Ертеңгілік "Берекелі,мерекелі Алтын күз!"

  1. Материалы для учителя
  2. Доп. образование

Автор материала: Утепова Айдана Бауыржанқызы

Содержимое документа:

Тақырыбы: «Берекелі,мерекелі Алтын күз!»

Мақсаты:

Білімділігі:балалардың күз мезгілі туралыалған білімдерін кеңейту,жыл мезгілдерінің ерекшеліктерімен таныстыру.

Дамытушылығы:күз мезгілінің берекелі екенін айтып,түсінік беру,ойындар арқылы ой-қиялдарын дамыту.

Тәрбиелілігі:табиғатты аялауға,қоршаған ортаны сүюге,әсемдікті көре білуге,сезінуге тәрбиелеу.

Білім салаларымен байланыстылығы:

Әдісі:ойын,ән-би,тақпақтар.

Білім салаларымен байланыстылығы: Комуникация,Шығармашылық,Денсаулық,Әлеумет,Таным

Ойын түрлері: «Қолшатыр», «Жаңбырда қалған саңырауқұлақтар».

Көрнекілігі:безендірілген зал,мерекелік костюмдер,көрме.

Кейіпкерлер: Алтын күз,Ханзада,Ханшайым,Қарақшы.

Жүру барасы:Балалар әдемі әуенмен залға кіреді.Фанфары ойналып Ханзадамен Ханшайым ортаға шығады.

Ханшайым:

Малика: Ақтарады мырза күз,уылжыған жемісті

Күзге бізде ризамыз,аянбаған ел үшін

Көбейді құт береке,астық толы қамбамыз,

Құтты болсын мереке,Алтын күзді тойлаймыз.

Ханзада:

Айсұлтан:Чудно!Чудно!Балл открыт

Блеском весь дворец горит

Музыканты вы на месте?

Тогда песню хором,вместе

Начинайте распевать

Приглашаю всех вставать!

Тәрбиеші:Жарайсыңдар!Молодцы ребята!Құрметті әріптестер!Ата-аналар!Қонақтар!Бүгінгі «Күншуақ» тобы тәрбиеленушілерінің ұйымдасырып отырған «Берекелі,мерекелі Алтын күз» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

Әсем әуен салдырған

Сәбилер де алғыр жан!

Бал дәуреннің қызығын

Есте қалар балдырған,-дей келе балалардың орындауында әдемі күз мезгіліне арналған әнді қабыл алыңыздар.

Хор: «Берекелі,мерекелі Алтын күз».

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, керемет!

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Ал,балалар күз мезгілі неше түрге бөлінеді?

Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Күз мезгілінде неше ай бар?

Ендеше қыркуйек,қазан,қараша айлары бізбен бірге.Қарсы алайық!

Қыркуйек:Бір-біріне жер аспан,

(Нұржазира) Мейіріммен қарасқан

Ұстаз-шәкірт жүздескен,

Қош келіпсіз күз дескен

Қазан:Қазан айы болыпты,қамбаға астық толыпты

(Аделина) Сары даланы сәндетіп,думандатып әндетіп

Жаңбырлы ғажап айы,бұл мен қазан айы.

Қараша:Мол байлық тергені,шаттығы қаншалық

(Сабина) Қараша өрледі,қараша ән салып

Күн суытып барады,малдар қолға қарады

Қараша ауыл даламыз,қысқа дайын боламыз.

Тәрбиеші:Жарайсыңдар!Қош келдіңдер күз айлары.Төрлетіп бізбен бірге қонақ болыңдар!

Ханзада:Что за время года

Дождик моросит

Это просто осень

В детский сад спешит!

Осень в гости позовем

Песню про нее споем.

Хор: «Осень золотая!»

Ханшайым: Алтын күз бізге келер емес,әлі жоқ.Мүмкін адасқан шығар,мен күтіп алып ортамызға әкелейін,-деп ханшайым шығып кетеді.

Тәрбиеші: Мерекемізді жалғастыра берейік,Алтын күз бен ханшайым оралғанша ортада қызықты ойын ойнайық.

Ойын: «Қолшатыр».

Мақсаты:балаларды шапшаңдыққа,тапқырлыққа,ойлау қабілетін дамытуға тәрбиелеу.

Шарты:балаларды шеңбер бойымен тұрғызып,қолшатырды әуен ырғағымен бір-біріне жалғастырады.Әуен тоқтаған кезде қолшатыр кімнің қолында қалады,сол бала мақал-мәтел айтуы тиіс.

