Ертегілерден тест тапсырмалары (5 класс)

Предмет: Другое
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Сабақ жоспары

 

Сабақтың тақырыбы: Ертегілерден тест тапсырмалары

Сабақтың мақсаты:а) білімділік: Ертегіні қаншалықты меңгергенін байқау. Халық ауыз әдебиетіне қорытынды жасау

ә) тәрбиелік. Қазақ ауыз әдебиетін қадірлеуге тәрбиелеу.Оқушы бойына ерлік, батылдық қасиеттерді дәріптеу.
б) дамытушылық: Ойлау қабілеттерін жетілдіру
Сабақтың түрі: қайталау.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, оқу - құралдарын сабаққа әзірлеу.

Сұрақтар арқылы біраз қайталау

 

ІІ 1-тоқсан  тест тапсырмаларын тарату

 

8. Саққұлақ, Желаяқ, Көлтауысар қай ертегінің кейіпкерлері?
a) «Ер Төстік»
в) «Аяз би»
c) «Алтын сақа»
д) «Толағай»
e) «Сырттандар»

9. «Аяз би» ертегісіндегі басты кейіпкер кім?
a) Зәрлі хан
в) Ақша хан
c) Мадан 
д) Жаман
e) Шалқұйрық

10. Жаманға «Аяз би» деген атты кім қойды?
a) Анасы
в) Әкесі
c) Уәли бай
д) Бес ханның елі
e) Нағашысы

11. «Ер Төстік» ертегісіндегі Төстіктің әкесінің атын табыңыз.
a) Тоқсанбай
в) Ерназар
c) Қарабай
д) Байсары
e) Байбөрі

12. Кенжекей қай ертегінің кейіпкері?
a) «Ұшқыш кілем»
в) «Кер құла атты Кендебай»
c) «Алтын сақа»
д) «Аяз би»
e) «Ер Төстік»

13. «Әй, Аяз би, баймын деп аспа, ханмын деп таспа!» деген сөздің иесі кім?
a) Ақша хан
в) Қазанғап
c) Кендебай
д) Ер Төстік
e) Аяз би

14. «Аяз би» ертегісі ертегінің қай түріне жатады?
a) Қиял – ғажайып ертегісі
в) Шыншыл ертегілер
c) Хайуанаттар туралы ертегілер
д) Әдеби ертегі
e) Шешендік сөз

15. Кендебайдың әкесінің аты?
a) Қарабай
в) Ерназар
c) Қазанғап
д) Мергенбай
e) Сарыбай

16. «Қырық өтірік» ертегісінің басты кейіпкері кім?
a) Тазша бала
в) Кендебай
c) Төстік
д) Аяз би
e) Қазанғап

17. Белгілі бір адамның атына, іс-әрекетіне байланысты туған, шындық оқиға мен қиял-ғажайып оқиға аралас келіп отыратын шығарма.
a) Ертегі
в) Аңыз әңгімелер
c) Мақал-мәтелдер
д) Жұмбақтар
e) Жаңылтпаштар

18. «Аяз би» ертегісінде ханның неше уәзірі болды?

а)18                 в) 40                с)25                 д)41                 е) 23

 

19. Жаманның жасы нешеде ?

а)22                 в) 55                с)66                 д)50                 е) 37

 

20.Жаман ханның тұлпарының немен шатысы бар екенін айтты?

а)қой шатыс

в) ешкі шатыс

с) ит шатыс     

д)мысық шатыс

е)сиыр шатыс

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 18.62 Kb
Количество скачиваний: 61
Просмотров: 326

Похожие материалы