Доклад "Орта мектепте үштілді оқытудың жайы және оқыту технологияларының тиімділігі"

  1. Материалы для учителя
  2. История

Автор материала: Базылбекова Салтанат Маралбековна

Содержимое документа:

“Орта мектепте үштілді оқытудың жайы және оқыту технологияларының тиімділігі”

1.2. Баяндаманың мақсаты мен міндеттері
Мақсаты:
Орта мектепте үш тілді оқытудың тиімділігін дәлелдеу.
Оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыруда оқыту технологиясын пайдаланудың маңыздылығы.
Міндеттері:
Орта мектепте үш тілді оқытудың негізін қалыптастыру, әр түрлі оқыту технологияларын қолдану арқылы оқушының бойына тілге деген қызығушылығын, оны үйренуге деген құштарлығын арттыру.
Жеке тұлғаның болашақта заман талабына сай өмірге икемделуіне бағыттау және оның басқа елдің тілін, мәдениетін танып білуіне ықпал ету, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойлау дағдыларын қалыптастыру.
1.3. Күтілетін нәтижелер:
Орта мектепте үш тілді оқытудың тиімділігі сол, оқыту тек тілдік білім жүйесін (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық) оқытумен шектелмейді, ең бастысы ағылшын тіліндегі сөз әрекетін қарым-қатынас құралы ретінде меңгертіп, нәтижесінде көптілдік және көптүрлі мәдениетті түсінетін тұлғаны қалыптастырады. Дыбыстарды және сөздерді дұрыс дыбыстай алады. Сәлемдесуге, қоштасуға, ризашылық білдіруге, кешірім сұрауға қажетті сөйлеу үлгілерін пайдалана алады. Өзі туралы, отбасы, достары туралы айта алады.
«Орта мектепте үштілді оқытудың
жайы және оқыту технологияларының
тиімділігі»
“Бойында білімің бар екен, 
одан басқаларға өз шырақтарын 
жағып алардай жағдай туғыз”
Биллер
Қазіргі біздің республикамыздың басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта елімізге үш тілді меңгерген, өз білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адам қажет. Егеменді еліміздің білім беру жүйесінде үш тілді оқыту технологиясының әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып терең білімді, ізденімпаз, шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән беріледі және олардың есте сақтау қабілетін жетілдіре отырып еркін сөйлеуге, өз ойын айту дәрежесіне жеткізу. Орта мектепте үш тілде яғни, ағылшын, орыс, қазақ тілінде оқытуда оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы терең білім берілуде.
Қазіргі таңда әлемдік оқу үрдісінің өзегі-жаңа технологиялар екені мәлім. Әрбір оқыту технологиялары өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетін, қабылдау деңгейіне қарай ерекшеленіп қолданылады. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, өздік қолтаңбасы, әдістемелік ізденіс, қолданған әдіс-тәсілдер арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен орын алады. Бастауыш сынып оқушыларының дамуына, қабілетінің артуына жаңа технологиялар білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт. Сондықтан әрбір әдіс-тәсілдің ұстаздар үшін маңызы зор. Ағылшын тілінде оқытуда оқушылардың қызығушылығын ояту басты мәселе. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:
Сабақта кең көлемде көрнекіліктер пайдалану;
Сабақты түрлендіріп өткізу;
Өздері жасаған суреттер, сызбаларды пайдалану;
Техникалық құралдарды тиімді пайдалану;
Сабаққа қатысты бейне таспа, фильмдер көрсету;
Әр түрлі өлең, ойын түрлерін ерекшеліктеріне қарай пайдалану;
Білім – теңіз, оның тереңіне жетік білетін, сырын меңгерген, құпиясын ашатындар ғана бойлай алмақ. Ондай адамдардарды дайындайтын мұғалім. Ал, мұғалім білімді оқушы санасына сабақ арқылы жеткізеді. Ол мұғалімнің бір-біріне ұқсамайтын жан-жақты өткізген сабақтары. Сол сабақтарда қолданылатын жаңа оқыту технологиясының тиімділігі оқушыларға терең білім беруде болып табылады. Қазіргі кезде жалпыға танылған оқыту технологияларының тиімді түрлері:
Сыни тұрғысынан ойлау
Ақпараттық оқыту
Модульдік оқыту
Деңгейлеп оқыту
Ойын технологиясы
2.2. Әрбір оқыту технологиясының тиімділігіне тоқталатын болсақ, сыни тұрғысынан ойлау технологиясы қазіргі сабақ жоспарларын құрғанда баланың сабаққа психологиялық дайындығын арттыруда кеңінен қолданылады.
пен жұмыс
Өздігінен жұмыс істеуге жаттығады
Тілге деген қызығушылығы артады
Топпен жұмыс
Ребус, сөзжұмбақ шешу, әр түрлі ойындар ойнау
Өздері , достары туралы жаздыру
Ауызекі диалогтар жазу
Мәтіндерден ережелерге мысал болатын сөйлемдер теру
Ойлау қабілеті артып, білімін нақтылайды
Қазіргі заманда ағылшын тілі XXI ғасырдың, халықаралық бизнес, қазіргі ғылым мен технологиялар тілі мәртебесіне ие болды.Ағылшын тілі-бүгінгі заманымыздың кілті, ақпараттық тенологияның, компьютер технологиясының кілті деуге болады.Үш тілді оқытудың ерекшелігі – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан – жақты дамыту, жас ерекшелігіне сай ақпараттық сауаттылығын жетілдіру.Орта мектепте ерте жастан оқушыларды ақпараттық қоғамға бейімдеу, ақпараттық ойлау қабілетін дамыту, әлемдік ақпараттық білім кеңістігіне даярлайды.

