Конспект по самопознанию на тему "Өнерлі бала"

  1. Материалы для учителя
  2. ИЗО, МХК

Автор материала: Байбакирова Салтанат Жумабековна

Содержимое документа:

Тақырыбы: Өнерлі бала сүйкімді

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Таланттылық, зеректілік, өнерпаздық.

Сабақтың мақсаты:   «Өнер» ұғымының құндылық ретіндегі мәнін ашу. Өнердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Оқушылардың өнерге қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу.

Сәлеметсіздер ме, қадірменді қонақтар !

Қош келдіңіздер! Сәлеметсіздер ме, менің сүйікті оқушыларым!

Оқушыларды түгелдеу. Жұмыс құралын түгендеу: күнделік, оқулық, жұмыс дәптері, қаламсап, қарындаш.

5Т ұстанымын еске түсіру:

Талап
Тәртіп
Тыныштық
Тазалық
Татулық
Шаттық шеңбері: Балалар барлығы шеңберге тұрып, қолдарына жүрекшелер алады. Шеңбер бойын айналып бір – біріне тілек айтады, жүрек сыйлайды. Мұғалімнің қолындағы қорапшадан стикер алып, сол қағаздың түсіне сай оқушылар 3 топқа бөлінеді.

Тыныштық сәті. (жағымды көңіл күйге келу)

Бүгінгі күніміз қайырлы,нәтижелі болсын.Қәне,бәріміз біздің аспандағы нұрын шашып тұрған Күнге ұқсап отырайықшы.

Бетховеннің шығармасы тыңдалады.

Үй тапсырмасын тексеру: «Ақын деген кім?» мәтінін оқыдыңдар ма?

А) Өнерлі адамның бойында қандай қасиеттер болады екен?

Б) Ақын дегеніміз кім екен балалар?

Дәйексөз

Адамның сәні - өнер, білім, ақылы.

Жетес шешен

Балалар дәйексөздің мағанасын қалай түсінесіңдер?

Ұлдар 1 рет оқиды. Қыздар 1 рет оқиды. Барлығы хормен оқиды. Дәйексөздің мағанасын оқушылардың жауаптарын тыңдау арқылы түйіндеймін.
- Адам өнер,білім,ақылымен ерекшеленеді. Олай дейтініміз өнер, білім, ақыл арқылы табысқа, қуанышқа, бақытқа жетуге болады. Өнерлі, білімді ақылды адамның жаны сұлу, мінезі де сыпайы, адамдармен қарым-қатынасы жақсы, қашанда көңіл күйі көтеріңкі болады.

Дәйексөзді дәптерге жазып алыңдар. (жаттап келу тапсырылады)
Бейнекөріністер көрсету

-Қандай адамды өнерлі дейді?

(Кішкентай ақын Жамбыл,шахматшы Жансая,әнші Ермек т,б, танымал өнерлі балалар туралы видео көрсету)

Жас ақын Жамбыл 2 жасында хат танып, 4 жасынан ұйқас құраған. Бүгінде 50-ге жуық туындылары бар. Бала Жамбылдың «Періште тілек» атты кітабы жарық көрді.

Жас өнерпаз әнші Ермек Балжігіт жеті жасында жеке концертін өткізген.
Жас шахматшы Жансая Әбдімәлік күміс жүлде иеленді. Жансая атындағы шахмат акодемиясы ашылды.

1) Балалар қандай адамдарды өнерлі деп санайды екенбіз?

2) «Өнерлі өрге жүзер » деген мақалды қалай түсінесіңдер?

Тапсырма.

Балалар топ болып жарысамыз. Әр топқа тапсырма өнерге байланысты мақал – мәтелдерге ребус құрастыру.

Сергіту сәті.

Мұғалім мен оқушылар шеңберге тұрып, мұғалім кубик лақтырады. Кубиктің 6 жағында, 6 мамандық иесі болады.1. Биші; 2. Әнші; 3. Домбырашы; 4. Құрылысшы; 5.Суретші; 6. Актер. Кубуктің қай жағы түссе, сол адамның қимылын бірге жасайды.

Жаңа сабақты бекіту. Балаларға жүрекше таратып «бүгін мен не үйрендім» деген сұраққа жауап жазуы сұралады. Балалар өнер адамы деп кімдерді атаймыз?

— Жарайсыңдар, балалар! Өнерлі деп тек қана бір өнер түрін игерген адамды айтпаймыз. Сол өнерін, білімін, ақылына сай етіп өмірде қолдана алатын адамды да өнерлі деп айтамыз.

Топпен ән айту. Жас дәуірдің түлегіміз Сөзі Е.Өтетілеуовтікі Әні И.Нүсіпбаевтікі


Бау, бақша, белдер,

Орман, тау, көлдер

– Көрікті шексіз даламыз.

Дәулеті тасқан,

Сәулеті асқан

– Көңілді ауыл, қаламыз.

Қайырмасы:

Жадырап күндей,

Жайнаған гүлдей

– Бақытты біздер баламыз! (2 рет)

Өзіміз туған,

Көбелек қуған

– Өлкеде өсіп, толамыз.

Жалықпай оқып,

Көңілге тоқып

– Білімді адам боламыз.

Қайырмасы:

Жадырап күндей,

Жайнаған гүлдей

– Бақытты біздер баламыз! (2 рет)

Жүректен – жүрекке. Оқытушы ән айтылып жатқан уақытта оқушыларға «қоңырау» пішініндегі ішіне тілек жазылған ашықхатты таратып береді. Әр оқушы жазылған тілектерді оқып береді. Ашықхатта жазылған тілектер мынадай үлгіде болуы мүмкін:

-         Шоқандай алғыр бол!

-         Абайдай дана бол!

-         Күндей жарқырап жүр!

-         Гүлдей жайнап жүр!

-         Достарыңа сыйлы бол!

-         Оқуда озат бол!

- Өнерің өрге жүзсін!

- Армандарың орындалсын!

- Болашағың нұрлы болсын!

Үйге тапсырма беру. Өнер туралы мақалдар жазу

Бағалау. Дұрыс жауапқа стикер беріліп отырады. Оқушылар өз – өздерін бағалайды. «Жарайсың!», «Өте жақсы», «Жақсы» .

- Армандарың орындалсын! Біліммен, өнермен алға самғаңдар! - деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз. Баршаңызға рахмет! Сау болыңыздар!




















«Қазан жалпы орта білім беретін мектеп»

мемлекеттік мекеме









Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтың тақырыбы:

«Өнерлі бала – сүйкімді»











мектеп психологі: М. Мағнұрова














Предпросмотр онлайн:

Скачать 46.61 Kb

Посмотрите также:

— Технологическая карта по русскому языку «Окончания существительных в дательном падеже»
— Разработка урока «Ул көннәрнең даны мәңгелек»
— Ул көннәрнең даны мәңгелек
— Разработка урока по татарскому языку на тему «Билгесез үткән заман хикәя фигыль»
— Мастер - класс на тему «Татар теле дәресләрендә интерактив тактаның мөмкинлекләре»