Лоренц күші

Предмет: Физика
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік. Магнит өрісін теренрек зерттеу жолдарын қарастыру. 2. Дамытушылық. Магнит өрісінің қозғалған зарядталған бөлшекке әсерін қарастыру. Лоренц күші туралы ұғым ендіру. 3. Тәрбиелік. Тақырыптың мазмұны мен мағынасын түсіндіріп,заңдылықтарды тұжырымдай білуге,оны практикада қолдана білуге жаттығу. Құрал-жабдықтар,көрнекіліктер: электрондық оқулық. Лоренц күші. Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты өз бетінше меңгеру. Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап,оқулықпен жұмыс,есеп шығару. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру 2. Үй тапсырмасын тексеру. 1) сұрақтар, 2) физикалық диктант 3. Жаңа сабақты баяндау 4. Сабақты бекіту 5. Сабақты қорытындылау 6. Үйге тапсырма. І. Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақтар,физикалық диктант ІІ. Жаңа сабақты баяндау. Жалпы пікір алысу мақсатында сұрақ-жауап тәсілін ұйымдастыру 1. Магнит өрісінің пайда болу себептері 2. Ампер күшінің көмегімен не анықтауға болады? 3. параллель тоқтардың әсерін түсіріңдер. 4. Ампер күшінің өткізгіштің бойындағы қозғалатын зарядтарға әсер етуші екенін баяндау 5. Қозғалған зарядқа әсер етуші қортқы күш электр және магниттік күштің векторлық қосындысына тең Fк=Fэл+Fл немесе Fк= E qо + qо Bυsinα. Α-магнит индукция векторы мен бөлшек жылдамдығы арасындағы бұрыш. 6. Кітаптағы мысалдарды әр оқушы өз бетінше талдайды. 7. Лоренц күшінің жұмысы не себептен нольге тең?
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 498.5 Kb
Количество скачиваний: 9
Просмотров: 69

Похожие материалы