Қазақ тілінен сабақ жоспары "Ұлттық ойындар" (4 сынып)

  1. Материалы для учителя
  2. ИЗО, МХК

Автор материала: Дюсекова Бибигуль Жумангалиевна

Содержимое документа:

Қазақ халқының ұлттық ойындары

(4-сынып)
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік : Оқушыларға «Қазақтың ұлттық ойындары» туралы мәлімет беру; тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау,грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
2. Дамытушылық : Оқушылардың ойлау, есте сақтау , көру қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, мәтінді қазақ тілінде әңгімелеуге,ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту.
3. Тәрбиелік: Ұлттық ойын түрлеріне қызығушылығын арттыру, салауаттылыққа тәрбиелеу. Түрі: Жаңа сабақ

Көрнекілігі:бейнероликтер, мақалдар ,А-3 қағазы, маркерлер, стикерлер, асық, тоғызқұмалақ, қамшы, теңге, арқан.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,топпен жұмыс, жеке жұмыс, ұлттық ойындар ойнау, критерийлік бағалау.
Сабақтың барысы
1 Ұйымдастыру кезеңі.
1.Амандасу .
2.Топқа бөліну (стикермен).

Психологиялық дайындық. 1- слайд
О, менің басым, бүгін сен сабақта көп жұмыс істейсің, ойланасың, уайымдама.
Жүрегім менің,бүгінгі сабақта , сен қобалжыма,қорықпа, бәрі ойдағыдай болады.
Аяулы менің қолдарым, қорықпа, бүгін сендер көп жазасыңдар, шаршамаңдар.

Қызығушылықты ояту. Біз сендермен Ұлттық мұра деген бір жақсы модульмен таныстық Біздің ұлттық мұрамызға нелер жатады? Қалай ойлайсыңдар? 2 слайд

-Киіз үй туралы білетіндерін анықтау (ауызша) - Ұлттық киім туралы білетіндерін анықтау (ауызша)

Ендеше осы туралы білетіндерімізді бекіту үшін мына тапсырмаларды орындайық.

  1. Шаңырақ иесі (сөзді жіктеу) 1 топ

  2. Қамзол ( сөзді тәуелдеу) 2 топ

  3. Бөрік (дыбыстық талдау) 3 топ

Тағы ұлтымыздың баға жетпес мұраларының бірі Ол- ? Қалай ойлайсыңдар?

Ендеше, мына бейнероликті тамашалайық. (Ұлттық ойындар туралы )
4 Сонымен балалар не көрдіңдер? Дұрыс айтасыңдар , Ата –бабаларымыздан қалған баға жетпес байлық, асыл қазына - Ұлттық ойындарымыз.

Ал, қалай ойлайсыңдар, сабақтың бүгінгі тақырыбы қандай?
5.Сабақтың тақырыбын,мақсатын айту
Сабақтың тақырыбы:Ұлттық ойындар. 2- слайд
6. Енді балалар, сабақтың негізгі бөлімін бастамас бұрын мен сендерге бағалау парақтарын таратамын . Әр топтың хатшысы , өз тобы атынан , басқа топтарға және өз тобына баға қояды. 3- слайд

Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге «Ұлттық ойындар» тақырыбы жайында мәліметтер тауып, әкелу керек болатын.
Тапсырманы алдарында жатқан флипчартқа топтастырып түсіріп , жұмыстарыңды қорғауға , және бір ойын түрін көрсетулеріне болады.
Ал сендер мұқият тыңдап, бірінді- бірін бағалайсыңдар.
1 топты тыңдау 2 мин
2 топты тыңдау 2 мин 3 топты тыңдау 2 мин

7. Мәтінмен жұмыс . 4- слайд Ал, енді балалар «Ұлттық ойындар» туралы мәтін кітапта да берілген.Қазір 91 бетті ашыңдар.Осы мәтінді түсініп, жартылай дауыспен оқып шығыңдар.
«Ұлттық ойындар»

Қазақ халқы ұлттық ойындарға бай. Ұлттық ойындардың көптеген түрлері бар. Солардың бірі: көкпар, бәйге, күрес, теңге алу, қыз қуу, тоғызқұмалақ, асық, жамбы ату , аударыспақ, ақсүйек және тағы да басқалар.   Олар денені шынықтырады, ақыл- ойды толықтырады. Ұлттық ойындары- тәрбие құралы. Енді осы мәтін бойынша жұмыс жүргізейік. 1 топ Мәтінді оқиды
2 топ (3 топқа ) 1-2 сұрақ қояды 3 топ Сол сұрақтарға жауап береді 8 Тәрбиелік кезең. Сергіту сәті «Қара жорға»
-Балалар ,қалай ойлайсыңдар осы ұлттық ойындардың бізге берер пайдасы қандай?
-Ұлттық ойындар бізді шапшаңдыққа, икемділікке үйретеді.Логикалық ойлауға үйретеді.Денеміздің шымыр болуына көп пайдасы тиеді.Денсаулығымызға да пайдалы.
Ендеше, денсаулықтарың мықты болсын десеңдер, қаламыздың ұлттық ойындар үйірмесіне барып, демалып, көңіл көтерейік.
9 Балалар мен сендерге мынандай қалташық таратамын , онда алтын сөздер бар ,сендер ол сөздерден ақыл беретін бір ғана сөйлем құрастыруларын керек, мына тақтаға келіп ілесіңдер. Бұл мақалдарды дәптерлеріне көшіріп алыңдар 2 мин
10 «Ой толғаныс». Сонымен біз бүгін не білдік? Тақырып қандай болды? Енді ойымызды түйіп, жинақтап Венн диаграммасын құрайық.





Рефлексия Ата-аналарына смс жазады.

Бағалау

Үйге. Мақалдарды жаттау, 91 бет 4- жаттығу







Предпросмотр онлайн:

Скачать 22.34 Kb

Посмотрите также:

— Сценарий новогоднего праздника для 1-4 классов
— Контрольный срез по окружающему миру в 4 классе.
— Программа по литературному чтению. 4 класс. "Гармония". ФГОС.
— План-сетка воспитательной работы с учащимися 4 класса
— Карточка по башкирскому языку для 4 класса (на башкирском языке)