Баланы мектептегі оқуға дайындаудың психологиялық бағыттары

  1. Материалы для учителя
  2. Доп. образование

Автор материала: Баширова Улдай Башбаевна

Содержимое документа:

Баланың мектепке психологиялық дайындығы.

      Кез келген бала мектепке алғаш келгенде «жақсы оқысам екен» деген ниетпен келеді. Бірақ мектепке келген дайындық деңгейінің әртүрлілігі кейбір балалардың оқуға деген мүмкіндігін төмендетеді. Баланың мектепке келуі және алғашқы кездегі мектепте оқуы оның өмір салтын және іс-әрекетін өзгертеді. Бұл кезең мектепке келген 6 және 7 жасарлар үшін бірдей қиын болады.Физиологтардың, психологтардың, педагогтардың байқауынша, 1-сынып оқушыларының көпшілігінде жаңа жағдайға бейімделу қиын өтеді. Мектепке келген бала физиологиялық және әлеуметтік жағынан жетілген, ойлау мен эмоционалды дамуы қажетті деңгейге жеткен болуы тиіс. Бұл жастағы бала ойлау операцияларын меңгеріп, заттар мен қоршаған орта құбылыстарын жалпылап, сараптай біліп, өз әрекетіне жоспар құрып, өзін бақылай алады. Оның сөйлеу арқылы қарым-қатынас дағдыларың, қолдың ұсақ моторикасының және көру-қозғалыс координацияларының дамуына да мән беріледі.Сондықтан  «баланың мектепке дайындығы» дегеніміз- бұл кешенді, көп жақты және бала өмірінің түгел сферасын қамтитын үрдіс.

   Мектепте оқуға психологиялық дайындық- оқыту үрдісі барысында құрбылармен, мұғаліммен қарым-қатынас жасап, оқу бағдарламасын меңгеру үшін психологиялық қажетті деңгей.

    Мектепке психологиялық дайындық проблемаларының теориясы Л.С.Выгодскийдің еңбектеріне негізделген.

    Л.И.Божович: «Мектепте нәтижелі оқуға ықпалын тигізетін- баланың психикалық даму параметрлері: оқудың танымдық және әлеуметтік мотивтері- баланың мотивациялық даму деңгейі; ырықты тәртіптің және интеллектуалды сфераның дамуы ». Мектеп балалық шақ пен ересек өмірлерін біріктіретін буын.Егер балаға мектепке дейінгі мекемелерге бару міндетті болмаса, мектепке бару -міндет, сонымен қатар бала құрбылармен, ересектермен қарым-қатынаста болады.

    Мектепке психологиялық дайындықты зерттеген психологтар, педагогтар бала тәртібінің ырықтылығына ерекше мән берген. Д.Б.Элькониннің есептеуінше, ырықты тәртіп ұжымдық- ролдік ойында туындайды, себебі бала осының арқасында дамудың жоғарғы деңгейіне жетеді.

    Д.Б.Эльконин мектепке дайындық проблемасын қарастырған кезде, оқу іс-әрекетінің қажетті негізгі шартын белгілеген:

- Балалардың өз әрекеттерін саналы түрде ережелерге бағындыру;

- Берілген талаптар жүйесіне бағдарлана алу;

- Айтушыны дұрыс тыңдай алу және ауызша формадағы тапсырмаларды

  орындай алу;

- Үлгіні көру арқылы қабылдап, тапсырманы өзі орындай алу.

    Сонымен қатар мектепке психологиялық дайындықта- сөйлеу дамуына көңіл бөлінеді. Сөйлеу интеллектімен тығыз байланысты және баланың жалпы дамуын, оның логикалық ойлау деңгейін бейнелейді. Бала сөздерде жеке дыбыстарды таба білу қажет, яғни оның фонематикалық естуі дамыған болу керек.

     Баланың мектепке дайындығы келесі көрсеткіштер бойынша анықталады: жоспарлау, бақылау, мотивация, интеллект дамуының деңгейі.

