Ашық сабақ. Тақырыбы: Анама көмектесемін. Фигуралар тізбегі.

  1. Материалы для учителя
  2. Доп. образование

Автор материала: Суйесинова Асел Алтынбековна

Содержимое документа:

Күні: 30.11.2017ж. Сыныбы: №1 МАД Пәні: ҚМҰҚ Сабақтың тақырыбы: Анама көмектесемін. Фигуралар тізбегі. Сабақтың мақсаты: 0.2.3.1.Түрлі жағдаяттардың/фигуралардың/уақыттың (күн, апта, ай, жыл) тізбегін орнатып, жалғастыру. Көрнекілік: геометриялық пішіндер, суреттері мен карточкалар. Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, дидактикалық ойын, сергіту сәті. Сөздік жұмыс: дөңгелек, үшбұыш,төртбұрыш, Үштілділік компонент: ана-мама-mother, пішін – фигура -figure, дөңгелек – круг - circle, үшбұрыш – триугольник - triangle, төртбұрыш-квадрат - square.

Жоспар. Шаттық шеңбері: Оқып, білім аламыз, Біз көңілді баламыз. Математика пәнінде Тапқыр, алғыр боламыз.

Оқушыларға жұмбақ жасыру. Жұмбақ: Допқа өзі ұқсайтын, Ерекше бір пішін бар. Атын оның атаңдар (шеңбер) Мұғалім: Балалар, шеңбер деген – фигура. Тағы қандай фигураларды білесіңдер? Оқушылар: Үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер. (Мұғалім фигураларды тақтаға іледі) Мұғалім: Яғни, біздің бүгінгі сабағымыз фигураларға байланысты болмақ. Фигуралардың белгілі бір заңдылықпен орналасуын фигуралар тізбегі деп атаймыз. (Содан кейін есік қағылады). Мұғалім: Бұл кім болды екен? Сыныпқа Әлия мен Сырымның анасы кіреді. Оқушылармен амандасып, өзін таныстырады. Оқушыларға аналары жайлы сұрақтар қояды. Анасы: Оқушылар, сендер менің тапсырмаларымды орындасаңдар, біз сендерге печенье пісіріп береміз.

Мұғалім: Олай болса, сабағымызды әрі қарай жалғастырайық. Мұғалім тақтаға Әлия мен Сырым анасына печенье пісіруге көмектескен суретін іледі.

Мұғалім: Ана-мама-mother. Балалар біз өзін-өзі тану пәнінде аналарымыздың суретін жасадық. Соны алдымызға қойып, әр тапсырманы анамызға орындаймыз. Кітаптарымызды ашып, тапсырмаларды орындайық.

1-тапсырма: Орналасу ретіне қара. Жалғастыр.

Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! Біз бұл тапсырманы жақсы орындадық. Аналарымыз риза болды. Енді фигураларды санайық. 1-ден 10-ға дейін санау.

2-тапсырма: Фигуралар тізбегін боя.

Мұғалім: Фигуралар тізбегін бояймыз.

Фигуралар тізбегін жалғастыр. Өзің ойластырып, оларды белгілі бір заңдылықпен боя.

Сергіту сәті: Бойды сергек тік ұста Емін еркін тыныста. Деміңді ішке тез алда Оң қолыңды соз алға Қол ұшына қарада Үшбұрыш сыз ауада. Сол қолың бос тұрмасын Шеңбер жасап тынбасын.

3-тапсырма: Әр қатардағы артық затты тауып, қоршап сыз.



Және Әлия мен Сырымның және олардың анасының заттарынан фигуралар тізбегін құрастырамыз.

Мұғалім: Біз кітаптағы тапсырмалардың бәрін жақсы орындадық. Аналарымызда риза. Кітаптарымызды жауып, ортаға шыға қояйық. Әлия мен Сырымның анасының печеньесі де дайын болып қалыпты.

Анасы оқушыларға сұрақтар қояды. Содан кейін анасы оқушылармен қоштасып, сыныптан шығып кетеді. Сосын мұғалім оқушылардан көңіл-күйін сұрап, алма ағашына смайлик арқылы жабыстырады. Сабақты қорытындылау.

Предпросмотр онлайн:

Скачать 782.80 Kb

Посмотрите также:

— Театрландырылған қойылым арқылы, балалардың ынтасын, олардың көру, есту және ойлау қабілеттерін дамыту
— Білім беру саласы: шығармашылық "сурет салу" 37 бет
— І кіші топқа арналған оқу қызметі бойынша ұйымдастырылған жұмыс жоспары.
— ПРОЕКТНАЯ РАБОТА "О ВРЕДЕ КОКА- КОЛЫ"
— Тема урока: ПЕРЕСПЕКТИВАЛЫҚ – ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАР