Доклад на тему: "Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту жолдары"

  1. Материалы для учителя
  2. ОБЖ

Автор материала: Имиров Адылжан Касимович

Содержимое документа:

Кіріспе

Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қалыптастыру-заман талабы. Тіл-халықтың жаны, ұлтымыздың құжаты. Тіл құрыса, халық та жер бетінен жоғалады.Орыс сыныптарында оқылатын қазақ тілі пәнінің көздейтін негізгі мақсаты – оқушыларды белгілі дәрежеде қазақша сөйлеуге, өз ойын басқаға жеткізе алатын бірудің сөйлеген сөзін, жазғанын түсіне алатын дәрежеге жеткізу. ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие және білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындау педагогика тәжірибесінің көкейкесті мәселелерінің бірі болып отырғаны анық.

Республикамыздың егемендік алып, тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы ұлттық мәдениетіміздің жан-жақты өркендеуіне негіз болды. Мемлекеттік тіл-халықтың барлық мұқтажын, өнер, мәдениет, радио, дипломатиялық қарым-қатынас, ғылым, өндіріс, шаруашылық, ресми іс-қағаздарды т.б. салаларға дейін қызмет ететін қоғамның қуатты қолданыс құралына айналуы қажет. Оқушылардың тәрбиесі мен білім деңгейінің жоғары болуы, сауаттылығы, қазақ тілін меңгеру, түсініп оқуы мен қатесіз жазуына байланысты екендігін көрсетеді.

Тіл тағдырын жетілдіру көп ретте мектепте атқарылатын жұмыс деңгейіне байланысты. Өйткені, өскелең ұрпақтың балғын санасына бай тіліміздің нәрін сіңдіріп, көкірегіне ұялатуға әр пән мұғалімі ауқымды істер атқаруы тиіс.

Бірақ, оқушының тілін қалыптастыру үшін, мұғалімнің өзі бір құзырлыққа жету керек. Сол үшін оқушы санасына, қазақ-тілі ертеңгі күні үлкен өмірге араласқанда оның қоғамдағы қызметіне көмегін тигізетін, жұмысында, күнделікті өмірінде қажетіне жарайтыны туралы ұғым қалыптастыру керек.

Қазақ тілін оқыту барысында оқушының тілін дамытып, сөз байлығын арттыру - ең маңызды жұмыстардың бірі. Оқу орыс тілінде жүретін сыныптарында оқушылар қазақ тілін оқу барысында мұғалімнің қойған сұрақтарына түсініп, оған жауап қайтаруға, үйренген сөздерін бұзбай айтуға, әсіресе, құрамында қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолданып, сөйлемді дұрыс құруға үйретіледі. Бұл мәселені жүзеге асыру үшін, біріншіден жүйелі түрде, «оңайдан қиынға принципін» басшылыққа сала отырып күнтізбегін жоспар қажет деп ойлаймын. Содан кейін жоспарды басшылыққа ала отырып, оқушылардың тілін дамыту үшін әр түрлі тәсілдер арқылы жұмыс жүргізу. Осы мақсатта оқытушы әр түрлі оқыту әдіс-тәсілдерін пайдаланып, тіл дамыту жаттығуларын, ойын элементтерін және тақырыпқа сәйкес көрнекіліктер қолданады. Басты назар аударатынымыз оқу, сөйлеу, талдау, жазу жұмыстарына мұқият көңіл бөлу.

Зерттеу объектісі мен пәні: қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі

Көкейкестілігі мен жаңашылдығы:

Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде оқушыларға қазақ тілінен үйретілетін сөздер біріншіден, белгілі бір тақырыптарға, екіншіден сөз таптарға қатысты болады, сол себептен қазақ тілі сабағы әрі тілдік, әрі әдебиеттік оқу материалдарын қамтиды. Кейбір грамматикалық түсініктемелер, жаттығу шарттары орыс тілінде берілетіндіктен, салыстырмалы грамматикаға байланысты мәліметтер де қамтылады. Заман өзгерген сайын әдіс-тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып отыр. Әр түрлі жаңа технологияларды қазіргі мұғалімдер өз тәжірибелерінде қолданып жүр. Сонымен қатар орыс тілді мектеп оқушыларына қазақ тілін үйретуде пән бойынша жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Қазақ тілінен сыныптан тыс жұмыс оқушылардың білімін тереңдетуге, ой-өрісін кеңейтуге, олардың тілді үйренуге ынтасын, құмарлық сезімін оятуға көмектеседі. Орыс тілді мектеп оқушыларын қазақ тілінде сөйлеуге үйрету, оны оқыту әдістемесін жетілдіру-бүгінгі күннің аса маңызды мәселесі. Мектеп тәжірибесінде білім мазмұнын жетілдіру, үшін оқыту процесінің тиімді жолдары, жаңа әдістері жан-жақты қарастырылуда. Қазақ тілін нәтижелі үйрету үшін, оның оқыту әдістемесін жетілдіре түсіну-үлкен мәселе. Жалпы педагогиканың әдістерінен әр пәннің өзіне тән әдістері шығады. Менің жүргізіп жүрген пәнім орыс мектебіндегі қазақ тілі орайында әңгіме болады. Тіл дамыту - ең негізгі жұмыстың бірі болып табылады.

