Бақылау диктанты «Кішіпейілділік» (5 класс)

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Сабақ жоспары

Пән: қазақ тілі

Сынып: 5

Сабақ тақырыбы: Бақылау диктанты  «Кішіпейілділік»

Сабақ мақсаты:  а)Омоним,синоним,антоним тақырыптары бойынша білімдерін тереңнен ұғындыру Материалды қалай меңгергендігіне бақылау жасау.

ә) ) дамытушылық: өз ойын жүйелі түрде айта білуіне, сөздік қорын дамытуға, шығармашылықпен жұмыс істей білуіне машықтандыру;

б) Кішіпейілділікке тәрбиелеу

Көрнекілік: Диктанттар жинағы

Күтілетін нәтиже:

1.      Өтілген тақырып бойынша емле, ережелерін біледі.

2.      Омоним,синоним,антоним сөздері қолдана алады

3.      Сауатты жазуға ұмтылады.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру.

Оқушылардың сабаққа қатысуын, дайындығын тексеру.

 Өткекн тақырыптар бойынша қайталау

Омоним дегеніміз не? Мысал келтіру

Синоним дегеніміз не?

Антоним дегеніміз не? Ережелерін еске түсіру

 

Диктантты бір мәрте оқу

Қиын сөздерді тақтаға жазу

Кішіпейілділік

Көк қаршыға көзін төңкере шаңырақтан аспан әлеміне құмарта қарап, бір рет дүр сілкініп қойды. Бұрын мұндай құсты көрмеген мысық одан көзін алмай,таңданып әрі қорқып қарайды. Мысықтың бағанадан бері көз түспеген бір нәрсе шыға келді. Ол биік төсектің бас жағынан түргелген тарғын арлан еді. Екі құлағының салбыраған шашағы төгіліп тұр. Күміс қарғылы тайдай тазы тұрып алып, алдыңғы екі аяғын көсіліп, төсін жерге тие керілді. Мойнындағы күміс қарғының сақиналары сылдыр қағып тазы есікке қарай бет алды. Мысық зәресі ұшып Шоқанның артына қарай ығыстай берді.

-Қорықпа, тимйді,-деп, Шоқан мысықты өзінің қатарына қарай ығыстырды. –Апатай, мына мысыққа бауырсақ беріңізші,-деп, Шоқан шешесіне өтінішті ерке тілек айтты. (С. Бегалин,102 сөз)

 

Тапсырма:

1.Мәтіндегі бас, бет омоним болатын сөздерге сөйлем құрастыр

2.Таңдану, қорқу, биік, шеше сөздердің синонимдес сыңарларын тауып жазыңдар

3.Күміс,мысық,биік сөздердің антонимдес сыңарларын тауып жазыңдар

 

Бекіту.

Қайталап оқу, тексеру, тыныс белгілерін қою.

 

Тексеру, бағалау

 

VІ. Үйге тапсырма: ережелерді қайталау 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 16.59 Kb
Количество скачиваний: 18
Просмотров: 76

Похожие материалы