"Оңтүстік Корея мемлекеті" ғылыми баяндама

  1. Материалы для учителя
  2. Классному руководителю

Автор материала: Нурмухамбетова Ардак Сериковна

Содержимое документа:

ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛГІ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ

№ 45 БЕЙІМДЕЛГЕН ОРТА МЕКТЕБІ






ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:

ОҢТҮСТІК КОРЕЯ МЕМЛЕКЕТІ













АВТОРЫ: ТАРИХ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ

НУРМУХАМБЕТОВА АРДАҚ СЕРІКҚЫЗЫ




2016-2017 о.ж


Кіріспе..................................................................................................................3-8

І тарау. Екінші дүниежүзілік соғыстан- XXI ғасырдың басына дейінгі Оңтүстік Корея мемлекетінің қоғамдық-саяси өмірі.......................................9-39

1.1. Кореяның жіктелуі және 1950-1953 жылдардағы Корей соғысы

..........................................................................................................................9-15

1.2. Екінші дүниежүзілік соғыстан – бүгінге дейінгі Корея Республикасының саяси жүйесінің қалыптасуы...............................................................................16-30

1.3. Корея Республикасы мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық байланыс..........................................................................................................31-40

ІІ тарау. Корея Республикасының әлеуметтік - экономикалық және мәдени даму ерекшелігі.......................................................................................................41-56

2.1. Оңтүстік Кореядағы әлеуметтік –экономикалық саясат........................41-50

2.2.Корей мәдениеті....................................................................................51-56














Кіріспе

Өзектілігі: Бүгінгі таңда «Азия жолбарысына» айналған мемлекет – Корея Республикасының әлемдік қауымдастықта өзіндік алар орны бар. Корея түбегіндегі алғашқы мемлекет б.з.д. 108 жылы пайда болды. Осы уақыттан бастап корей халқы бай тарихын, ұлттық мәдени құндылықтарын қалыптастыруда. Алғашында біртұтас болған Корея мемлекеті «Қырғи қабақ» соғыстың нәтижесінде екіге бөлініп кетті, бөлініп қана қоймай әлемдік державалардың араласуымен бауырлас елдер арасында соғыс өрті туындады. Корея түбегінің солтүстігінде орын тепкен КХДР-социалистік, ал оңтүстігінде орналасқан Корея Республикасы капиталистік даму жолын таңдап алды.Соның ішінде Корея Республикасы ХХ ғасырда күрделі саяси және экономикалық өзгерістерді басынан кешіре отырып, саяси қайшылықтарға қарамастан экономикада Жапониядан кейінгі екінші орынға шыққан, «Азия кереметіне» айналған мемлекеттің даму тарихы әлемдік саясаткерлер, қаржыгерлер мен әлеуметтанушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудыруда. Сондықтан Корея Республикасының екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі саяси-экономикалық даму тарихын зерттеу аса маңызды екедігі күмәнсіз. Саяси өміріндегі Ли Сын Ман диктатурасынан бастау алған тұрақсыздық жиілеген әскери төңкерістермен ерекшеленді. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі «Қырғи қабақ» соғысының ел өмірінің барлық салаларында өз қолтаңбасын қалтырды десек те болады. Ең бастысы адам тағдыры, яғни сүттей ұйыған халықтың 38 паралельдің екі жағында қалып, бір-бірімен байланыстың мүлдем тоқтауы үлкен қасіреттің бастамасы болды. Бір-бірімен сабақтасып дамыған шаруашылықтың екі ел территориясында бөліске түсуі де экономикаға ауыр соққы болып тиді. 70-жылдардың соңы мен 80-жылдардағы қарқынды экономикалық дамудың арқасында корей фирмалары көрсеткіш жағынан жапон фирмаларын өкшелеп қана қоймай, кей кездері тең түсіп, ХХ-ғасыр соңында тұрмыстық техника өндірісіндегі әлемдік жетекші орындарды иелене бастады. Қарапайым халықтың әл ауқатын көтеру мақсатында мемлекеттің жеке қамқорлығына алынып, қарқынды дамытқан киноиндустриясының өнімдері біздің отандастарымыздың асыға күтетін сүйікті фильмдеріне айналды. Қазіргі таңда «Кореяда жасалған» деген логотипі бар тұрмыстық техника жоқ үйді көзге елестетудің өзі қиын. Даму тарихында қилы кезеңдерді басынан өткере отырып, әлемдік қауымдастықта өзіндік орны бар, экономикасы қарыштап дамып келе жатқан Корей республикасының тарихи тәжірибелері әрқашанда біз сияқты жас дамып келе жатқан республикалар үшін құнды екені сөзсіз.Сондықтан Корея Республикасының екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі саяси-экономикалық даму тарихын зерттеу аса маңызды.

