«Шәйдің тарихы» тақырыбына ғылыми жоба

  1. Материалы для учителя
  2. ИЗО, МХК

Автор материала: Аубакирова Гульнара Каримжановна

Содержимое документа:

«Атбасар ауданының білім бөлімінің №6 орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі






Байтлеуова Диляра

3 «Ә» сынып


«Шәйдің тарихы»


Бағыты: Мәдениет және Тарих


Секция: Экология





Жетекші: Аубакирова Гульнара Каримжановна


№6 ОМ

2017ж

Мазмұны




Аннотация

Кіріспе ......................................................................................................... 3

1.Негізгі бөлім.................................................................................................. 4-6

1.1 Шайдың шығу тарихы

1.2Шай ағашы

1.3Шай әзірлеу ерекшеліктері

2. Зерттеу бөлімі..........................................................................................6-8

2.1Шайдың емдік қасиеттері

2.2Көк шайдың пайдасы

2.3Қандай кезде шай ішпейді?

2.4Ыстық шай ағзаға зиян

3. Қорытынды бөлімі.................................................................................9

3.1 Шай – адам денсаулығына қажетті құндылық

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................10



















Аннотация

      Бұл жоба қазақ халқының сусыны – шайдың пайдасын зерттеуге арналған. Шай ағашы – 100 жыл өмір сүретін көпжылдық өсімдік. Бұл сусын адам денсаулығына өте пайдалы. Жобада шайдың шығу тарихы, емдік қасиеттері және зияны туралы толық айтылған.

     Жобаның негізгі мақсаты:

дұрыс әзірленген шай адам организміне жақсы әсір ететінін  зерттеу.
жобаның міндеттері:
1. шайдің шығу тарихымен танысу;
2. шайдің пайдалы және зиян қасиеттерін зерттеу;
3. шайды дұрыс әзірлеу технологиясымен танысу.

Мәселе: Шайдың адам денсаулығына пайдасы бар екенін зерттеу

Зерттелетін зат: Шайдың тіршілікке қажетті құндылығын зерттеу.

 

 

 



























3

Кіріспе

      Біздің елімізде қою сүт, қаймақ қатқан шай ішпейтін адам жоқ. Шай мен кофе, жеміс шырындары мен квас – негізінен, алкогольсіз сусындар. Олардың кең тарап, кең тұтылуының сыры – сүйкімді дәмінен, жұмсақ стимуляторлық әсерінен. Қазір ауыз суына хлордың қосылуы салдарынан бұл сусындардың дәмдік сапасы өз деңгейінде емес. Алайда хлорсыз, бактериялық жолмен өңделген, терең артезиан құдықтарынан алынған, мөлдір, таза күйінде дүкендерде сатылатын (бұлақ суы) ауыз суынан дайындалатын шай, кофе өте дәмді келеді. Әйтеуір, қандай судан қайнатып ішсе де шайдың жаманы жоқ және де қазақтай шайқұмар халық аз шығар, сірә…

Қазақтар үшін де шай ерекше сусын деуге болады. Алғаш қазақ даласына шай келе бастағанда оны аса жақтыра қоймаған.

Тар шалбар, бешпент шықты қынамалы

Жігітке шапан киген ұнамады.

Сары жез самауыры тағы шықты

Машина шүмегі бар  бұрамалы

Төсектен ерте тұрып бас ауырса

Бөтен ем шайдан басқа сұрамады.

Әбубәкір Кердеріұлы шай алғаш келе бастаған тұста осылай жырлапты.

Жалпы осы тұста шай қайнататын самаурын шаймен бірге орыстардан келді деген түсінік бар. Бірақ тарихшы этнограф Мұрад Аджиев орыстардың  ұлттық нышан ретінде көретін самаурынды далалықтардан алған деген пікірі бар: «Осы самауыр бізге  шумерлерден келген, «су» – су түрікше, «мавар» – құмыра тәріздес ыдыс.»- деген мағына береді деп тұжырым жасайды.

 













4

1.Негізгі бөлім

1.1 Шайдың шығу тарихы

 Шайды ХІХ ғасырдың ортасына дейін дүниежүзіне Қытай өзі ғана  сатып келді. Қытайлықтар шай өндіру сырын жібек, фарфор, дәрі өндіру құпиясын жасырғандай, керемет ұқыптылықпен басқа халықтардан жасырып келді. Бірақ, осы шайдың сырын үйренуге көпшілік құлшынып отыр еді. Бұны білмекке құмартқан ағылшынның  кәсіпкері  бір көңілшек қытайға көп ақша беріп оны әзірлеу технологиясын үйренеді. Бұл- қытайларды шай сатудан түсетін орасан зор пайдадан айырды.