Мақсаты:

Орыс тілді мектептердегі қазақ тілі сабағында оқушылардың сөйлеу тілін тиімді әдіс –тәсілдер арқылы дамыту жолдары.

Міндеттері:

Орыс тілді сыныптарда тіл дамыту жұмысының әдістемесі арқылы оқыту мәселесінің ғылыми-теориясын негізін айқындау;зерттеуде қолданылған әдістер нақтылығы мәліметтер мен әдебиеттерге бақылау және талдау, баяндау, сипаттау, оқушылардың тілді меңгеру дәрежесін бақылау, тексеру;Жүйелі және құрылымдық талдау әдісі орыс тілді сыныптардың оқушыларына ана тілімізді оқытып, үйретудің танымдық, амалдық табиғатын зерттеу.

Негізгі бөлім

Тіл дамыту-қазіргі мектептің оқу-тәрбие ісіндегі басты проблема-тіл мен сөйлеу процесін жіктей оқыту, оқушының дұрыс сөйлей білуіне көңіл бөлу. Сондықтан, мұғалім қазақ тілі сабақтарында тіл дамытуға, байланыстырып сөйлеуге айрықша көңіл бөледі, тілдік материалдарды дұрыс бере білу, тілдің теориясы мен сөйлеу практикасының бір-бірімен қарым-қатынасы түрлі жаттығу жұмыстары арқылы іске асырылады.

Тілді дамыту дегеніміз – оқушының сөздік қорын дамыту, ойлаған ойын өз еркінше басқа адамға жеткізе алу, оның сөзін түсіне білу, қысқаша айтқанда еркін сөйлей білуге үйрену. Осыдан келіп тіл дамыту жұмысының кең аялы екенін көреміз.

Адам әрқашанда өз ойын ауызша және жазбаша жеткізеді, сол себептен бұл ұғымдар өзара байланысты. Ауызша жеткізу дегеніміз – сөйлеу. Сөйлеу – тілдің көмегімен қарым-қатынас жасау. Әр адам сөйлеу арқылы екінші адамға өз ойын жеткізе алады.

Сөйлеу әрекетінің өз сипатамалары бар. Солардың бірі – сөйлеудің мазмұнды да мәнерлі болып келуі. Егер сөйлейтін сөзде мазмұн болмаса ол сөз мәнін жоғалтуы мүмкін. Ал сөзді мәнерлеп айту – әрбір сөйлемге әсерлі үн, саз береді. Аталарымыз айтқандай, бір ауыз сөзбен адамды дертінен жазуға немесе өлтіруге болады. Демек, сөздің құдіреті өте күшті. Сабақтың пікірлесу кезеңінде оқушылар әрбір сөзді орынды қолданып, әр сөзге екпінді дұрыс қоя білуі керек. Сол жағдайда ғана олардың сөйлеу әрекеттері дұрыс қалыптаса түседі.

Әр мұғалім қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол оқушының күнделікті өмірдегі құбылысты жан-жақты түсіне білуіне жағдай жасайды.

Тіл дамыту жұмысы, негізінен, мынадай 4 бағытта жүргізіледі.

Біріншіден, мәдени, әдеби сөйлей білу нормаларына үйрету, яғни орфографиялық дағдыны меңгерте отырып, оқушыға мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.

Екіншіден, лексикалық жұмыстар жүргізу арқылы оқушының сөздік қорын байыту, тілдің лексика және фразеология бөлімдерінен кеңірек білім беру көзделеді.

Үшіншіден, жаңа сөздер үйрету

Төртіншіден, оқушының ойын жазбаша дұрыс, сауатты жаза, әрі сөйлей білуге үйрету мақсат етіледі.