Ғылыми зерттеу жұмысының мақсаты: Корея Республикасының екінші дүниежүзілік соғыстан бүгінгі таңға дейінгі саяси даму ерекшелігін ашып көрсету, экономикалық саясаттың оңтүстік корейлік моделіне талдау жасау.

Ғылыми жұмыстың міндеті:

  1. Корея соғысының себебі мен барысына, Кореяның жіктелу мәселесіне тоқталу;

  2. Корея Республикасының саяси даму жүйесінің ерекшелігін ашып көрсету;

  3. Оңтүстік Кореяда жүргізілген әлеуметтік-экономикалық саясатқа сараптама жасау;

  4. Корея Республикасының өзге мемлекеттермен, соның ішінде Қазақстанмен арадағы дипломатиялық байланысының мәнін ашып көрсету;

  5. Корей мәдениетінің өзіндік ерекшелігін көрсету.


Тарихнамасы: Корея тарихына арналған құнды зерттеулер, монографиялық еңбектер жеткілікті.

Корея соғысы мәселесіне қатысты А. Жандарбековтың «Большая Кореяская война»[13] атты мақаласы аса маңызды. Мақалада Корея түбегіндегі екі мемлекеттің соғысқа дайындық жасауы, Кеңес Одағы мен АҚШ –тың Корея соғысындағы атқарған рөлі, Корей соғысының барысы туралы мәліметтер келтірілген.

Б.Станиславский «Корейская война, которая едва не привела мир к катастрофе» атты тақырыппен жазылған мақаласында Бұл соғыс кімге тиімді болды? АҚШ-қа ма әлде Кеңес Одағына ма? Кімнің саяси қателігі миллиондаған бейбіт тұрғындардың өмірін қиды? деген сұрақтарға жауап іздеуге тырысады.[51]

Корея Республикасының экономикалық даму жолы дүниежүзілік қауымдастықтың назарын аударғаны белгілі. Г. Костинский өз зерттеуінде Корея Республикасының кедей мемлекеттен экономикасы дамыған мемлекетке айналу жолында бастан өткерген экономикалық саясатына, елдегі модернизациялау, индустрияландыру процестеріне тоқталады. Автор «Обрабатывающая промышленность», [28] «От шищеты к процветанию» [29] атты мақалаларында Корея Республикасындағы өңдеуші өнеркәсіп саласының соғыстан кейінгі даму деңгейіне тоқтала келе, «Жаңа индустриялық елдердің» арасында Оңтүстік Корея жетекші орындардың бірін иеленеді. Әсіресе, Корея Республикасы кемелер жасау, болат өндіру, жеңіл автомобильдер жасау, электроника мен электротехника өнімдерін шығару жағынан дүние жүзінде алдыңғы орындардың бірінде келеді,- деген қорытындыға келеді.

А.Шин «Роль государства во времена перемен» атты мақаласында экономикалық реформаларды жүргізуде мемлекеттік институттардың атқарған рөліне баға беріп, «Жаңа экономиканың жүз күндік жоспары» мен «Жаңа экономиканың бес жылдық жоспарының» мақсаты мен мәнін ашып көрсеткен.[58]

«Корея. Цифры и факты» атты монографияда Корея Республикасының географиясы, халқы, тарихы, мәдениеті, экономикасы, қоғамдық – мемлекеттік құрылысы, халқының салт- дәстүрі мен соңғы жетістіктері жайында маңызды мағлұматтар берілген. [27]

А.А.Бучкиннің «Социальная эволюция Современной Южной Кореи» атты монографиясы- «жаңа индустриалды елдердің» қатарындағы Оңтүстік Кореяның әлеуметтік – экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне арналады. [6]

В.И.Шипаевтың «Япония и Южная Корея» атты еңбегінде - екі ел арасындағы жағдай қалыпқа келгеннен кейін, Жапония Оңтүстік Кореямен жан - жақты экономикалық байланыс орната бастады делінеді. Еңбегінде автор Жапонияның Оңтүстік Кореяға бөлген « экономикалық көмегіне » көп көңіл бөледі. [59]

Корея мәдениеті бөлімін жазу үшін энциклопедиялардағы және мерзімді басылымдардағы материалдар қолданылды. Әсіресе, Г.Костинскийдің «Во что верят корейцы?» [30] атты мақаласында Кореядағы діни нанымдар, корей мәдениетінің ерекшелігі туралы мәлімет берілген. К.В.Куротченконың «История корейского языка и писменности» деген тақырыппен жазылған мақаласында корей тілінің қалыптасуына, корей тілінің диалектілеріне және қолданылу аясына тоқталған. Бұл мақалада корей әліпбиіне жасалған реформалар толықтай ашып көрсетілген. Корейлердің ұлттық жазуы қытай иероглифтерінің негізінде біздің дәуірімізге дейінгі уақытта пайда болған. «Синджи» немесе «синджон» деп аталған корей жазуының алғашқы нұсқасын корейлердің арғы атасы болып саналатын күн құдайының немересі Тангун жасаған. Кейінірек «каримтхо» деп аталған өзге әліпби (алфавит) жасалды. Осы «каримтхо» әліпбиінің негізінде бүгінгі Корея Республикасында қолданылатын «хангыль» немесе «кунмун» жазуы дүниеге келді,-делінген. [32]

Зерттеу жұмысының объектісі: Корея Республикасының екінші дүниежүзілік соғыстан – ХХІ ғасырдың басына дейінгі тарихы.