Тәрбиеші: Балалар тыңдайықшы,бір дыбыс естілетін сияқты.Қанекей мұқият тыңдайықшы.(Аудио записьпен ханшайым: Құтқарыңдар!Құтқарыңдар! Мені қарақшылар қамауға қамап қойды,мына жер өте қорқынышты әрі қараңғы,құтқарыңдар.!!!!)

Осы дыбыстан кейін ортаға әуенмен Қарақшы кіреді.

Қарақшы: Не шу,не мереке, сендер Алтын күз бен ханшайымды күтіп отырсыңдар ма?Олар келмиді?Себебі мен Алтын күзді орманнан адастырып жібердім,ал әдемі ханшайымдарыңды қамалға бірнеше қақпадан тұратын зынданға қамадым.ха-ха-ха

Мереке мүлде өтпейді ха-ха-ха.

Жүргізуші: Неге сондай қатыгез болдыңыз?Қарақшы бізде қандай да болса мүмкіндік бар шығар,қарашы балалар әдемі киініп,күзгі баллға дайындалдығой,ән де тақпақта керек десеңіз би де бар.

Қарақшы:Ән би дисіз бе?,-деп ойланып былай да былай жүреді.

Иәә, балалар сендерде мүмкіндік бар.Бірақ менің тапсырмаларымды орындауға дайынсыңдар ма?Әр тапсырма орындалған сайын қамаудың қақпалары ашылатын болады.Солай сендер өз ханшайымдарыңды ортаға әкеле аласыңдар.

Ал,ендеше менің тапсырмам мұқият тыңдаңдар:ойланып жүреді де,ооо таптым маған күз туралы өлең жолдарын айтып беріңдер!

Тәрбиеші:Әрине,қарақшы бізде өлең жолдарымыз әзір.Қәне балалар шыға қойыңыздар.

Сафиолла: Қуаныштың ағайын

Қоңырауын қорғайын

Қуандырып біздерді

Өлкемізге күз келді

Нұралы:Жемісі мол теретін

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген.

Мәди:Берекелі,мерекелі

Келеді жомарт Алтын күз!

Қалада да,далада да,

Жанның бәрі жарқын күз!

Қарақшы:М-м-м...Менің ішім пысты,көңілімді көтеретін бір би болсағой!

ІІ-тапсырма:

Би: «Көңілді рок-н-ролл»

Тәрбиеші:Қарақшы көрдің бе?біздің балалар сенің тапсырмаңнан мүдірмей өтетініне мол сенемін,сен тапсырмаңды жалғастыра бер,ал мен адасқан Алтын күзге жол көрсетіп осы жерге алып келемін.Ал,кішкентайларым қарақшының әрмен қарай беретін тапсырмасына мұқият жауап беріңдер,мен сендерге сенемін.-деп тәрбиеші шығып кетеді.

Қарақшы:Я,тәрбиеші апай барыңыз,барыңыз бәрібір таба алмайсыз.Мен келесі тапсырмама көшейін.

ІІІ-тапсырма:Ал,балалар мен сендерге жұмбақ жасырам сендер шешімін табыңдар?

Үлкендігі алмадай

Сырты жанған қызыл от,

Ішін жарып қарасаң,

Майда,майда қызыл шоқ.

Анар

Үстіне тігіп көк шатыр,

Астында қызыл дәу жатыр.

Қызылша

Әрі қызыл әрі тәтті

Татқан жанды таңырқатты

Алма

Жаздай інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні,

Құйрығына суырып

Әкелді әжем бір күні.

Сәбіз

Аласа ғана бойы бар,

Қабат-қабат тоны бар.

Капуста

ІІІ-тапсырмадан кейін,адасқан Алтын күз келеді.

Алтын күз:Қарақшы мені адастырып,мына балалардың көңілді мерекенің сәнін бұзғың келді ме? Мұның жарамас.Ой қойшы семен салғыласпай мына қонақтарға амандасайын.Сәлеметсіздер ме?Қонақтар,ата-аналар,және балалар!

Құтты болсын тойымыз

Сәтті болсын ойымыз

Бүгін мерекемізде

Той тойлайық бәріміз!

Я осень золотая!

Привет, мой друзья!

Хочу повеселится сегодня

Сегодня с вами я!

Қарақшы:Балалардың өнерін,талаптарын көріп,өзімде ұялып тұрмын.Мына кішкентай бөбектер менің тапсырмаларымнан мүдірмей өтті.Ендігі тапсырмамды қиындатпай Алтын күзге 3 тілде өлең жолдарын арнаса деймін.

