Физика пәні бойынша "9-сыныпқа арналған қмж"

  1. Материалы для учителя
  2. Физкультура

Автор материала: Кусаинова Лаура Токановна

Содержимое документа:

1. Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Қозғалыстың түрлерін ,санақ жүйесін үйрету, негізгі ұғымдармен таныстырып ,түсінік қалыптастыру.

2.Оқушылардың өз бетімен білім алуын, ізденуін, шығармашылық қабілетін дамыта отырып, еркін сөйлеп, өзіндік пікір айтуға дағдыландыру

3.Саналы ойлайтын, қоғамдық көзқарасы қалыптасқан теориялық білімін практикамен еркін ұштастыра отырып, ұйымшылдықпен жұмыс жасай алатын азамат тәрбиелеу.

Оқыту нәтижесі

-механикалық қозғалыстың физикалық мағынасымен танысады;

- қозғалыс – материяның ажырамас қасиеті екенін түсінеді;

- материалдық нүктенің мағынасын ұғынады;

- санақ жүйесі түсінігімен танысады;

- салыстырмалы механикалық қозғалыстың физикалық мағынасын ашады;

-өз бетінше жұмыс жасайды;

Негізгі идеялар

-механикалық қозғалыстың физикалық мағынасы;

- қозғалыс – материяның ажырамас қасиеті ;

- материалдық нүктенің мағынасы;

- санақ жүйесі;

- салыстырмалы механикалық қозғалыстың ;

-өз бетінше жұмыс жасайды;

Тапсырмалар

жұппен жұмыс

1- тапсырма

Механикалық қозғалысқа мысал келтіріп, қасиеті,түрлерін анықтаңдар

2- тапсырма

Материя, материалдық нүкте терминінің мағынасын ашып, мысал келтіріңдер

3- тапсырма

Санақ жүйесі- механикалық қозғалысты математикалық сипаттау үшін қолданылатынын дәлелдеңдер.

4- тапсырма

Салыстырмалы механикалық қозғалысқа мысал келтіріңдер

Модульдер

1.АКТ

2.Сыни тұрғысынан ойлау

3.Білім беруді және оқуды бағалау

4.Жаңа тәсілдер-диалог, әңгімелесу

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушылардың жұптарға бөлінуін ұйымдастырады.

Тек бағыт-бағдар береді.

Жаңа тәсілдер-диалог пен әңгімелесудің маңыздылығын оқушыларға ұғындырады

Оқушылардың іс-әрекеті:

Өз жұбымен оқулық бойынша 1 тапсырма бойынша механикалық қозғалысқа мысал келтіріп, қасиетін,түрлерін анықтайды.

Түсінбегенін оқытушыдан сұрайды.

Әңгімелесу барысында біріне-бірі тапсырмаларды түсіндіреді.

2 тапсырма бойынша материя, материалдық нүкте терминінің мағынасын ашып, мысал келтіреді.

3- тапсырмада Санақ жүйесі- механикалық қозғалысты математикалық сипаттау үшін қолданылатынын дәлелдейді.

4- тапсырмада Салыстырмалы механикалық қозғалысқа мысал келтіреді, мағынасын ұғынады



Бағалау критерилері:

-Механикалық қозғалыстың

физикалық мағынасын түсінді ме?

- Санақ жүйесі- механикалық қозғалысты математикалық сипаттау үшін қолданылатынын ұғынды ма?

- Салыстырмалы механикалық қозғалысқа мысал келтіре ала ма?

- теорияны практикамен ұштастыра ала ма?

-өз бетінше жұмыс жасай ала ма?

Келесі тапсырма

Векторлар және оларға амалдар қолдану тақырыбын оқып келу,қосымша материалдар дайындау

§1,2,3 оқу









































































































1.Векторларды пайдалануды үйрету, негізгі ұғымдармен таныстырып солар жайлы түсінік қалыптастыру.

2.Оқушылардың өз бетімен білім алуын, ізденуін, шығармашылық қабілетін дамыта отырып, еркін сөйлеп, өзіндік пікір айтуға дағдыландыру

3.Саналы ойлайтын, қоғамдық көзқарасы қалыптасқан теориялық білімін практикамен еркін ұштастыра отырып, ұйымшылдықпен жұмыс жасай алатын азамат тәрбиелеу.

