«Желбіре, Жеңіс жалауы!» ашық тәрбие сағаты

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Конспекты
Автор:

Тақырыбы:   «Желбіре, Жеңіс жалауы!»

1-жүргзуші:Соқ, жас ұлан, соқ қуатпен,
Соқ, солқылдат барабанды.
Жылда есіңе ал шабытпен,
Жеңіс үшін аққан қанды.
Ұмытпа сен, елімізге,
Бақыт тегін келмеген.

2-жүргізуші:  - Ия, оны сан миллиондаған адамдар төрт жыл бойы минуттап, сағаттап, сарыла күтті емес пе? Ақыры, олардың үмітімен сенімі ақталды. Бірақ сол жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін от кешіп миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кемде кем.Жауға қарсы атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, біздің арамызда асқар таудай болып жүрген ата – апаларымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауға тиіс.
        Енді бүгін ұлы Жеңістің 69 жыл болған тойын көре алмай кеткен ардагерлерімізді еске алайық.

1-жүргзуші:Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.
Ұлы Отаным басымды иіп бір минут
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.
(1 минут үнсіздік)

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 32.26 Kb
Количество скачиваний: 36
Просмотров: 107

Похожие материалы