"Жұлдыздар эволюциясы" ғылыми жоба жұмысы

  1. Материалы для учителя
  2. Биология

Автор материала: Кусаинова Лаура Токановна

Содержимое документа:



Қазақстан Республикасы Кіші ғылым Академиясы

Алматы облысы

Райымбек ауданы

«Ө.Жаңабаев атындағы орта мектеп »коммуналдық мемлекеттік мекемесі











Тақырыбы: «Жұлдыздар эволюциясы»



Секция : Косманавтика







Орындаған оқушы: Іңкәрбек Әлия

9«Ә»сынып

Жетекшісі: Құсайынова Лаура







2017-2018жыл

Қазақстан Республикасы

Алматы облысы,Райымбек ауданы

Ө.Жаңабаев атындағы орта

мектебінің 9-сынып оқушысы

Іңкәрбек Әлияның

«Жұлдыздар эволюциясы»

атты зерттеу жұмысына

ғылыми жетекшісінің





Пікірі

Іңкәрбек Әлияның жазған жұмысы қазіргі әлемнің , аспан денелерінің физикалық табиғатымен,жұлдыздар эволюцясының қарқынды дамуының,яғни адамзат өмірінде астрономиялық бақылаулардың өте үлкен рөл атқаратындығын көрсетеді. Автор өзінің жетекшісінің көмегімен бірлесе жүргізген жұмысында қазіргі құралдарды және әртүрлі әдістерді қолданып жұлдыздардың көптеген сипаттамаларын,әдебиеттерді ұтымды пайдаланған. Ол жұлдыздардың табиғаты және эволюциясымен таныса отырып, қоршаған табиғаттың эволюциясын толық әрі дұрыс түсініп, мән-мағынасын аша білді. Оқушы бұл жұмысты 1 жыл зерттеді.

Сондықтан да бұл оқушыдан болашақта үлкен маман, болашақ ғылыми зерттеу жұмысының иесі болады деп сенемін.







Жетекші мұғалім: Құсайынова Лаура



Мазмұны

I. Аннотация

II. Кіріспе

III. Негізгі бөлім

1)Жұлдыздардың пайда болуы,дамуы

2) Жұлдыздардың түсі, спектрлері және температурасы

3) Жұлдыздардың массасы мен мөлшері

4) Жұлдыз шоғырлары

5) Жаңа жұлдыз

6) Ең жаңа жұлдыз

7) Күн-ең жарық жұлдыз!

8) Комета-құйрықты жұлдыз!

















Негізгі бөлім

1.Жұлдыздардың пайда болуы, дамуы

Жұлдыздар галактикалардың даму барысында пайда болды. Көпшілік астрономдардың ойынша: бұл галактика ішінде біртіндеп құрылған диффузиялық, материя бұлттарының түйдектелуі нәтижесінде болған. Бұл болжамның басты негіздерінің бірі, жас жұлдыздардың ылғи газбен және тозаңмен тығыз байланыста болуы. Бұл жұлдыздар мен диффузиялық, материя галактикалардың иірім тармақтарында жинақталған. Газ –тозаңды кешендер деп аталатын жұлдызаралық суық зат массалары ең көп мөлшерде жұлдыз жаратылатын орындар болып саналады. Көз алдымызға суық газ-тозаңды бұлтты елестетейік.Тартылыс күштері оны сыққандықтан,ол шар тәрізді пішінге ие болады. Сығылысу барысында бұлттың тығыздығы мен темпереатурасы көтеріледі. Осылай болашақ жұлдыз пайда болады. Оның беттік температурасы әзірше аз, дегенмен болашақ жұлдыз пйда болады. Оның беттік температурасы әзірше аз, дегенмен протожұлдыз инфрақызыл диапазонда сәуле шығарады, сондықтан да жаңадан туып жатқан жұлдыздарды көптеген инфрақызыл сәуле шығарудың қайнар көзідерінің ішінен табуға болады.

Протожұлдыздың жұлдыздан негізгі айырмашылығының бірі- протожұлдызда термоядролық реакция жүрмейді, яғни онда энергия көзі жоқ. Термоядролық реакциялар протожұлдыздың сығылу процесінде оның қойнауындағы температура 107 К шамасына жеткенде басталады. Осы кезден бастап жұлдыздың сығылуы тоқтайды. Газдың ішкі қысым күші енді жұлдыздың сыртқы бөліктерінің тартылыс күштеріне теңгеріле бастайды.

Массалары Күн массасынан едәуір көп жұлдыздардың сығылу кезеңі бар болғаны бірнеше жүз мың жылға созылады, ал массалары Күн массасынан аз жұлдыздар жүздеген миллион жыл бойы сығылады. Жұлдыз массасы неғұрлым



көп болса , тепе-теңдік соғұрлым жоғары температурада орындалады. Сондықтан да зор массалы жұлдыздардың жарқыраулығы жоғары болады.

Сығылу кезеңін стационар (тұрақты) кезең алмастырады. Онымен қатар сутегінің біртіндеп жануы өтеді. Жұлдыз өз өмірінің үлкен бөлігін стационар кезеңде өткереді. «Спектр- жарқыраулық» тізбегінде орналасқан жұлдыздар нақ осы даму кезеңінде болады. Жұлдыздардың көпшілігі осындай жұлдыздар. Жұлдыздың бас тізбекте болу уақыты жұлдыз массасына пропорционал және ядролық отынның жұмсалу қарқынын анықтайтын жарқыраулыққа кері пропорционал. Жұлдыз жарқыраулығы жуықтап алғанда оның массасы Күн массасынан бірнеше есе үлкен зор массалы жұлдыздар тез дамиды. Олар стационар кезеңде бар болғаны бірнеше миллиард жыл болады. Жұлдыздардың

жарқырауы деп L Күннің жарық сәулелерінің күшімен салыстырғандағы жарық энергиясы сәулелерінің күшін айтады.

