Сайыс жоспары қазақ тілі пәнінен "Сөз мерген" сайысы (10 сынып)

Предмет: Другое
Категория материала: Презентации
Автор:

«Сөз мерген» сайыс сабағы

1-жүргізуші

Тіл деген- алып мұхит түбі терең,

Піспегі толқын шашқан күбі ерен.

Қадірін тілдің сұра сақаулардан,

Көзіне жас алып бір күбірлеген.

Саламатсыздар ма, құрметті  ұстаздар мен студенттер!Бүгінгі тіл мерекесіне арналған «Сөз мерген» атты сайыс сабағына қош келдіңіздер!

Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар. Сонымен қатар өз тілі бар.Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Көп ұлтты мемлекет үшін мемлекеттік тіл өте қажет.

2-жүргізуші. Саламатсыздарма, құрметті ұстаздар мен студенттер!

 Сіздерді бүгінгі тілдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.Мемлекеттік тіл – көп ұлтты елдің барлық халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты құралы. Олай болса, қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер мен білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен-кеткенін зерделеп, оны әлемге таныта аламыз. Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп, мәдениетін қадірлей аламыз.

Тілім менің- қазынам қасиетім,

Қасиетім бар әлем бас иетін.

Тілі жоқтың түрі жоқ, түбірі жоқ.

Бола көрме, Ана тіл қасіретім

дей отырып, бүгінгі біздің тілдер мерекесіне арналған «сөз мерген» сайыс сабағымызға қош келдіңіздер!

Сабақтың мақсаты:

Қазақ халқы сөз қадірін біліп, қасиетті сөздерді аузынан тастамай, елін қастерлеп жатқан халық екенін түсіндіре отырып,тіл мәдениеті мен сөйлеу мәдениетін жетілдіру, шешендік өнерді жастар арасында насихаттау, студенттердің тіл байлығын, сөздік қорын молайту және ойлау, есте сақтау,зеректік қабілетін дамыту.

1-жүргізуші        

Сайыс барысы:

1-кезең. “Сәлем- сөздің анасы” таныстыру

2-кезең.  Поэзия минуты өлең оқу

3-кезең.  “Мақал – сөздің мәйегі ” мақал сайысы

4-кезең   Жұмбақтың шешуін тауып, үш тілге аудару.

5-кезең. “Өнер алды-қызыл тіл” капитандар сайысы

Сайысты бастамас сайыс барысын студенттердің білімін,өнерін бағалап барушы қазылар алқасымен таныс болыңыздар. 2-жүргізуші  

1-кезең  «Сәлем- сөздің анасы» таныстыру.

Екі  « Сұңқар» және «Тұлпар» топтарының топ басшылары өз топтарының атын қорғап, ұрандарымен  таныстырып өтеді

Мен -қазақ, қазақпын деп мақтанамын,

Ұранға «Алаш» деген атты аламын.

Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ,

Мен неге сайысудан сақтанамын!
1-жүргізуші   2-кезең.  Поэзия минуты.

Тілім деген- жарық жұлдызаспандағы.

Арманның қиял жетпес баспалдағы.

Қадірін тілдің сұра мылқаулардан,

Көлінен ұшпай қалған қасқалдағы.

екі топтың студенттері өз өлеңдерін оқиды.

Жавахир:Күш кеміді айбынды ту құлады,

Кеше батыр бүгін қорқақ бұғады.

Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,

Қан суынған,жүрек солғын соғады

Жансая:  Жарық көрмей жатсаң да ұзақ,кен тілім,

Таза,терең,өткір күшті кең тілім.

Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа,

Ақ қолыңмен тарта аларсың,сен тілім!

Жанар: Туған тілім- тірлігімнің айғағы,

Тілім барда, айтылар сыр ойдағы .

Өссе тілім- мен де бірге өсемін ,

Өшсе тілім- мен де бірге өшемін.

Хуликар: Сүйемін туған тілді-анам тілім,

Бесікте жатқанымда берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнін.

Аяулым: Туған тілім-бабам тілім-өз тілім,

Туған тілім-анам тілім-өз тілім.

Туған тілім-далам тілім-өз тілім

 Туған тілім-адам тілім-өз тілім!

Фарида: Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып - ақ алыңдар!
Гулисар:  Әрадамда өз анасынан басқа,

Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада.

Болу керек құдіретті төрт ана

Туған жері-түп қазығы, айбыны,

Туған тілі-сатылмайтын байлығы,

Туған тілі дәстүр, салт-санасы тірегі

Қадамыңа шуақ шашар үнемі.

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 33.55 Kb
Количество скачиваний: 28
Просмотров: 131

Похожие материалы