Оқыту нәтижесі

-векторлар және олардың түрлерімен танысады;

-векторлардың физикалық мағынасын ашады;

-векторларды қосуды үйренеді;

-векторларды азайтуды үйренеді;

-векторларды көбейтуді,бөлуді үйренеді;

-векторлардың проекциясын түсіруді біледі;

-өз бетінше жұмыс жасайды;

Негізгі идеялар

-векторлар және олардың түрлері;

-векторлардың физикалық мағынасы;

-векторларды қосу;

-векторларды азайту;

-векторларды көбейту,бөлу;

-векторлардың проекциясын түсіру;

-өз бетінше жұмыс

Тапсырмалар

жұппен жұмыс

1- тапсырма

Векторлық шамаларға мысал келтіріңдер.Олардың белгіленуі, айырмашылығы.

2- тапсырма

Векторларға амалдар қолдану: қосу азайту, көбейту,бөлу амалдарын орындаңдар

3- тапсырма

Векторлардың проекцияларын координата осьтеріне түсіру жолдарын көрсетіңдер

4- тапсырма

Прокцияларға амалдар қолдану түрлерін көрсетіңдер

Модульдер

1.АКТ

2.Сыни тұрғысынан ойлау

3.Білім беруді және оқуды бағалау

4.Жаңа тәсілдер-диалог, әңгімелесу

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушылардың жұптарға бөлінуін ұйымдастырады.

Тек бағыт-бағдар береді.

Жаңа тәсілдер-диалог пен әңгімелесудің маңыздылығын оқушыларға ұғындырады

Оқушылардың іс-әрекеті:

Өз жұбымен оқулық бойынша 1 тапсырма бойынша Векторлық шамаларға мысал келтіреді.Олардың белгіленуін, айырмашылығын анықтайды

Түсінбегенін оқытушыдан сұрайды.

Әңгімелесу барысында біріне-бірі тапсырмаларды түсіндіреді.

2- тапсырма

Векторларға амалдар қолдану: қосу азайту, көбейту,бөлу амалдарын орындайды

3- тапсырма

Векторлардың проекцияларын координата осьтеріне түсіру жолдарын көрсетеді.

4- тапсырма

Прокцияларға амалдар қолдану түрлерін анықтайды


Бағалау критерилері:

-векторлық шамалардың белгіленуін, айырмашылығын анықтай ала ма?

-векторларға амалдар қолдану: қосу азайту, көбейту,бөлу амалдарын орындай ала ма?

-векторлардың проекцияларын координата осьтеріне түсіруді біле ме?

-прокцияларға амалдар қолдана ала ма?

- теорияны практикамен ұштастыра ала ма?

-өз бетінше жұмыс жасай ала ма?

Келесі тапсырма

Түзусызықты теңайнымалы қозғалыс. Үдеу тақырыбын оқып келу,қосымша материалдар дайындау

§1,2,3 оқу







































































1.Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Теңүдемелі қозғалыс,үдеу туралы игерген білімдерін пайдалана алу біліктерін қалыптастыру

2.Оқушылардың өз бетімен білім алуын, ізденуін, шығармашылық қабілетін дамыта отырып, еркін сөйлеп, өзіндік пікір айтуға дағдыландыру

3.Саналы ойлайтын, қоғамдық көзқарасы қалыптасқан теориялық білімін практикамен еркін ұштастыра отырып, ұйымшылдықпен жұмыс жасай алатын азамат тәрбиелеу.

Оқыту нәтижесі

- түзусызықты теңүдемелі қозғалыстың анықтамасымен танысады;

-физикалық шама үдеудің белгіленуін үйренеді;

-оның формуласымен танысады;

- өлшем бірлігін біледі;

-үдеудің векторлық шама екенін біледі;

-өз бетінше есептер шығарады;

Негізгі идеялар

- түзусызықты теңүдемелі қозғалыстың анықтамасы;

-физикалық шама үдеудің белгіленуі;

-оның формуласы;

- өлшем бірлігі;

-үдеу- векторлық шама ;

-өз бетінше есептер шығару;

Тапсырмалар

жұппен жұмыс

1- тапсырма

Физикалқ диктант

1. Механикалық қозғалыс

2.Траектория

3.Материялық нүкте

4.Жол

5.Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс

2- тапсырма

Түзусызықты теңүдемелі қозғалыстың физикалық мағынасын ашыңдар.