Жұлдыздың орталық аймағындағы бүкіл сутегі гелийге айналған кезде жұлдыз ішінде гелийлік ядро құрылады. Енді сутегі гелийге орталық бөлікте

емес,өте ыстық гелийлік ядроны қоршаған қабатта айналады. Гелийлік ядрода энергия көзі болмайынша, ол біртіндеп қысыла береді, әрі осы кезде оның қызуы да арта түседі. Жұлдыз қойнауындағы температура 1,5*107 К-нен асқан кезде гелий көміртегіне айнала бастайды. Осының нәтижесінде кәдімгі жұлдыз біртіндеп қызыл алыпқа айналады.

Жұлдыз өмірінің соңғы кезеңі, оның бүкіл дамуы(эволюциясы) сияқты, жұлдыз массасына тікелей тәуелді. Біздің Күнімізге ұқсас жұлдыздардың сыртқы қабаттары біртіндеп ұлғаяды да, ақыр аяғында жұлдыз ядросынан мүлдем ажырайды. Алыптың орнында кішкене және ыстық ақ ергежейлі қалады. Жұлдыздар әлемінде ақ ергежейлілер көптеп саналады. Бұл көпшілік жұлдыздардың ақ ергежейлілерге айналатынын, және олар артынан біртіндеп суып , сөнген жұлдыздарға айналатынын білдіреді.

Массасы үлкен жұлдыздардың тағдыры өзгеше. Егер жұлдыз массасы Күн массасынан шамамен екі есе көп болса ,онда мұндай жұлдыздар өздерінің даму сатысының соңғы кезеңінде орнықтылығын жоғалтады. Олар жұлдызаралық,ортаны ауыр химиялық элементтермен байыта отырып, аса жаңа жұлдыз ретінле қопарылулары, содан соң радиусы бірнеше километрлік шарларға дейі қатты сығылулары, яғни нейтрон жұлдыздарға айналуы мүмкін.

Жұлдыз қойнауында термоядролық реакция барысында 30-ға тарта химиялық элементтер түзіле алады, ал аса жаңа жұлдыз қопарылысы кезінде периодтық жүйенің қалған элементтері түзіледі.Ауыр элементтермен байытылған жұлдызаралық ортадан жұлдыздардың келесі буындары пайда болады. Сондықтан да жұлдыз жасын, спектрлік талдау әдісімен анықталатын оның химиялық құрамы бойынша шамалауға болады.

Массасы Күн массасынан екі еседен аса көп болатын жұлдыздар тепе-теңдігін жоғалтқаннан кейін, сығыла отырып, не нейтрон жұлдызға немесе орнықтылық күйге мүлде жете алмайды. Шексіз сығылу кезінде ол таңғажайып нәрсе- қара құрдымға айналуы мүмкін. Мұндай атау сығылған жұлдыздың


орасан зор тартылыс өрісі өз маңайынан еш сәулені тысқары жібермейтіндігіне байланысты берілген. Сондықтан қара құрдымды электрмагниттік толқындардың ешқандай диапазонынан көруге болмайды. Қара құрдымдардың оларды қоршаған денелерге гравитациялық әсер етулері тиіс. Мысалы, қара құрдым қос жұлдыз құрамында болуы мүмкін. Газ кәдімгі жұлдыз бетінен қара құрдым төңірегінде шарық түзе отырып , қара құрдымға дамылсыз құлайды(1-сурет) . Шыр айналушы шарықтағы газдың температурасы 107 К-ге жетуі мүмкін. Миллиондаған кельвин температурадағы газ рентген диапазонында сәуле шығарады.



2. Жұлдыздардың түсі, спектрлері және температурасы

Бақылаулар кезінде жұлдыздардың түстерінің түрліше болатынына назар аудардық . Қыздырылған дененің, оның ішінде жұлдыздың түсі оның температурасына тәуелді болады. Бұл жұлдыздардың температурасын олардың үздіксіз спектріндегі энергияның таралуы бойынша анықтауға болады. Жұлдыздардың түрі мен спектрі олардың температурасына байланысты. Салқын жұлдыздарда сәуле шығару спектрдің қызыл аймағында басымырақ, сондықтан олардың түсі қызыл болады. Қызыл жұлдыздардың температурасы төмен. Температура қызыл жұлдыздардан қызғылт сары жұлдыздарға ,одан әрі сары, сарғыштау, ақ және көгілдір жұлдыздарға ауысқанда осы ретпен өсіп отырады. Жұлдыздардың спектрлері сан алуан. Олар латын әріптерімен және цифрларымен белгіленген. Температурасы 3000К-ге жуық М тобындағы салқын қызыл жұлдыздар спектрінде ең қарапайым екі атомды молекулалардың, титан тотығының жұтылу жолақтары көрінеді. Басқа қызыл жұлдыздар спектрінде көміртегі немесе цирконий тотығы басым.

Предпросмотр онлайн:

Скачать 137.05 Kb

Посмотрите также:

— Проектно-исследовательская работа по теме: "Эволюция Вселенной
— Науково-практична робота на тему: "Екзопланети - наше майбутнє"
— Исследовательская работа на тему "Есть ли жизнь на Марсе?"
— Научно практическая конференция "наша галактика"
— Проект по астрономии и биологии на тему "Космонавтика"