Тіл үйренуде ең басты міндет – оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру. - Оқушылардың сөздік қорын дамытуға арналған әдіс –тәсілдер туралы мәлімет беру. - Әдіс – тәсілдер туралы теориялық ұғым беру. - Әдістерді тәжірибеде қолдана білуге үйрету. - Қазақша сөйлеу дағдысын дамыту - Жазбаша тілін дамытып, орфографиядан түсінік беру. - Сөздікті дамыту. - Сөйлеу тілінің граматикасын қалыптастыру. - Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету. - Диалогтік сөздің қалыптастыру. - Түсінгенін айта білу. - Көркем шығармамен таныстыру. - Сауатты жазуға дағдыландыру.

Қазақ тілі сабағындағы сөздік қорды дамыту жұмыстары мынадай әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асады. Ол-сұрақ-жауап, сөйлесу, әңгімелесу, әңгіме, түсінігін айтқызу, көрнекілік, аударма, кітап пен жұмыс, мәтінмен жұмыс әдістері. Әр сабақ сайын тақырыпқа сай көрнекі құралдар, түрлі суреттер, кестелер, видео касеталар, тақырыптар бойынша электронды оқулықтар мен сабақты көркемдеп отырса, оқушылардың сөздік қоры біршама толығады деп сенімдімін. Әдіссіз оқыту процесі жүзеге асу мүмкін емес.

Осы оқыту әдісі дегеніміз не? Соған тоқтала кеттейік.  Оқыту әдісі – дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі. Оқыту әдістері білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары мен және міндеттерімен анықталады. Оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістемесінің тиімді шығармашылықпен жүзеге асырылуына байланысты. Ол мұғалім мен оқушының бірігіп жұмыс атқаруы. Оның арқасында білім, іскерлік, дағдының қалыптасып, оқушының дүние танымдылығы мен қабілеттілігінің артуы. Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде оқушыларға қазақ тілінен үйретілетін сөздер біріншіден, белгілі бір тақырыптарға, екіншіден сөз таптарға қатысты болады, сол себептен қазақ тілі сабағы әрі тілдік, әрі әдебиеттік оқу материалдарын қамтиды. Кейбір грамматикалық түсініктемелер, жаттығу шарттары орыс тілінде берілетіндіктен, салыстырмалы грамматикаға байланысты мәліметтер де қамтылады. Қазақ тілі сабағындағы сөздік қорды дамыту жұмыстары мынадай әдіс – тәсілдер арқылы жүзеге асады. Ол – сұрақ- жауап, сөйлесу, әңгімелесу, әңгіме, түсінігін айтқызу, көрнекілік, аударма, кітаппен жұмыс, мәтінмен жұмыс әдістері. Әр сабақ сайын тақырыпқа сай көрнекі құралдар, түрлі суреттер , кестелер, видеокассеталар, тақырыптар бойынша электронды оқулықтар мен сабақты көркемдеп отырса оқушылардың сөздік қоры біршама толығады деп сенімдімін. Заман өзгерген сайын әдіс – тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып отыр. Әр түрлі жаңа технологияларды оқу процесінде қолдануда. Жаңа технологияны, әдіс - тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын көтереді. Мемлекттік тілдің қоғамдағы орнын көтеру үшін бүкіл жүйе болып жұмыс істеуіміз қажет. Бала енді тілі шығып, балабақшаға барып, қазақ сөздерімен танысуы тиіс. Мектеп қабырғасынан күнделікті өмірдегі, қолданыстағы тілді үйреніп шықса, жоғарғы оқу орындарын да мектеп бағдарламасын қайталамай, тілдік категорияны тереңірек оқытылса, болашақта орысша және қазақша тіл білетін маман даярлар едік. Қаншама жазсақ та, айтсақ та ісіміз оңға баспай тұр. Себебі оқушылар тек сабақта ғана қазақша сөйлеп, оны тәжірибеде қолданбайды одан гөрі ағылшын тілінде сөйлегенді ұнатады. Осындай күрделі де ауқымды мәсе...

Предпросмотр онлайн:

Скачать 32.89 Kb

Посмотрите также:

— Метод проектов - как педагогическое условие развития социальной ответственности у младшего школьника.
— Статья "Использование кейс-метода в начальной школе"
— "Развитие орфографической зоркости у младших школьников"
— Доклад на тему : " Здоровьесберегающие технологии на уроках в специально - коррекционных классах".
— Информационные технологии в начальной школе