Кейінгі кезде кең тараған әдістің бірі бейне жазба арқылы қысқаша үзінділер беріледі. Жаңа сөздердің аудармасы беріледі, соңынан тақырыпқа байланысты жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Бейнекөрініс бойынша қысқаша түсінгенін айтады. Бейнекөрініспен жұмыс істеу оқушының есту мүмкіндігін жетілідріп қана қоймай, көзбен байқау қабілеті де дамиды. Бейне материал арқылы сөйлеуге дағдыланады,сабақтағы белсендігі артады. Осы тұрғыдан қарағанда «Интерактивтік әдіс» маңызды орын алады. Бұл әдіспен оқытудың басты мақсаты: өз бетінше ойын айтып, жауап табуға үйрету. Компьютерді пайдалану арқылы электрондық оқулықтарды қолдана отырып тест жүргізу тиімді әдістердің біріне айналды.
Бүгінгі таңда мультимедия технологиясы барынша танымал болуда . Қазіргі оқушы-қабілеті жоғары, дарынды, ізденімпаз, талапты, өз алдына мақсат қоя білетін жеке тұлға. Мұғалім өзінің шеберлігіне қарай жаңа оқыту технологияларын үйлестіре білу керек. Әрбір жаңа технологияларды бір-бірімен ұштастыра үйлестіру арқылы сапалы білім деңгейіне көтерілуге, жетістікке жете алады.
Қазіргі таңда кеңінен қолданылып жүрген жаңа оқыту технологияларының бірі-модульдік технология.
Білім сапасын арттыруға мүмкіндік туғызады;
Топтағы дарынды оқушыны табуға көмектеседі;
Барлығы тапсырманы бір деңгейден орындайды;
Өз бетімен логикалық орындау құрастыру;
Ойын салыстыру, қорытындылау, жинақтау дағдысын қалыптастырады;
Ешбір оқушы бос отырмайды;
«Оздыра оқыту» технологиясының бір сипаты – оқушы қабілетінің деңгейін саралап оқыту. Бұл үшін алдын-ала дайындалған деңгейлік тапсырмалар беруге болады.
Деңгейлеп оқыту технологиясының тиімділігі
тапсырма әр оқушының қабілетіне, мүмкіндігіне 
қарай беріледі;
Мықтылар өздерінің қабілетін, икем дағдысын бекітеді;
оқыту әр түрлі топ ерекшелігіне сәйкес бейімдейді;
Әлсіздер өзіне деген сенімсіздіктерінен арылып, күшті топтарда оқуға деген ынтасы артады. 
Ағылшын тілі сабағында білім сапасын арттыру мақсатында ойын технологиясын пайдалана отырып, оқушы құзыреттілігі дамиды.
Оқушы белсенділігі артады;
Басқа тілді үйренуге ынтасы артады;
Көңіл-күйін сергітеді;
Сабақта алған білімін жинақтайды;
Саналы түрде ойлауға үйретеді;
Сұрақтарға жауап бере алады;
Оқытудың жаңа технологиясы сабақ процесінде мынадай нәтижеге қол жеткізеді:
Жүйелі тапсырма беруге ұмтылады;
Оқушыны басқа жақтарынан таниды;
Өзін жетекші бағыттаушы ретінде таниды;
Оқушының жұмысын бағалайды.
Қабілеті төмен балаларға көмектесіп және қабілеті жоғары балаларға көп көңіл бөлуге мүмкіндік туады;
Қорыта келе, XXI ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Орта мектепте үш тілді оқытудың тиімділігі оқушылардың пәнге деген қызығушылығымен бірге сабаққа түгел атсалысатындығы, бәсекеге қабілеттілігі, бір-бірінен қалғысы келмей , емін-еркін сөздерді қайта-қайта айтуда, бір-бірімен ықпалдарының әсер етуі жақсы нәтижеге жетелейді. Орта мектепте бастауыш сынып оқушыларының ағылшын тілін, орыс тілін үйренуде тап болатын қиыншылықтары:
Өзге тіл және сабақтан басқа сөйлейтін ортаның жоқтығы, үйренгенін тез ұмытады;
Мектепке оқулықтардың уақытында келмеуі;
Сынып оқушыларының топқа бөлінбеуі;
Кейбір оқушылардың тіл сындыру жаттығуларында тілдерінің келмеуі
Мұғалім тарапынан бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс жасауда педагогика-психологиялық ерекшеліктерімен санаспай кетудегі асығыстықтың болуы;
Жаңа технологияларды енгізуге байланысты, материалдық техникалық базаның талапқа сай келмеуі;
Осы қиыншылықтарды жеңе отырып, оқушының жан-жақты терең сапалы білім алуына бар мүмкіншілігімізді салсақ, үлкен жетістіктерге жетуімізге болады. Бүгінгі таңда білім берудің озық технологияларын меңгермейінше, сауатты әрі жан-жақты болу мүмкін емес. Ол үшін оқыту мен білім берудегі жаңалықтарды жылдам қабылдап, оларды практикада қолдануда үлкен белсенділік таныту – әрбір мұғалімнің міндеті.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының мектептік білім беру саласында ағылшын тілін оқып үйренуге деген ықылас арта түсуде. Осыған байланысты қазіргі қоғам ағылшын тілін меңгеру дәрежесіне күннен-күнге көтеріңкі талаптар қоюда. Үш тілді меңгеру мемлекетіміздің білім беру саласындағы бірегей бағыттарының бірі. Соның ішінде орта мектептепте бастауыш сыныптан ағылшын тілін меңгерту кең қолданысқа айналып келеді және әр түрлі бағытта оқыту кең етек алып келеді.
Сондай-ақ, қазіргі таңда өзара байланысы мен өзара тәуелділігі басым әлемде болашақта жас ұрпақты дамытудың бірден бір жолы көптілділік болып табылады. Оқушының жан-жақты білім алуына бағыт-бағдар беруші мұғалім мәдениеттілік, шығармашылық, инновациялық тұрғыдан ойлай алатын және бірнеше тілді білетін маман болуы шарт. Қазіргі таңда үш тілде оқыту– мектептегі оқу пәндерін екі немесе одан да көп тілде оқыту, жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін ең басты қажеттілік. Көптілді білім беру – көптілді тұлғаны қалыптастырудың негізі. Елімізде үздіксіз жүргізілетін маңызды істердің бірі – ол тіл саясатын жүзеге асыру, тілді меңгеруге деген қызығушылықты ынталандыру, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу, үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін – жетік меңгерген қабілетті жас ұрпақтың даму жайы мен болашағын анықтау және қолдау деп ойлаймын.



Предпросмотр онлайн:

Скачать 14.50 Kb

Посмотрите также:

— Доклад о важности и необходимости внедрения НИТ в процесс обучения в специальной (коррекционной) школе VIII вида
— Внеклассное мероприятие «Проверь себя»
— Практическая работа «Рисование в текстовом редакторе Word»
— Самореалізація творчих здібностей учнів з вадами розвитку в процесі використання ІКТ
— Игра Брейн-ринг по информатике