа дайындығын білдіреді.

    Формативті бағалау:

     

    Қолдап, қолпаштау.

     Бағдаршам

    6 мин

    Білу

    Сюжеттік жоспар бойынша шығарманы еске түсіріп, түсінгенін қысқаша баяндау.

  • Түсіндірмелі сөздіктің көмегімен таныс емес сөздердің мағынасын ашып, талқылады. Әңгімені төрт топқа бөліп беремін.

  • Түсіндірмелі сөздіктің көмегімен таныс емес сөздердің мағынасын ашып, талқылады.

  • Топ басшысының бағалау парақшаларына критериалды бағалау жүргізіп отыруы.

     

    8 мин

    Түсіну

    Шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап ала отырып, автордың негізгі айтпақ ойын, идеясын тапқызу.

     

     

     

     

     

     

     

    Әдебиет теориясы бойынша мәлімет беру:

    Жоспар бойынша әңгіме мазмұнын жүйелеу арқылы композициялық құрылымына талдау жасау:

    I.Жанры (проза, поэзия):

    II.Түрі: Фантастикалық әңгіме

    III.Тақырыбы: Қазақтың ұлттық сусыны – қымыздың қасиетін дәріптеу.

    IV.Идеясы: Ұлттық құндылықты бағалау, қастерлеу. Ауруға – ем, сауға – қуат, дәрі-қымыз.

    V.Композициялық құрылымына талдау жасау :

    1. Оқиғаның басталуы:

    Қонақтарға құрмет.

    2.Оқиғаның байланысы:

    Жеті планетаның достығы.

    3.Оқиғаның дамуы:

    Планета өкілінің науқастануы.

    4.Оқиғаның шиеленісуі:

    Дәрігерлердің уайымы.

    5.Оқиғаның шарықтау шегі:

    Дәрігердің ем табуы.

    6.Оқиғаның шешімі:

    Қымыздың қасиеті.

     Фантастика – көркем бейнені ой елестерінен, қиялдан шығарып, шындықты табиғи қалыптан тыс әсерелеп көрсететін шығарма.

    Фантастиканы жазатын адамдарды фантаст жазушы деп атаймыз.

    Портрет - адамның сыртқы ұқсастығын айнытпай берумен қатар, ішкі жан дүниесін, мінез-құлқын ашып көрсетіп, дәуірлік-тарихи ұлттық тұлғасын шынайылықпен бейнелеу.

    Лирикалық шегініс - әдеби шығармадағы көркемдік тәсіл. Оқиға желісін кенет үзіп, өзі жайлы немесе оқиғадан тыс жайтты баяндау.

    Монолог – сөз өнерінде кейіпкердің ішкі жай-күйін, толғаныс-тебіренісін бейнелеу мақсатында қолданылатын тәсіл. Монологтың ерекшелігі бір адамның ойы, сөзі көрініс табады.

    Диалог – екі не бірнеше адамның кезектесіп сөйлесуі арқылы берілетін ауызекі тілдегі ерекше форма.

    1.Жоспар бойынша болған оқиғаларды ретімен , мазмұнын қысқаша баяндайды арқылы шығарманың композициялық құрылымын шығарады.

    «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы қалдау жасайды.

    Оқулықтан тауып, оқыту. Альфалықтардың портретін ашу.

    Дәрігердің монологын оқыту.

    Капитан мен дәрігердің сөйлесуі.

    Критериалды бағалау

     

    6 мин.

    Қолдану

    Берілген тақырыптар бойынша әңгімеден мысалдар келтіре отырып оқушылардың өз ойларын айтқызу.

    «Кәріге құрмет – балаға міндет»

    «Дәрігер деген - асыл адам кең жүрек»

    «Қымыз – халықтың рухы»

    «Өзге ғаламшарлармен достық – қазақтың кеңпейілділігінің айғағы.»

    Әр топтан бір оқушы берілген тақырыптарды жан-жақты тарқатып, өз ойын айтып шығады.

    Топ басшысының бағалауы

     5 мин.

    Талдау

    Әр топқа берілген жеке тапсырмалар арқылы шығармаға жан-жақты талдау жасату.

    І, ІІ топқа пікірталас беру. Тақырыбы: «Қымыздың пайдасы»

    ІІІ топқа: ойтолғау не болмаса, өлең шығару

    ІV топқа: «Біз қымыз жайлы не білеміз?»

     Топтық жұмыс жасау арқылы пікірталасқа түседі. Бір топ бар, екнішііс кері жауап айтып, ойларын дәледеуге тырысады.

     Ойларын ортаға салып дәлелдейді.

    Критериалды бағалау

     

     

    10 мин

    Жинақтау

    Тақырыптан алған білімді жинақтап, бір біріне сұрақ қояды.

     Сұрақ- жауап арқылы тақырыпты жинақтайды (ойтолғау жазу немесе өлең шығару)

    Топ басшысының бағалауы

    6 мин.

    Бағалау

    Кері байланыс

    Стикер арқылы тақырыпты түсіну дәрежесін бағалау.

    Кері байланыс орнату арқылы келесі сабақта оқушылармен қиындық туғызған жерлерімен жұмыс жасалады.

    Стикерді толтыру арқылы тақырыпты түсінген деңгейін көрсетеді. Стикерлерге сабақтан алған әсерін жазып ілу арқылы кері байланыс жасайды.

    Рефлексия

    5 мин.

    Үйге тапсырма

    Сыныптан тыс оқу үшін А.Мархабаевтың тағы басқа да фантастикалық жанрдағы әңгімелерінен оқып келу.

    Предпросмотр онлайн:

    Скачать 29.56 Kb

    Посмотрите также:

    — Планирование поурочное по казахскому языку, 6 класс
    — Планирование, надомное обучение 6 класс общеобразовательной школы
    — Рабочая программа для 5-6 классов "Риторика, память, психокоррекция"
    — 8 - Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған "Аяулы Анашым" тақырыбындағы мерекелік кеш жоспары ( 6 сынып)
    — Рабочая программа кружка "Бисерное рукоделие" (6 класс)