Ашық сабақтың тақырыбы: Сілікпелер

  1. Материалы для учителя
  2. ИЗО, МХК

Автор материала: Шакиева Назгуль Аманжоловна

Содержимое документа:

Астана қаласының Білім басқармасы

Астана қаласы әкімдігінің «Көпбейінді колледжі» МКҚК













Ашық сабақтың тақырыбы: Сілікпелер

Мамандығы: 0508000 - "Тамақтандыруды ұйымдастыру"

Топ: 2ОПП-214












«Тамақтандыруды ұйымдастыру»

пәндерінің циклдік комиссиясы

Хаттама № __ «____»________2015 ж.

ПЦК төрайымы ______ Шакиева Н.А.

Келісілді: Әдіскер______ Негметжанова Н.З.

Дайындаған: өндірістік оқыту шебері

__________ Шакиева Н.А.















Астана

2017 ж


Сабақ жоспары № 32


Оқытушы: Шакиева Назгуль Аманжоловна

Пән: Арнайы технология

Мамандық, топ: "Тамақтандыруды ұйымдастыру". 2 ОПП-214

Тақырыбы: Сілікпелер

Күні: 25.12.2017 ж


Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы.


Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: студенттерге сілікпелер түрлерін таныстыру, жасалу жолдарын көрсету және пән бойынша білім дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылық: лекцияны тыңдауға, берілген тапсырмаларды талдауға қатыстырып, өз бетінше дамыту дағдысын үйрету

Тәрбиелік: Студенттерге материалдық құндылықтарға жауапкершілік- пен, ұқыптылықпен қарау,аспазшы мамандығына деген қызығушылығын арттыру және ұжымды, өзара көмектесу дағдысына тәрбиелеу.


Әдісі: сұрақ - жауап, топпен жұмыс, кластер, видео, ғажайып алаң, жобалап оқыту технологиясының элементтерін қолдану.

Оқыту пішімі: дербес тұлғамен және ұжыммен жұмыс.


Пәнаралық байланыс: Азық - түлік тауарларын тану, тамақтандыру кәсіпорнын ұйымдастыру.


Құрал жабдықтар: интерактивті тақта, слайд, конспект, оқулықтар.


Әдебиет:

Негізгі:

Анфимова Н.А. Кулинария. - М., 1999ж.

Қосымша:

Бесімбаев Е.Б.-Аспаздық.












Сабақ барысы және уақытының өлшемі

І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Амандасу, топты түгендеу.

2.Сабақтың тақырыбы мен сабақ мақсаттарымен таныстыру

3. Студенттер назарың сабаққа аудару.

4. Студенттерді екі топқа бөлу.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

«Ғажайып алаң» өтілген тақырып бойынша сұрақтар жазылған. Берілген сұрақтарға жауап беру арқылы алма жинау керек. Сабақ соңында жинаған алмалар санына қарай бағаланады.

  1. Компот қай тілден енген сөз?

(француз тілінен енген сөз)

  1. Компотқа анықтама?

(сұйық десерт тағамы, аздап қант салынған суға қайнатылған жас немесе кепкен жемістердің қоспасы)

  1. Компотты неден әзірлеуге болады?

(Компотты кептірілген, консервіленген және жаңа жиналған жеміс пен жидектен әзірлеуге болады)

  1. Алма қарайып кетпеу үшін қайнатқанға дейін қайда салып қояды?

(Лимон қышқылы қосылған салқын суға салып қойған жөн)

  1. Алма қосылған компотты неше сағат қайнатады?

(алма сортына қарай)

  1. Компоттың түрлерін атаңыз?

(жаңа піскен жемістен жасалынатын, құрғақ жемістерден және тоңазытылған жемістерден әзірленетін компоттар)

7. Компоттың тағы да қандай жолы бар?

(дайындалған жеміс жидектерге қант сеуіп, қайнап тұрған суды құясыз да, 10 - 12 сағат бұқтырып қоясыз)

8. Қандай жемістерден компот дайындауға болмайды?

(құрма, анар, айва және банан)

9. Компотты қанша 0С температурада, тоңазытқышта сақтаған дұрыс?

(2 - 140С)

10. Компот деген сөз қай ғасырда келген?

(18 ғасырда)

11. Қай елдерге компот дәстүрлі сусын болған?

(Ресейде және Шығыс Европада)

12. Компотты қайнатар кезде 500г. алмаға неше стақан құмшекер салады?

(3-4 стакан)


ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі

Сілікпе – француз сөзі. Қант мен желатин қосылу жолымен жеміс шырынынан дайындалған қатқан десертті атайды.

Сілікпе — салқын тәтті тағам; жас және жастай тоңазытқан жеміс-жидектен, олардың нәрінен (сөлі), шырынынан, сондай-ақ кілегей мен қаймақтан әзірлейді. Жемістен дайындалатын Сілікпе дәмді болуы үшін цедра, ванилин, лимон шырынын, яғни лимон қышқылын қосады. Дайын Сілікпе ыдысқа жабысып қалмауы үшін дастарқанға қояр алдында оны ыстық суға салады. Сонымен бірге оның желатині тез және біркелкі жібіп-еруі үшін алдын ала 25—30 минут суға салып қояды.

Сілікпе ассортименті :

ІV. Тапсырма: технологиялық картаны құрастыру.

V. Қорытындылау: кластер құрастыру.

VІ. Бағалау: студенттердің жинаған алмаларының санына қарай бағаланады.

VІ. Үйге тапсырма: Бесімбаев Е.Б. - Аспаздық. 333-335 беттер.Алған білімдерінді қорытындылап үйде Сілікпені дайындауға болады.


Предпросмотр онлайн:

Скачать 1.49 Mb

Посмотрите также:

— Технологическая карта по русскому языку «Окончания существительных в дательном падеже»
— Разработка урока «Ул көннәрнең даны мәңгелек»
— Ул көннәрнең даны мәңгелек
— Разработка урока по татарскому языку на тему «Билгесез үткән заман хикәя фигыль»
— Мастер - класс на тему «Татар теле дәресләрендә интерактив тактаның мөмкинлекләре»