. 1     Жоспарлау - мақсатқа байланысты өз іс-әрекетін ұйымдастыра алуы:

  Төмен деңгей - баланың іс-әрекеті мақсатына сай емес.

  Орташа деңгей - мақсаттың мазмұнына қарай әрекеті толық

                              сәйкестірілмеген.

  Жоғары деңгей- баланың іс-әрекеті мақсатына толығымен сай келеді.

2.     Бақылау- белгіленген мақсатпен өз әрекетінің нәтижесін салыстыра  

                     алуы:

  Төмен деңгей - қойылған мақсатпен бала әрекетінің нәтижесі сай емес (бала

                         бұны көрмейді)

  Орташа деңгей - қойылған мақсатпен өз әрекетінің нәтижесі толығымен

                             сай келмейді ( бала толық емес сәйкестікті көмексіз

                             көрмейді )

Жоғары деңгей- қойылған мақсатпен әрекеттің нәтижесі сәйкес.

. 3     Оқу мотивациясы - заттардың, қоршаған орта заңдылықтарының           

                          жасырын қасиеттерін табуға ұмтылыс және оларды қолдану:

  Төмен деңгей - сезім мүшелерімен байланысты заттардың қаситтеріне ғана

                         бағдарланады.

  Орташа деңгей - қоршаған ортаның кейбір жалпы қасиеттеріне

                        бағдарланады.

  Жоғары деңгей- заттардың, қоршаған орта заңдылықтарының           

                          жасырын қасиеттерін табуға ұмтылыс және білімдерін өз

                          әрекетінде қолдануға құштарлық.

4.     Интеллект дамуының деңгейі

  Төмен деңгей -басқа адамды тыңдай алмауы, логикалық операцияларды

                    талдауға, салыстыруға, жалпылауға, абстракциялауға және

                   ұғымдарды нақтылауға мүмкіншілігінің болмауы.

  Орташа деңгей - басқаларды тыңдай алмайды, қарапайым логикалық

                     операцияларды-ұғымдарды салыстыру, жалпылауды қатесіз

                     орындайды, ал күрделі логикалық операцияларды- абстракция,

                     нақтылау, анализ, синтезде қателер жібереді.

  Жоғары деңгей- басқа адамдарды тыңдайды және түсінеді, түгел

                     логикалық операцияларды орындағанда кейбір қателер жіберуі

                     мүмкін, бірақ бұл қателерін ересектердің көмегімен жоя алады.

  Өте жоғары деңгей- басқа адамдарды тыңдайды және түсінеді, кез келген                 

                    логикалық операцияларды орындай алады.

   Осы көрсеткіштерден келесі қорытынды шығаруға болады:

         Бала мектепке дайын емес

   Өз әрекеттерін жоспарлап, бақылай алмайды, оқу мотивациясы төмен (сезім мүшелерінің мәліметтеріне ғана жүгінеді), басқа адамдарды тыңдай алмайды және логикалық операцияларды орындай алмайды.   

   Бала мектепке дайын

      Өз әрекеттерін жоспарлап, бақылай алады (немесе осыған ұмтылады), заттардың жасырын қасиеттеріне, қоршаған ортаның заңдылықтарына жүгінеді және оларды өз әрекетінде қолдануға тырысады, басқа адамдарды тыңдап, логикалық операцияларды орындай алады.

      Баланың мектепке дайындығының деңгейін анықтау үшін карта мінездемесін қолданады, оның көрсеткіштері:

1. психологиялық және әлеуметтік дайындық

2. психологиялық-физиологиялық қызметтің дамуы

3. таным процестерінің дамуы

4. денсаулық жағдайы.

 Баланың мектепке дайындығының карта- мінездемесі:

    1. Мектепке психологиялық және әлеуметтік дайындығы (сәйкес келген деңгейді дөңгелетеді)

          а) Мектепте оқуға ұмтылыс

             1. бала мектепке барғысы келеді

             2. мектепке баруға әзірше ұмтылыс жоқ

             3. мектепке барғысы келмейді.

