Конспект по самопознанию на тему "Табиғат тылсым дүние"

  1. Материалы для учителя
  2. ИЗО, МХК

Автор материала: Байбакирова Салтанат Жумабековна

Содержимое документа:

Байбакирова Салтанат Жумабековна, Қазан жалпы орта білім беру мектебінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Сынып: 11

Cабақтың тақырыбы: Табиғат - тылсым дүние

Мақсаты:

- «Табиғат» ұғымы туралы түсініктерін кеңейту; табиғаттың

тылсым құдіретін түсінуге, сырлы табиғат құбылыстарына

қызығушылыққа тәрбилеу.

Міндеттері:

Шаттық шеңбер

Мұғалім оқушыларды шаттық шенберіне шақырып , «Табиғаттағы серуен» (құстардың сайрауы) музыкалық әуеннің жетекшілігімен оқушылар бір-біріне табиғатпен байланыстыра отырып, жылы тілектер тілейді.

Мыс. Күннің шапағатын, самал желдің лебін.

Әңгімелесу «Табиғат, Табиғат құбылыстары» туралы мақал-мәтелдер айтып, мағынасын бірге ашу.

«Ойланайық пікірлесейік» айдарымен берілген әңгімелесу сұрақтарымен жұмыс жүргізіледі.

«Табиғат», «адам», «әсемдік», «шебер» сөздерінің байланысын ашу. Төмендегі суретке қарап не айталасын?

Жаңа ақпарат

Оқулықта сабақ тақырыбы бойынша оқушылардың түсініктерін кеңейту мақсатынды жаңа ақпарат ұсынылған.

Ақпаратты пайдалана отырып, жұппен қиық суреттердің көмегімен «Табиғат сыйы» тақырыбында «коллаж» жасау.

Мәтінмен жұмыс

Мұнда В.Мезенцевтің «Дүние жұмбаққа толы»деген мәтін берілген.Оқушылар мәтінді оқып, ондағы ой түйіндемелеріне түсінуге тырысады.

«Тан қалдырған табиғат» тақырыбында интерактивті тақтадан суреттер көрсетіледі. (Презентация )

Дәйексөз

Оқушылардан сабақтың дәйексөзінің мағынасын қалай түсінетіндері сұралады.Оқушылар өз ойларын ортаға салады.Оқушылардың жауаптары тындалып қорытынды жасалады.

Табиғат тылсымын түсіне білген бақытты –жан.

Л.М.Леонов.

Шығармашылық жұмыс

«таңғажайып», «ақылға қонымсыз», «тамаша» көркемдеуші сөздерін қолдана отырып, өлең немесе қысқаша әңгіме құру.

Жүректен жүрекке

Әдемі әуен қойылады. Оқушылар мұғаліммен бірге шеңберге жиналып

Тіршіліктің болуы-

Табиғаттың тартуы.

Адамзаттың борышы-

Сұлулықты сақтауы. өлеңі оқылады. Балалар сабақта алған әсерлерін айтып,бір-біріне жақсы тілек айтып,жылы сөз арнайды.




Предпросмотр онлайн:

Скачать 263.75 Kb

Посмотрите также:

— Технологическая карта по русскому языку «Окончания существительных в дательном падеже»
— Разработка урока «Ул көннәрнең даны мәңгелек»
— Ул көннәрнең даны мәңгелек
— Разработка урока по татарскому языку на тему «Билгесез үткән заман хикәя фигыль»
— Мастер - класс на тему «Татар теле дәресләрендә интерактив тактаның мөмкинлекләре»