3- тапсырма

Үдеу- аса маңызды кинематикалық ұғымдардың бірі. Үдеуге сипаттама беріңдер (анықтамасы,белгіленуі,формуласы,өлшем бірлігі)

4- тапсырма

Есептер шығару

1. 10 м/с жылдамдықпен солтүстүкке қарай жүріп келе жатқан автокөлік теңүдемелі қозғала отырып, 5с ішінде жылдамдығын 25 м/с-қа дейін жеткізеді. Автокөлік қозғалысының осы 5с ішіндегі үдеуін анықтаңдар.

2. 25 м/с жылдамдықпен батысқа қарай жүріп келе жатқан автокөлік теңбаяу қозғала отырып, 10с ішінде жылдамдығын 5 м/с-қа дейіназайтады. Автокөлік қозғалысының осы 10с ішіндегі үдеуін анықтаңдар.

Модульдер

1.АКТ

2.Сыни тұрғысынан ойлау

3.Білім беруді және оқуды бағалау

4.Жаңа тәсілдер-диалог, әңгімелесу

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушылардың жұптарға бөлінуін ұйымдастырады.

Тек бағыт-бағдар береді.

Жаңа тәсілдер-диалог пен әңгімелесудің маңыздылығын оқушыларға ұғындырады

Оқушылардың іс-әрекеті:

Өз жұбымен оқулық бойынша 1 тапсырма бойынша Физикалқ диктант

1. Механикалық қозғалыс

2.Траектория

3.Материялық нүкте

4.Жол

5.Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс деген сұрақтарға жауап жазады.

2- тапсырма бойынша

Түзусызықты теңүдемелі қозғалыстың физикалық мағынасын ашады.

3- тапсырмада

Үдеу- аса маңызды кинематикалық ұғымдардың бірі. Үдеуге сипаттама беріеді(анықтамасы,белгіленуі,формуласы,өлшем бірлігі)

4- тапсырмада есептер шығарады.

1. 10 м/с жылдамдықпен солтүстүкке қарай жүріп келе жатқан автокөлік теңүдемелі қозғала отырып, 5с ішінде жылдамдығын 25 м/с-қа дейін жеткізеді. Автокөлік қозғалысының осы 5с ішіндегі үдеуін анықтайды.

2. 25 м/с жылдамдықпен батысқа қарай жүріп келе жатқан автокөлік теңбаяу қозғала отырып, 10с ішінде жылдамдығын 5 м/с-қа дейіназайтады. Автокөлік қозғалысының осы 10с ішіндегі үдеуін анықтайды.

Бағалау критерилері:

- Түзусызықты теңүдемелі қозғалыстың физикалық

мағынасын түсінді ме?

-жылдамдықтың шапшаңдығын сипаттайтын физикалық шама-үдеу екенін ұғынды ма?

- теорияны практикамен ұштастыра ала ма?

-үдеудің формуласын қолданып есептер шығара ала ма?

-өз бетінше жұмыс жасай ала ма?

Келесі тапсырма

Үдеу.Түзусызықты теңүдемелі қозғалыс тақырыбын оқып келу,қосымша материалдар дайындау

§4,5 оқу































































1.Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Түзусызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және орын ауыстыру туралы негізгі ұғымдармен таныстырып солар жайлы түсінік қалыптастыру.2.Оқушылардың өз бетімен білім алуын, ізденуін, шығармашылық қабілетін дамыта отырып, еркін сөйлеп, өзіндік пікір айтуға дағдыландыру

3.Саналы ойлайтын, қоғамдық көзқарасы қалыптасқан теориялық білімін практикамен еркін ұштастыра отырып, ұйымшылдықпен жұмыс жасай алатын азамат тәрбиелеу.

Оқыту нәтижесі

Предпросмотр онлайн:

Скачать 956.00 Kb

Посмотрите также: