План урока по казахскому языку на тему "теңгенің шығу тарихы" 5 класс

  1. Материалы для учителя
  2. ИЗО, МХК

Автор материала: Тилейхан Амангул Тилейханова

Содержимое документа:

Пән: Қазақ тілі

Сынып: 6 «Б»

Күні: ____________

Сабақтың тақырыбы: Теңгенің шығу тарихы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Оқушыларға еліміздің экономикасы, ұлттық валютасы, оның шығу тарихы туралы мағлұмат беру арқылы білімдерін жетілдіру.
Дамытушылық мақсаты: Күнделікті өмірмен байланыстыра, ақпарат құралдарының мәліметтерін пайдалана отырып, оқушылардың ой — өрісін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосуға ықпал ету, еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін ояту.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ — жауап, баяндау, талдау, жинақтау, иллюстрация, ойын.
Сабақтың көрнекілігі:, слайд.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, дүние жүзілік тарихы
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: 

Жаңа сабақты меңгеру
Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін жариялаған соң еліміздегі экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени салаларын дамытуда жұмыстар жасай бастады. Экономикалық саласына тоқталсақ: экономикалық реформа қабылданды. Жоспарлы — әміршілдік экономикалық даму жолынан нарықтық экономикалық даму жолына бет алдық. Тәуелсіз мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі — оның ұлттық валютасы болып табылады. Сондықтан 1992 жылдың 12 қаңтарында Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен ұлттық валютаны дайындауға кірісті. Төмендегі тақырыптар бойынша түсініктеме жұмыстары жүргізілді.  Теңгенің  16 – ға жуық құпия қорғанысы  белгісі бар. Ұлттық  валютамыздың   дизайның     жасаушы  авторлық  топтың   жетекшісі  Тимур  Сүлейменов  болды. Төл  теңгеміз  тек өз  еліміздің  экономикасын  ғана емес, көрші  жатқан елдің   экономикасына  да үлесін  қосты.  Одан түскен пайда елге  оралып  экономикамыздың  дамуына , халықтың  тұрмысын жақсартуға  жұмсалуда.
Теңге  - біздің  дербес  ел   болғанымыздың   белгісі . Басқаның   валютасына  тәуелді  болу -  барлық   байлығыңды біреудің  билігіне беру. Ұлттық  валюта – еліміздің  даму көзі, әлемдік  деңгейге  теңелудің алғашқы факторларының   бірі. Ол барлық уақытта тәуелсіздігіміздің  қамтамасыз етеді.
ҚР 1995 жылғы 30наурызда  №2155  Заңына сәйкес ҚР Ұлттық банкі 2006жылғы үлгідегі    номиналы  200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000  теңгелік  банкноттары  айналысқа  шықты.

Оқулықпен жұмыс.

1-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңдер. Мәтінге ат қойыңдар.

Теңгенің шығу тарихы бар. Ұлттық теңгені жасауға екі жыл уақыт қажет болды.Қазақстан өз төл ақшасын шығару үшін 1990 жылы теңгенің алғашқы үлгісін жасайтын арнайы жұмысшы тобын құрды. Ең алғашқы теңге Англияның ең көне әрі әйгілі Харрисон және ұлдары фаврикасында басылып шықты. 1995 жылы Алматыда өз банкнот фаврикамыздың тұсауы кесілді. Қазір Тәуелсіз Қазақстан төл валютасын өз елімізде басып шығарды. 2006-2011 жылғы банкнот фаврикасы ұлттық ақшаның түрлерін басып шығарды. Теңгенің 2006 жылы дизаины өзгерді.

2-тапсырма. Мәтін негізінде кестедегі мәліметтерді пайдалана отырып, сөйлемдер құраңдар. Жуан буынды сөздерді екі сызықпен белгілеңдер. Айырмашылығын түсіндіріңдер.

Жаңа сабақты бекіту
Жаңа сабақты бекіту мақсатында «Қазақстан аумағындағы ақшалар» атты ойын ұйымдастыру. Оқушылар жаңа сабақтың сұрақтарына жауап беру арқылы тақтадан ұлттық валютамыз теңге айналымға енгенге дейін Қазақстан аумағында қолданыста болған ескі ақшалардың суреттерін толық көре алады.
Сұрақтар:
— Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңге тұңғыш рет айналымға қашан енгізілді?
— Ұлттық валюта теңгенің дизайнын кімдер жасады?
— Не себепті теңге атауы таңдалды?
— Теңгенің алғашқы айналымында қандай номиналды банкноттар шықты? Кімдер бейнеленді?
— Теңгенің алғашқы айналымында қандай номиналды банкноттар шықты? Кімдер бейнеленді?
— Қазіргі айналымдағы ақшалар қашан енгізілді? Ерекшелігі неде?
— Қандай мерейтойлық және ескерткіш ақшаларын білесіңдер?
Қорытындылау: Сабаққа белсене араласқан оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктеріне тоқталу, бағалау.
Үйге тапсырма:
• Теңгенің шығу тарихы (конспект бойынша) әңгімелеп келу.













Предпросмотр онлайн:

Скачать 14.59 Kb

Посмотрите также:

— Практическая работа по литературе для учащихся 5 классов «Дневник Васютки Шадрина», (Астафьев В.П. «Васюткино озеро»)
— Урок + презентация по естествознанию в 5 классе «Приключения с магнитом»
— Сценарий внеклассного мероприятия-викторины для 5 класса «Правовой калейдоскоп»
— Урок по татарскому языку для 5 класса (русскоязычной группы) «Габдулла Тукай музее»
— Урок природоведения + лабораторная работа для 5 класса по теме «Культурные растения»