Открыйтый урок по химии

Предмет: Химия
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

"Сабақтың мақсаттары: Білімділік: Металдар туралы түсінік беру. Олардың жалпы ортақ физикалық қасиеттерімен таныстыру, металдардың химиялық байланыстары туралы білімдерін жүйелеп тереңдету. Дамытушылық: Оқушыларды ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыра отырып металдардың қасиеттерін салғастыра білуге үйрету. Тәрбиелік: Оқушыларды үнемшілдікке, ұйымшылдыққа, батылдылыққа тәрбиелеу. Бағдарламалық-дидактикалық қамсыздандыру: Оқулық, жұмыс дәптері, Activ studio Professional бағдарламасы,. Көрнекілік: интерактивтік тақта, слайдтар, плакат, суреттер, таратпа парақтары. Пән аралық байланыс: математика, физика, қазақ тілі, география, тарих, экономика.

"Бағдарламалық-дидактикалық қамсыздандыру: Оқулық, жұмыс дәптері, Activ studio Professional бағдарламасы,.

"Көрнекілік: интерактивтік тақта, слайдтар, плакат, суреттер, таратпа парақтары.

"Пән аралық байланыс: математика, физика, қазақ тілі, география, тарих, экономика.

"Сабақтың жоспары:

  1. "Ұйымдастыру бөлімі
  2. Үй тапсырман тексеру
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
  4. Сергіту сәті
  5. Практикалық кезең
  6. Сабақты қортындылау
  7. Оқушыларды бағалау
  8. Үйге тапсырма беру
  9. Сабақтың рефлексиясы.

Ұйымдастыру кезеңі

  1. Сәлемдесу және оқушыларды түгендеп, күнді тақтаға жазып қою
  2. Үй тапсырмасын пысықтау.
  3. Сыныпта жағымды ахуал туғызу, оқушыларды 3 топқа бөліп отырғызу.

Сергіту сәті.

Практикалық кезең.

2 – тапсырма. Топтық жұмыс. Үш топты үш түрлі мамандарға бөледі. І топ. Экономистер. Химия + Экономика.

ІІІ топ. Географтар.

Химия + География.

Қазақстанның қай облыстарында қандай металл өндіретін зауыттарды білесіңдер? Топтағы оқушылар бірігіп, интернеттен сұраққа жауап іздеп, ақылдаса келе жауап береді. Сұраққа дұрыс толық жауап берген топқа 5 ұпай, толық жауап бермесе, төмен ұпай беріледі.

3 – тапсырма. Практикалық жұмыс. Топтарға берілген реакция теңдеулерін аяқтау.

І топ 
Mg + H2SO4
Al + HCl
NaCl + AgNO3
ІІ топ
Ag + HNO3
Zn + H2SO4
HCl + AgNO3
ІІІ топ
Fe + CuSO4
Li + H2SO4
BaCl2 + AgNO3
4 – тапсырма. Есептер шығару.

І топ.
Массасы 50 г кальций карбонаты мен тұз қышқылы әрекеттескенде неше литр (қ.ж) көміртек (ІV) оксиді бөлінеді?

ІІ топ.
Мөлшері 0,2 моль тұз қышқылы кальций карбонатымен әрекеттескенде неше грамм кальций хлориді түзіледі?

ІІІ топ. 
Көлемі 5,6 л (қ.ж) көмірқышқыл газы кальций гидроксидімен әрекеттескенде неше моль кальций карбонаты түзіледі?

Сабақты қортындылау.

Металдық байланыс дегеніміз не? – деген сұраққа жауап беру арқылы анықтама беріледі. Жауапты топтағы оқушылар бірігіп ақылдаса отырып жазбаша түрде береді. Берілген уақыт біткен соң анықтаманы топтан бір-бір оқушы шығып оқып береді. Сұраққа дұрыс толық жауап берген топқа 5 ұпай, қалғандарына одан төмен ұпай беріледі.

Оқушыларды бағалау.

Оқушыларды бағалау үшін алған барлық ұпайлары саналады. Оқушылардың берген жауаптарын бағалау қызыл, жасыл, сары түсті карточкалар арқылы жүріледі. Қызыл карточка – 5 ұпай, жасыл – 4 ұпай, сары – 3 ұпай.

Үй тапсырмасы.

Күнделікті өмірде қолданатын ас тұзының құрамында қандай металл бар екендігін анықтап, ас тұзының химиялық формуласын жазып келіңдер.

Сабақтың рефлексиясы.

-Сонымен оқушылар бүгінгі сабақ ұнады ма?
-Қалайша?
-Сабақта нені түсінбедіңдер?
- Осы алған білімдерің өмірде қажет па?
-Қажет болса не себепті?

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 261.5 Kb
Количество скачиваний: 11
Просмотров: 81

Похожие материалы