Конспект по самопознанию на тему "Бақыт сыры"

  1. Материалы для учителя
  2. ИЗО, МХК

Автор материала: Байбакирова Салтанат Жумабековна

Содержимое документа:

Байбакирова Салтанат Жумабековна, Қазан жалпы орта білім беру мектебінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі


Сынып: 11

Сабақтың тақырыбы: Бақыт сыры

Мақсаты:

Міндеттері:

-Бақыт сыры туралы түсінік беру;

- Бақытқа ұмтылудың мәнін, бақытқа жету жолдарын үйрету;

- Бақытты болуға, өмірдің әр сәтін қадірлей білуге тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері

Көңілді әуен қойлады,оқушыларды шаттық шеңберіне шақырып , «Бағалайық бақытты» әнін орындайды. Шаттық шеңбері балаларды белсенді, ынталы, қуанышты көңіл күйге бастап, терең ризашыл сезімге бөлейді

Әңгімелесу

Суреттегі «Жай өмір сүрсең де, әрбір күніңе қуана біл»,орысша «Можно просто жить, а можно наслаждаться каждым днем» дегенді қалай түсінесіңдер?

Әңгімелесу сұрақтары:

«Адам бақыт үшін жаралған » деген пікірмен келісесіңдер ме? Неліктен?

Адамның әрқашан бақытты болу мүмкін бе?

Неліктен бақытты құсқа теңейді?

Орындалған арман үнемі бақыт әкеле ме?

Жер бетіндегі барлық адамдарға ортақ бақыт болуы мүмкін бе?

Мәтінмен жұмыс

І.Есенберлиннің «Бақыт сыры» шығармасында айтылған «Бақытты болу ережесі» кімді болса да бей-жай қалдырмасы анық, дегенмен жетекші ойларды тұжырымдай отырып, пайдаланудың мәні бар.

Шынайы бақыттың бірінші сыры – көзқарас күші.

Шынайы бақыттың екінші сыры – дене күші

Шынайы бақыттың үшінші сыры- бір сәттік өмір күші.

Шынайы бақыттың төртінші сыры- өзін-өзі тану күші

Шынайы бақыттың бесінші сыры- мақсат күші.

Шынайы бақыттың алтыншы сыры – шаттық күші.

Шынайы бақыттың жетінші сыры- кешірім күші.

Шынайы бақыттың сегізінші сыры- сыйлық күші.

Шынайы бақыттың тоғызыншы сыры – қарым – қатынас күші.

Шынайы бақыттың оныншы сыры- сенім күші.

Топтар постермен жұмыс жасайды.

Мен бақыттымын, өйткені мен өзімді ,өз мүмкіндіктерімді, бақытты болу жолдарын білемін. Өзіме, өз болашағыма сенемін.

Оқушылар тапсырманы жұмыс дәптерінде орындайды.

Берілген ойды жалғастырып жазыңдар

Сәби бақыты, ол- ...

Әйел бақыты, ол - ...

Ер – азамат бақытты, ол -...

Ата-ана бақыты, ол -...

Дәрігер бақыты, ол- ...

Кәсіпкер бақыты, ол- ...

Ұстаз бақыты, ол - ...

Ғалым бақыты , ол- ...

Ұлт бақыты, ол- ...

Қоғам бақыты, ол -...

Адамзат бақыты, ол ...

Жаңа ақпарат

Бақыт - бір адамға ғана тән емес, ол өзгелерге ортақ болуы керек. Біздің бақытымыз өзгелерге де шуағын төге білсе, нағыз бақытқа айналады. Өмірдің қызығы да осында!

Тапсырма

Бақыт ағашын салу. Интербелсенді тақтада ағаш суреті салынады. Оқушылар суретте жетіспейтін элементтерін салып аяқтайды.


Бақыт – достарыңмен, жаныңа жақынжарыңмен араласу.

Бақыт- қызықты өмір үшін барлық қажеттінің болуы.

Бақыт – денсаулығыңның мықты болуы және өзіңнің, айналаңдағылардың денсаулығына қамқорлық жасай білу

Бақыт – әр күннің нұрлы шуағын сезіну.

Түйіндеме

Данышпан ойшыл әл – Фараби еңбегінен алынған «Бақыт жолын сілтеу»деген мәтінді оқып, оның философиялық астарына үңілген жөн.

Жүректен жүрекке

Сабақтың «Жүректен жүрекке»бөлігінде М.Мақатаевтың бақыт туралы өлеңі Айжан Нурмаганбетованың орындауындағы музыкалық әрлеумен балалар өлеңді қосылып айтады.Бақыт тілейді.



Предпросмотр онлайн:

Скачать 120.79 Kb

Посмотрите также:

— Технологическая карта по русскому языку «Окончания существительных в дательном падеже»
— Разработка урока «Ул көннәрнең даны мәңгелек»
— Ул көннәрнең даны мәңгелек
— Разработка урока по татарскому языку на тему «Билгесез үткән заман хикәя фигыль»
— Мастер - класс на тему «Татар теле дәресләрендә интерактив тактаның мөмкинлекләре»