«Менің үйім» тақырыбына ашық сабақ (3 сынып)

  1. Материалы для учителя
  2. ИЗО, МХК

Автор материала: Аубакирова Гульнара Каримжановна

Содержимое документа:

4


Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары

Тақырып: «Менің үйім» Мұғалім: Аубакирова Гульнара Каримжановна

 Сынып: 3

Құндылық: «Сүйіспеншілік» Оқушылар саны:7

Қасиеттер:жауапкершілік, тәртіптілік, татулық

Сабақтың мақсаты: Отбасының адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру

арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

-оқушыларға отбасы ұғымының мәнін ұғындыра отырып,жауапкершілік қасиеті туралы түсінік беру.

-оқушыларды отбасы мүшелеріне сүйіспеншілікпен қарым-қатынас жасауға баулу арқылы татулық қасиетін дамыту.

-оқушыларға отбасын құрметтей отырып, жауапкершілікке, тәртіптілікке, татулыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

Ұйымдастыру кезеңі:

-Сәлеметсіңдер ме оқушылар!

-Мен бүгін сіздерді көргеніме өте қуаныштымын!

-Көңіл күйіміз қалай? Өзіңнің көңіл-күйіңді қалай бағалайсың?(бас бармақпен бағалау, қалыптастырушы бағалау)

Әннің әні мен сөзі жазылған таспа, дәйексөз,суреттер, оқулық, дәптер.

Тыныштық сәті:

Қане,балалар, ыңғайланып, еркін отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Бізге күн жарқырап, сәулесін мол төгіп тұр. Ауа тап-таза. Көгілдір аспан. Құстар сайрап даланың сәнін келтіріп тұр. Осылардың бәрі өз жақсылығын барлық адамға, барлық тіршілік иелеріне бірдей көрсетіп тұр. Адамдар да сондай болса екен, шіркін...Әрбір тірі жан иесі: кіп-кішкентай құмырсқалардан бастап құстар да, аңдар мен жануарлар да, адамдар да өзінің өмірі үшін құлшынып, ұрпағы үшін тіршілік етіп жүр. Бәрі де осы ашық аспан аясында, бейбіт елде өмірге келгеніне қуанышты, болашағына сеніммен қарайды. Осындай жақсы ниетпен бұрынғы қалпымызға келейік.

Сұрақ:

1.Өзіңді қалай сезіндің?

2.Қандай жағымды әсерде болдың?

Мұғалім қорытынды жасайды:

Әр күнде бір-бірімізге жақсылық тілейік. Көзіңізді ашып күлімдеңіз.

Дәйексөз:

-Балалар, мен сіздерге бүгінгі сабақтың дәйексөзін айтамын сіздер менімен бірге қайталап айтасыздар.

«Отан –от басынан басталады»

Мақал

Оқушыларға 2-3 рет қайталатып, жатқа сұрау.

-Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

-Мұғалім өзі қорытындылайды.

Бірге оқимыз:

«Отбасы татулығы» Аңыз әңгіме

Баяғы өткен заманда бір үлкен отбасы болыпты.

Отбасында көп адам, тіпті бір қауым ел бірге тұрыпты. Ол отбасында адамның көптігіне қарамастан, олар тату-тәтті өмір сүрген екен.Бұл жағдай елді таңғалдырады. Оларда ұрыс-керіс, дау-жанжал деген болмайды екен.

Бұл отбасы жайлы хабар патшаның құлағына да жетеді.Патша естігенінің ақ-қарасын білгісі келіп, ауылға келеді. Ауыл тап-таза, барлығы жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толып, ерекшк бір шаттыққа бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, шат-шадыман, балалары бақытты, мәз-мейрам екен. Бұған патша таң-тамаша болады. Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді.

Ауыл ақсақалына келіп, отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді.

Қарт үнсіз ғана жүз рет «сүйіспеншілік», жүз рет «кешірім», жүз рет «бірлік» деп қағазға мұқият жазып шығады.

Үш сөзді оқыған патша таңғалып:

-Осы – ақ па?- дейді.

-Иә,-деді ақсақал. –Барлық жақсы отбасы тек осы қасиеттерден құралады,- деді де, сәл ойланып, және «шыдамдылық» деген сөзді қосады.

Әңгімелесу:

-Отбасының татулығы, бірлігі кімге, неге байланысты?

-Әрбір адам оған жауапты ма? Неліктен?

-Отбасында қандай бала, аға, іні, әпке, қарындасың?

-Сендердің отбасыларыңның татулығы мен бақыты қандай құндылықтар мен қасиеттерден құралған?

Сергіту сәті:

Шаршасаңдар балалар,

Қолдарыңды созыңдар.

Саусақтармен ойнаңдар,

Қолдарыңды сермеңдер.

Денелерің шынықсын,

Саналарың тынықсын.

Топтық, шығармашылық тапсырма:

1-тапсырма: Әр топқа суреттер беріледі. Оқушылар суреттерге қарап, отбасы мүшелерінің арасындағы ізгі қарым-қатынасты тауып, әңгімелеп береді.

2-тапсырма: Отбасындағы мінез-құлық ережесін жасайды.

3-тапсырма:Суреттердегі (гүл, ара, күн, ай, кітап, жеміс ағашы) бейнелердің қайсысын өз отбасы мүшелеріңе теңер едің? Әңгімелеп бер.

Суреттер:

Оқушыларды байқай білуге, сезімталдыққа үйрету.

Топпен ән айту:

«Болайықшы осындай» әні

Қорытынды:

Сұрақ:

-Балалар, бүгін біз қандай құндылықтармен, қасиеттерді үйрендік?

-Осы қасиеттер отбасында қалай өмір сүруге септігін тигізеді?

Кері байланыс

Соңғы тыныштық сәті:

-Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой

елегінен өткізіп көрейікші.

-Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып

орналастырайық.

-Енді көздеріңді аша қойыңдар.

-Сабақ аяқталды. Қош сау болыңдар!







Предпросмотр онлайн:

Скачать 42.50 Kb

Посмотрите также:

— Урок литературного краеведения в 3 классе.
— Презентация к занятию по курсу "Основы информационной культуры". Тема: "История книги и книгопечатания", 3 класс
— Презентация по литературному чтению на тему "21 нче февраль - Туган тел көне. (М.Гафури "Анам теле" шигыре")(3 класс, татар төркеме)
— Урок здоровья по теме: Как сохранить хорошее зрение.(3 класс)
— Презентация к уроку математики "Сложение и вычитание многозначных чисел"(3 класс0