Зерттеу пәні: «Корея Республикасы» тақырыбын теориялық және оқытудың жаңа технологияларымен, әдіс-амалдармен зерттеу.

Ғылыми болжам: Корея Республикасының саяси-экономикалық, әлеуметтік тарихына қатысты қосымша мағлұматтар беру оқушылардың осы тақырыпты терең түсінуіне, білім сапасының артуына, азаматтық тұғырын анықтауға үлес қосады.

Зерттеу методологиясы: Соңғы жылдары жарық көрген зерттеу еңбектер, мақалалар өткен тарихымызды теориялық тұрғыдан талдауда кеңінен пайдаланылды. Зерттеу барысында соңғы уақыттарда қалыптасып келе жатқан жаңа бағыттағы ғылыми ой-пікірлер мен тұжырымдарды, жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан жазылған еңбектер басшылыққа алынды. Сондай-ақ зерттеуде нақты-тарихи, салыстырмалы-тарихи талдау, жинақтау және қорыту әдістері, логикалық статистикалық әдістер қолданылды. Мәселе нақты тарихи қажеттілік, тарихи тағылым, тарихи процестің объективтілігі тұрғысынан қарастырылды. Зерттеу методологиялық объективтілік, тарихилық және жүйелілік пен даму сияқты ғылыми таным принциптеріне негізделген.

Зерттеу әдістері: Диплом жұмысын жазу барысында материалдарды жинау, жүйелеу, сараптама жасау, салыстыру, талдау, ізденіс әдістері (кітапхана, ғаламтор) қолданылды.

Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері: Корея Республикасының екінші дүниежүзілік соғыстан бүгінгі уақытқа дейінгі тарихын қамтиды (1945-2009 жылдар)

Практикалық-педагогикалық маңызы: «Корея Республикасы» тақырыбына арналған сабақ үлгісін, Корея елінің саяси тарихы атты сыныптан тыс жұмыстың үлгісін, «Корея Республикасының тарихы» атты интеллектуалдық ойынның үлгісін практиканттар мен жас мұғалімдер өз сабақтарында қолдана алады.

Ғылыми жұмыстың құрылымы: Ғылыми жұмыс үш тараудан тұрады. І тарау Екінші дүниежүзілік соғыстан- XXI ғасырдың басына дейінгі Оңтүстік Корея мемлекетінің қоғамдық-саяси өмірі деп аталады және оның өзі үш бөлімге бөлінеді. Біріншісі - Кореяның жіктелуі және Кореядағы 1950-1953 жылдардағы соғыс; екіншісі - Екінші дүниежүзілік соғыстан-бүгінге дейінгі Корея Республикасының саяси жүйесінің қалыптасуы; үшіншісі-Корея Республикасы мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық байланысы деп аталады.

Корея Республикасының әлеуметтік - экономикалық және мәдени даму ерекшелігі деп аталатын ІІ тарау екі бөлімнен тұрады. Біріншісі - Оңтүстік Кореядағы әлеуметтік–экономикалық саясат, ал екіншісі - Кореяның мәдениеті.

Үшінші тарау Оңтүстік Корея тақырыбын мектепте оқыту әдістемесі жайында болмақ, бірінші бөлімінде Оңтүстік Корея тақырыбын мектеп курсында оқытудың әдістемелік жолдары көрсетіліп, сабақ үлгісі ұсынылған. Корея елінің саяси тарихы атты сыныптан тыс жұмыста өздік жұмыс түрінде берілетін тапсырмалар берілген. Әрі «Корея Республикасының тарихы» атты интеллектуалдық ойын үлгісі де ұсынылған.

Қорытынды бөлімде жалпы диплом жұмысында баяндалған мәліметтерді қорытындылап жаздым.

Диплом жұ...

Предпросмотр онлайн:

Скачать 19.05 Kb

Посмотрите также:

— Методическая разработка урока по учебной дисциплине «История» по теме «Холмогорский район в годы Великой Отечественной войны. 1941-1945».
— Реферат "Основные сражения Второй мировой войны"
— "тарих сабағында диалогты оқытудың тиімділігі" шығармашылық жұмыс
— Исследовательская работа " Гражданин.Воин.Учитель"
— Исследовательская работа: "Выдающийся российский реформатор граф Д.А. Милютин" - Сагайдачная К.А., Цыба В.В.