           ә) Оқу мотивациясы

             1. оқудың маңыздылығын және қажеттілігін түсінеді, оқуда өздік

                 мақсатын қойған

              2.оқудың өздік мақсатын түсінбеген, оны оқудың сыртқы

                 жақтары ғана қызықтырады (құрбыларымен қарым-

                 қатынас, онда мектеп құралдарының болуы)

              3. оқудың мақсаты жоқ, мектепте ештеңе қызықтырмайды.

           б) Қарым-қатынасқа түсе алуы, жағдайға байланысты өзін

               адекватты ұстауы

             1. контактіге оңай түседі, жағдайды дұрыс қабылдайды, оның

                 мәнін түсінеді, өзін адекватты ұстайды

              2. контакт пен қарым-қатынасқа түсуінде қиыншылықтар

                  бар, жағдайды түсінуі және реакцияларды әрқашанда

                  адекватты емес

              3.контактіге нашар түседі, қарым-қатынасында және

                 жағдайды түсінуінде қиыншылықтар бар.

           в) Тәртібін ұйымдастыру

              1. тәртібі ұйымдастырылған

              2. тәртібі толық ұйымдастырылмаған

              3. тәртібі ұйымдастырылмаған.

     2. Мектепте негізгі психофизиологиялық функциялардың дамуы

      а) Фонематикалық есту қабілеті, артикуляциялық аппарат

           1.сөйлеудің фонематикалық құрылысында, дыбысында бұзылулар

              жоқ, сөйлеуі дұрыс, анық

           2. сөйлеудің фонематикалық құрылысында, дыбысталуында аздап

              бұзылулар бар (логопедтің тексерісі қажет)

           3.бала тілінде кемістік бар (логопедтің көмегі қажет).

       ә) Қолдың ұсақ бұлшықеттері

           1. қолы жақсы дамыған, бала қарындаш, қайшыны еркін меңгереді

           2.қолы жақсы дамымаған, қарындаш, қайшыны қысыммен ұстайды

           3.қолы нашар дамыған, қарындаш, қайшымен жұмыс істей

             алмайды.

       б) Кеңістіктегі бағдары, қозғалу координациясы, дене ептілігі             

          1. кеңістікте жақсы бағытталады, қозғалыстарын

             координациялайды, епті, қозғалғыш

          2.кеңістікте бағытталуының, қозғалыс координациясының, 

           ептіліктің дамуы толық емес

         3.кеңістікте нашар бағытталады, қозғалу координациясы нашар

           дамыған, епті емес, көп қозғалмайды.

        в) Көз-қол жүйесіндегі координация

          1. қарапайым графикалық бейнелерді (ою, фигура) дәптерге түсіре

             алады, қашықтықты жақсы қабылдайды

          2. графикалық бейнелерді, қашықтықты қабылдайды, бірақ дәптерге

             дұрыс түсіре алмайды

          3.графикалық бейнелерді дәптерге түсіргенде, қашықтықты

             қабылдағанда көптеген қателер жібереді.

3. Таным іс-әрекетінің дамуы

     а) Ой өрісі

        1. әлем туралы танымы кең және нақты, бала өзі тұратын мемлекеті,

          қаласы туралы, жануарлар мен өсімдіктер, жыл мезгілі туралы

          айтып береді

        2. қоршаған орта туралы танымы нақты, бірақ шектеулі

        3. қоршаған орта туралы білімі толық емес, жүйеленбеген.

      ә) Сөйлеудің дамуы

        1. сөйлеуі мәнді, мәнерлі, грамматикалық дұрыс құрастырылған              

        2. бала өз ойын а...

Предпросмотр онлайн:

Скачать 24.57 Kb

Посмотрите также:

— "Развитие воображения дошкольников в условиях ДОУ"