Конспект по самопознанию на тему "Адам және қоғам"

  1. Материалы для учителя
  2. ИЗО, МХК

Автор материала: Байбакирова Салтанат Жумабековна

Содержимое документа:

Мектеп. Қазан ОМ

Тақырып: Адам және қоғам

Мұғалім: өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Байбакирова Салтанат Жумабековна

Сынып: 9 Оқушылар саны: 10

Құндылық: ақиқат, сүйіспеншілік. Қасиеттер: сенімділік, төзімділік, жауапкершілік



Сабақ мақсаты: оқушыларға адам мен қоғамның өзара байланысы туралы түсінік бере отырып, өзара сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік:Оқушыларға Адам және Қоғам туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың бойына сенімділік, төзімділік, жауапкершілік қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды сенімділікке, төзімділікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Ресурстар: слаид, бенефильм нақыл сөздер

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

5 «Т» еске түсіріп тәртіпке шақырып сабаққа қажетті құралдар жабдықтарын түгендеу.

Тыныштық сәті: Баяу әуен қойылады «нұрға бөлену». Енді нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай асем қалыпта сақтаңыз.

Үй тапсырмасын тексеру (мәтінмен жұмыс)

Дәйек сөз: Әрбір адам қандай бір іс үшін туады. Жер басып жүрген әрбір адамның өмірде өз міндеттері бар.

Э.Хемингуэй

Бұл дәйек сөзді қалай түсінесіңдер?

Әрбір адамның міндеті дегеніміз не?



Бейнефильм «Адам бол»



Әңгімелеу

Бүкіл дүниенің түзелуі

    Бір апталық жұмыс күнінен қажыған адам жексенбінің таңында қолына газет алып шаршағанын басып, күні бойы үйде отыруды ұйғарады. Дәл осыны ойлап отырғанында баласы жүгіріп келіп паркке қашан баратынын сұрайды. Әкесі оған демалыс күні паркке алып баратына уәде берген болатын. Бірақ мүлдем сыртқа шығуға зауқы болмай бір сылтау іздейді. Кейін газет бетіндегі дүние жүзілік карта көзіне түседі. Картаны майдалап жыртып баласына «егер картаны құрасаң сені паркке алып барамын» деді де өзі іштей «жақсы құтылдым-ау, ең мықты география профессоры да кешке дейін құрай алмас» деп ойлады. Арада он минут уақыт өтісімен-ақ баласы жүгіріп келіп:

-       «Әке картаны түзедім, енді барсақ болады»-деді.

    Әкесі алдымен сенбей барып көреді. Көргенінде таң қалып қалай түзегенін сұрайды. Сонда бала былай деп жауап береді:

-       Маған берген картаның артында бір адамның суреті бер еді. Адамды түзеткен кезімде, бүкіл дүние жүзі түзеліп шыға келді.

-       !...

Проблемалық сұрақтар:

Балалардың жауаптарына сүйене отырып қорытындылаймын

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1 топ ерлер туралы

2 топ әйелдер туралы

Балалардың жауаптарына сүйене отырып қорытындылаймын

Топпен ән айту:

Жақсы адамдар

Әні мен сөзі: А. Оралов

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Жақсы адамдар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Қарап өтсін сендерге басқа жандар.

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Үй тапсырмасы: «Қазақ халқының болашағы» немесе «Менің қоғамдағы ролім» атты тақырыпта эссе жазу.

М.Шахановтың өлеңін жаттау

Соңғы тыныштық сәті: . Баяу әуен қойылады.

Мұғалім жәй дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші.



Предпросмотр онлайн:

Скачать 51.19 Kb

Посмотрите также:

— Технологическая карта по русскому языку «Окончания существительных в дательном падеже»
— Разработка урока «Ул көннәрнең даны мәңгелек»
— Ул көннәрнең даны мәңгелек
— Разработка урока по татарскому языку на тему «Билгесез үткән заман хикәя фигыль»
— Мастер - класс на тему «Татар теле дәресләрендә интерактив тактаның мөмкинлекләре»