Презенатация "Педагогиканы оқыту технологиясы"

  1. Материалы для учителя
  2. Социальному педагогу

Автор материала: Токебаева Молдир Анарбековна

Содержимое документа:

Слайд 1Педагогиканы оқыту технологиясы Дайындаған:Токебаева Молдир Анарбековна
Слайд 2Жоспар: - Оқыту тұтас педагогикалық үдерістің бөлшегі ретінде -Педагогиканы оқытудың заңдылықтары мен принциптері - Педагогиканы оқыту үдерісінің ерекшеліктері - Қорытынды
Слайд 3Оқыту туралы түсінік Оқыту – алдын ала жоспарланған мақсатты түрде бағытталған іс-әрекет, оны орындау барысында білім алушылардың білім алуы, тәрбиеленуі және дамуы жүзеге асады, сонымен қатар адамзаттың, іс-әрекеттің және қарым-қатынастың жекелеген қырларының тәжірибесі меңгеріледі.
Слайд 4Оқытудың негізгі сипаттары: -екіжақтылық, ол субъектілердің өзара байланысына негізделеді; - қызметтің мазмұндық және іс-әрекеттік жақтарының бірлігі; - танымның ерекше үдерісі; - тұлғаның жан-жақты дамуына бағыттылығы; - басқарушылық.
Слайд 5Мақсат Міндеттер Мазмұн Әдістер Құралдар Формалар Нәтиже Оқытушы іс – әрекеті Білім алушы іс - әрекеті Өзара әрекеттестік, бірлескен іс-әрекет
Слайд 6Педагогиканы оқытудың заңдылықтары мен принциптері Оқыту заңдылықтары дегеніміз бұл оқыту үдерісінің құрамдық бөліктерінің арасындағы объективті, мәнді, тұрақты, қайталанатын байланыстар. Педагогиканы оқыту заңдылықтары оқыту үдерісінің компоненттері арасындағы байланысты көрсетеді. Заңдылықтардың жалпы және жеке, ішкі және сыртқы, дидактикалық және оқу-танымдық, психологиялық және ұйымдастырушылық түрлері болады.
Слайд 7Заңдылықтардың түрлері Жалпы Жеке Сыртқы Ішкі Дидактикалық Оқу танымдық Психологиялық Ұйымдастырушылық
Слайд 8Жалпы дидактикалық принциптер – оқу мазмұнын жалпы мақсаттар мен заңдылықтарға сәйкес анықтайтын педагогикалық теорияның, концепциялардың негіздері. Олар мынандай принциптер : -білім берушілік, дамытушылық және тәрбиелеу принциптері; -оқу үдерісінің мазмұны мен әдістерінің ғылымилық принципі; - оқытудың практикамен байланыстылығы принципі; - жүйелілік пен бірізділік принципі; - көрнекілік принципі; - саналылық пен белсенділік принципі; - беріктілік принципі; - бағыттылық принципі; - сәйкестілік принципі;
Слайд 9Педагогикалық пәндер интеграциясы Педагогикалық пәндер интеграциясы – педагогикалық білімдер жүйесін бір тұтас бірлік ретінде меңгеруге әкелетін, педагогикалық дайындық жүйесі аясында өтетін үдеріс.
Слайд 10Оқыту үдерісінде студенттердің оқу іс-әрекеті ерекше орын алады. Адамның қоршаған ортаның шынайылығын танып білуі оның әрбір өмірлік қадамында, әрбір іс-әрекетінде (ақыл-ой еңбегі, әлеуметтік-пайдалы еңбек, көркем шығармашылығы және т.б.) жүзеге асатындығы барлығымызға аян. Педагогиканы оқыту үдерісінің ерекшеліктері
Слайд 11Психологиялық – педагогикалық іс - әрекет Танымдық іс - әрекет Интеллектуалды іс – әрекет Ақыл – ой іс – әрекеті Оқу іс – әрекеті Ілім

Слайд 13Оқу-танымдық іс-әрекеттің негізгі уәждері Сыртқы уәждер -әлеуметтік ортаның талаптары; -мадақтау; -жоғарғы рейтинг; -болашақтан игі істерді күту және т.б. Ішкі уәждер -болашақ мамандығына деген қызығушылық; -өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі көрсету қажеттілігі; - білімге деген қызығушылық т.б.
Слайд 14- толыққанды білім жеткіліксіз болған жерде сұрақтар қою, тапсырмалар беру; -сұрақтан жауапқа өткен кезде өз пікірін дәлелдеп, оны қорғай білу позициясын қалыптастыру; -әр түрлі көзқарастарды тоғыстыру және сыни ойлауды дамыту; -семинарлардың пікірталастық сипатта өтуі; -ғылымды практикамен байланыстыру; -студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру; -сабақ басында бірлесіп мақсат құру: – Біз білеміз... – Біз үйренеміз...; -қорытындыларды бірлесіп жасау, рефлексия өткізу: – Біз білдік... – Біз үйрендік...– Бұл бізге мына жайттарды білуге үйретті... – Біз болашақ педагогтар ретінде...және т.б. Педагогикалық білім, іскерлік және дағдыларының қалыптасу тәсілдері;
Слайд 15Қорытынды Тұтас педагогикалық үдеріс екі өзара байланысты оқыту және тәрбие үдерістерінен тұратыны бәрімізге белгілі. Оқу үдерісін ұйымдастырудың жалпы нормалары оқытудың заңдылықтарымен, принциптерімен байланысты. Заңдылық бүтіннің құраушы бөліктері арасындағы өзара қайталанатын, тұрақты, негіздік, объективті байланыстарынан көрініс табады
Слайд 16Назарларыңызға рахмет!

Предпросмотр онлайн:

Скачать 673.18 Kb

Посмотрите также:

— Лекция для педагогов-психологов «Интернет зависимость»
— Презентация по профориентации «Мир профессий»
— Презентация: «Личностный смысл - регулятор учебного материала»
— Презентация к родительскому собранию «Что чувствует ребёнок, когда дома ссора»
— Презентация «Семья и семейные ценности»