Яғни шайдың бұтадан дайындалатыны құпия болмай қалған сәтте оны саудалайтын нарыққа талас басталып кетті. Шайдың отаны сонымен – Қытай. Біз шай деген атауды солтүстік (Пекин) диалектісі «ча» атауынан алсақ, француздар «тэ», ағылшындар «ти» деп атауды оңтүстік қытай диалектісінен алған.

Қытайлықтардың аңызы бойынша, Дарма есімді үнді ханзадаларының бірі Буддаға табынады екен. Ол бүкіл қытайды осы дінге енгізуге құмартыпты.  Бұл үшін ол күндіз-түні тынбай, көз ілмей еңбек етуге тиісті болыпты. Бірақ, бір күні байқамай көзі ілініп кетіпті. Соған күйінген ол кірпіктерін кесіп алып анадай жерге лақтырып жіберсе, кірпіктері сол сәтінде бұтаға айналып кетеді. Осы бұтаның жапырағын аузына салып, дәмін алып көрсе шаршағаны басылып ханзаданың ұйқысы қашады.

Бір қызығы шай мен кірпік сөзі қытай иероглифінде бір таңбамен белгіленеді. Бізге жақсы таныс байха шайы да осы аңызбен сабақтасып жатыр.  Шай қорабының сыртындағы байха «Бай-хао»  сөзбе-сөз «ақ кірпік» деп аударылады. Қытайлар шай жапырағының төменгі жағындағы ашық түсті мүк секілді талшықтарды солай атайды. Олардың санына қарай шайдың сапасы анықталады.

Ертеде қазақтар осы шайды «аққұйрық»  деп атаған екен.

Қазір Қытай дүниежүзі нарығына шай өндіріп, сатудан соңғы орындарда қалды.  Франция үшін шарап қандай тарихи, әлеуметтік-экономикалық маңызы болса шай өндіру қытайларға сонша маңызды. Қытайлар көк шай өндіруден қазір де ешкімге дес бермейді. 150 жыл бұрын ағылшындар шайды қытайлардан сатып алып келді.

 

1.2 Шай ағашы

Шай бұтасы — күй талғамайтын, тамырлы, көпжылдық өсімдік. Дегенмен жер қыртысы мен климаттық жағдайлардың өзгерісін жылдам сезінеді. Жапырақтары кезектесе орналасқан, қалемше тәріздес, жылтыр, шеттері



5

өткір тісті, ұзындығы — 7, ені 4 сантиметр болады. Шай жас жапырақтардан, оның бүрлерінен өндіріледі. Алғашқы өнім бірінші вегетациядан кейін жиналады. Шай өнімдерінің ішіндегі  ең бағалысы —бірінші және екінші бүрлері. Бірінші өнім, әдетте, ақпан айынан бастап наурыз айына дейін жиналады.
Шайдың жабайы өсетін екі түрі бар. Біріншісі, қытай шайы — Оңтүстік-Шығыс Азияның таулы аймақтарында, екіншісі, ассам шайы Үндістанның Ассам ормандарында өседі. Бұл екі шайдың табиғи гибриді цейлон шайы деп аталады. Оның да екі түрі бар. Олар жер шарының тропиктік және субтропиктік аймақтарында өсіріледі. ТМД елдерінде Әзірбайжан, Грузия, Ресейдің Краснодар өлкесі мен Грузия жерлерінде қытай шайының негізінде шайдың бірнеше сұрыптары өсіріледі. Шай ағашы 100 жылдай өмір сүріп, 70 жыл өнім береді.

 

1.3 Шайды әзірлеудің ерекшеліктері

Әр халықтың шай әзірлеуде өзіндік ерекшеліктері бар дәстүр қалыптасқан. Мысалы қытай, жапон халықтары шайға қант қоспай ішеді. Орыс, голланд және көптеген Еуропа елдерінде қанты бар шайды ұнатса, қырғыз, қалмақ, моңғол, тибеттіктер шайдың дәмін тұзбен  келтіреді. Ағылшындар  сүт үстіне шай құяды, керісінше істеу надандық болып саналады. Олардың пайымдауынша бұлай ету шайдың дәмін жоғалтып хош иісінен айырады делінеді. Голланд, шотланд, қалмақтар керісінше шай қайнаған соң сүт қатады.