Мөлдір:Жаздай күткен бәріміз,сары алтын,сары күз,

Алтын ұя бақшада,сабақ бастар шағымыз,

Көк аспаның мөлдіреп,алтын күнім елжіреп,

Асыр салып жүре бер,сары көйлегің желбіреп.

Мансур:Сарғайды тоғай,сап-сары маңай,

Соңғы әнін айтып,құс кетті қайтып

Жапырақ ұшты,суық та түсті

Сонда да бізге,қызық көп күзде.

Мейірәлі:Листик клена на дорожку

Потихоньку упадет

Это осень золотая

По дорожке к нам идет!

Соберем букет осенний

Как он ярок и хорощ!

И на солнце золотое

Он немножечко похож!

Айбар:Прощаемся Осень С тобою

Совсем уже рядом зима

Спасибо тебе за подарки

За все,что ты осень дала!

Алихан С:Fall is fun Фол ис фан

I like to run Ай лайк ту ран

I see the sun Айсизэсан

Fall is fun Фол ис фан

Алихан Р:Down, down Даун,даун

Yellow and brounЕллоу анд браун

The leaves are falling Зэ ливс а фомиң

Over the town Оувэ зэ таун

Жандарбек:The leaves are falling Зэ ливс а фомиң

One by one Уан бай уан

Summer’ over Самэрс оувэ

School’s begun Скулс биган

Қарақшы:Балалар жарайсыңдар! Міне барлық тапсырмаларымнан мүдірмей өтіп,мені таң қалдырдыңдар,Қалайша ханшайымды босатпаймын,-деп ханшайымды босатып,артаға алып келеді:

Ханшайым:Рахмет достарым!Сендердің арқаларыңда қараңғы қамалдан шықтым.

Қарақшы:Мен сендердің алдарыңда айыптымын, айыбымды қалай өтесем екен,-деп сандалып жүріп,о-о-о таптым,мен сендерге ән айтып берейін: «Алтын күз-Алтын күз хм-хм-хм ой тамағым-ай!

Алтын күз: Қарақшы сен әнді қоя тұр,әнді мына балалар сенен де әдемі орындайды,сен оданда мына отырған ата-аналармен бір қызықты ойын ұйымдастырсаңшы.

Ойын: «Жаңбырда қалған саңырауқұлақтар».

Мақсаты:ата-ана мен бала арасындағы махаббатты күшейту,отбасы бірлігін,ынтымағын нығайту. Ата-аналарға мерекені сезіндіріп,жақсы көңіл күй сыйлау.

Шарты:ата-анамен баласы бір-бір су етік киіп,анасы қолшатырды ұстап,жаңбырда қалған саңырауқұлақтарды бір-бірлеп тасып,себетке жинайды.Қай топ қанша саңырауқұлақжинағаны саналады.Көп жинаған топ әрине жеңімпаз болады.

Қарақшы: Балалар сендер өте ақылды екенсіңдер,жарадыңдар,мен кетейін,ендігіде мұндай жаман қылықтар мүлде жасамаймын,уәде беремін,мерекені жақсы өткізіңіздер!Сау болыңыздар!

Ханзада: Ханшайым ортамызда,Олай болса мен ханшайымды вальске шақырамын,-деп тізерлеп отырып ханшайымды биге шақырады.

Алтын күз: Ендеше,не тұрыс кішкентай ханзадамен ханшайымдар ортаға биге.

Би: «Күзгі вальс».

Алтын күз: Рахмет балалар!Мен өте риза болп отырмын,қандай өнерлі балаларсыңдар,жарайсыңдар !

Ханзада мен Ханшайым:Мерекеміз өтіп жатыр тамаша!

Би биледік міне біздер жараса!

Кешімізді аяқтайық балалар,

Әсем әнді кел шырқайық таласа!

Хор: «Алтын күз».

Флзшмоб.

«ОРДА Султан» ЖШС «Алтын сақа» балабақшасы

«Берекелі,мерекелі Алтын күз!».

«Күншуақ» тобы


Тәрбиеші: Утепова А.Б.



Атырау 2017-2018 оқу жылы

Берекелі,мерекелі Алтын күз!

Балалар көңілді би билеуде

Предпросмотр онлайн:

Скачать 1.56 Mb

Посмотрите также:

— Баланың өмірі мен тәрбиесін жоспарлау циклограммасы.
— Перспективное планирование по физической культуре
— Рабочая программа 2 младшая группа
— Планирование в дошкольном учреждении в соответствии с ФГОС ДО.
— Проект рабочей программы с учётом Федерального государственного образовательного стандарта дошкольного образования (вторая младшая группа, 3-4 года).