"Паскаль заңы. Гидравликалық машиналар" 7 сынып

Предмет: Физика
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың тақырыбы:  §34-35. Паскаль заңы. Гидравликалық машиналар.

Паскаль шары деп аталатын құралмен тәжірибе жасап көрейік. Ол бір жазықтық бойында орналасқан саңылаулары бар шардан және поршеньді цилиндрден тұрады. Егер шарға су немесе түтін толтырып, поршеньді бассақ, шардың саңылауларынан су немес түтін барлық бағытқа бірдей ұзындықта шапшып немесе будақтап шығатынын байқаймыз. Бұдан қысымның барлық бағытқа таралып қана қоймай, оның мәнінің де бірдей болатыны көрінеді. Бұл сұйықтар мен газдардың өзіне түсірілген қысымды барлық бағытқа бірдей жеткізетінінің дәлелі.

Көптеген  бақылауларға сүйене отырып, француз ғалымы Блез Паскаль сұйықтар мен газдардың қысымды барлық жаққа бірдей жеткізетінін дәлелдеді.

Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым осы сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі.Бұл қағида Паскаль заңы деп аталады.

Техникада іс – әрекеті сұйықтардың тепе – теңдігі мен қозғалыс заңдарына негізделген машиналардың алуан түрі пайдаланылады. Бұлар гидравликалық машиналар (грекше гидор – су, аулос – түтік) деп аталады. Мыс: автомобильдер, жүк машиналары мен автобустардағы гидравликалық тежегіштер; тракторлардағы ауыр жүкті көтеруге арналған гидравликалық көтергіштер; гидравликалық түрде көтерілетінорындықтар және тағы да басқа қарапайым түрдегі тетіктер гидравликалық машиналар болып табылады. Өйткені, бұлардың барлығында да сұйықтардың қысым күші пайдаланылады. 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 22.3 Kb
Количество скачиваний: 40
Просмотров: 160

Похожие материалы