Шай ішу жапондықтар үшін үлкен рәсім. Қатал дзен-буддизмге құрылған «гя-до» шай ішу рәсімі әуелде Қытайда пайда болған. Кейін бұл рәсім жапон тұрмыс салтына еніп кеткен. Содан бері рәсім тәртібі онша өзгермеген. Жапондар өздерінің ерекше көк шай «о-тяны» қант салмай ішеді. Кез-келген мекемеде «отякумдар» яғни шай дайындап құюшы хатшы қыздар болады екен. Олар күніне 3 рет қызметкерлерге шай дайындап береді. Жапондар шай өсіргенімен оны сыртқа шығарып сатпайды десе де болады. Шайдың түрлері:

Шай — байха (үгітілген) және тақта шай (престелген) деп бөлінеді. Байха шайы: қара (ең көбірек тарағаны), көк және сарғыш қара, көк шай. Онда белокты заттар мен амин қышқылдары (16 пайыздан 25 пайызға дейін), пигменттер (бояғыш заттар 10 пайызға дейін), А1, В1, В2, РР, С тағы да басқа дәрумендер бар. Шайдың сергітетін әсері оның құрамындағы кофеинге байланысты. Шайдағы эфир майы 0,006 – 0,02 пайызға жуық. Ол шайға хош иіс, тіл үйіретін дәм береді. Сары шай — өте сирек кездеседі және шайдың ең қымбат түрі. Жылына 300-600 келі ғана өндіріледі. Бір ғана жерде, яғни Дунтиху өзені ортасындағы аралда өседі. Өте қатқыл, әсері күшті. Дайындау тәсілін қытайлықтар өте құпия ұстайды. Адам қуатын тез арада қалпына келтіреді.







6


Улун шайы — жартылай ферментті, ашық түсті. Бас пен ми жұмысына күш түскенде өте жақсы жәрдемдеседі.
Қызыл шай — (бізше қара шай) күшті ферменттелген шай. Бұл да көк шайға жатады, бірақ жиналғаннан кейін өте жоғары температурада кептірілген.
Қара пуэр — тым сирек кездесетін сорт. Жылына бірнеше келі етіп қана жасайды. Бұл шай кездейсоқ дайындалған. Шай плантациясынан дүкендерге әкелгеннен кейін, жаңбыр астында қалып қойып, қатты дымқылданған. Сөйтіп, бірнеше жылдар бойы қожайынның қоймасында жатқан. Кейін шайдың бір қорабын алып, дәмін көргенде қожайын шалқасынан түсе жаздапты.
Пуэр —  уақыт өткен сайын бағасы, құндылығы өсіп келе жатқан шайдың жалғыз түрі. Ол шайдың басқа шай түрлерінен әсері өте күшті.
Гүлді шай — гүлмен дәмін келтірген, жан рақаты үшін ішеді.

 

2.Зерттеу бөлімі

2.1 Шайдың емдік қасиеттері

Ертеде шайды адамды түрлі улану кезінде және ой, дене еңбегінен шаршаған нан арылу үшін дәріге ішкен. Қара шайға қарағанда көк шай адам ағзасына өте пайдалы. Мысалы: Өзбекстан тіс дәрігерлері оқушылардың тіс ауруымен сирек ауыратыны байқаған. Кейін белгілі болғандай көк шайдың құрамында эмальдың бұзылуына жол бермейтін фторлы заттар бар екен.Шай бүйрекке тас байлануды болдырмайды. Қытайлықтарға бұл аурудың белгісіз болып келуі сондықтан. Көк байха шайы қырқұлақ және дәрумен жеткіліксіздігіне бірден-бір ем.

Предпросмотр онлайн:

Скачать 43.33 Kb

Посмотрите также:

— Автореферат диссертации "Конструкции вывода-обоснования в современном мокшанском языке"
— «Бонсай-исскуство выращивание карликовых деревьев».
— Ғылыми жобаның тақырыбы: Жасыбай батырдың ерлік жолынан естелік
— Ересек адамдардың бала тілінің дамуына әсер етуі.
— Гуманистическое наследие просветителей в культуре и образовании", приуроченной к Дням Мифтахетдина Акмуллы