Сынып сағаты "Жедел жәрдем" 5-сынып

Предмет: Директору-завучу
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Жедел жәрдем беру.

Сабақтың мақсаты:

1.     Оқушыларға судан қорғану туралы мәліметтер беру.

2.     Алғашқы жәрдем қалай берілу керек екенін түсіндіру.

3.     Оқушыларға абайлап жүруге үйретіп, ережелерді сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру.

Мұғалім сөзі: Балалар, енді міне, жайдарлы жаз шықты. Жаз айларында суға түсуге, яғни өзен - көлдерге өте көп балалар барып, суға түседі. Бірақ олар сақтық шараларын орындамайды. Содан кейін барып зардап шегеді. Ал сол зардап шеккен балаларға не істеу керек?

      Зардап шегушіні бүйіріне немесе ішіне жатқызып, ауызын тазарту керек және нашатыр спиртін иіскету керек. «Жедел жәрдем» шақырып, дәрігер келгенше тыныс алуын қадағалау керек. Тыныс алу жиілігі минутына           8-10 –ға дейін төмендейтін болса, «ауыздан - ауызға» әдісімен жасанды дем алдыру қажет.

     Жасанды жолмен дем алдыру  зардап шегушінің  өмірін сақтап қалуға көмектеседі!

     Зардап шегушінің ес-түссіз арқасында жатып қалуына жол бермеңіз.

Дәрігер мен туыстарынан оның қалай зардап шеккенін  жасырмаңыз.

Дұрыс емдеу үшін зардап шегушінің неден  уланғанын дәрігердің білуі керек. Зардап шегушіні маманның қарауы керек.

      Тұрмыстық жағдайда медикамент емес заттардан  улану да жиі кездеседі. Көмек көрсету барлық улану жағдайындағы сияқты болуға тиісті-ең бастысы ас-қазанды тазарту керек. Жиі кездесетін қателік –уды химиялық жолмен залалсыздандыруға жол бермеу керек.Бұл жағдайда науқастың халы нашарлап кетуі мүмкін. Кез-келген улану кезінде активтендірілген көмірді беруге болады. Бұл препарат уландырғыш затты байланыстырып тастап, адам ағзасына сіңуге кедергі жасайды. Бірақ бұны адамның асқазанын тазартқанан кейін ғана істеу керек.

Қандай кезде балалар зардап шегеді? Көбінесе балалардың зардап шегетін кездері - жаз айлары. Жаз айларында балалар қөлге шомылуға үлкендердің рұқсатынсыз кетіп қалады. Ересек балалар өздерін үлкен сезініп көлге рұқсатсыз кетіп, шомылып келеді. Соның алдын – алу шараларын жасау керек.

Суға кету. Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалыс лагерьлерінде суға кетіп өлуі жиі кездеседі. «Жедел жәрдем» келгенше зардап шегушіні судан алып шыққаннан кейін не істеу керек?

1)Зардап шегушінің ауызын жоғарыда жазылғандай қолмен немесе  орамалмен тазарту керек.

2)Тыныс алу жолдарын судан тазарту үшін зардап шегушінін басын төмен қарай түсіріп ұстау керек.

3) «Ауыздан - ауызға» әдісімен жасанды дем алдыруды және жүрекке жабық массаж жасау. Барлық жағдайда да суға кеткен адамды дәрігердің ауруханада көруі міндетті.

Термикалық күю. Отқа немесе қайнап тұрған ыстық суға күю. Күйген жерге таңғыш арқылы салқын беру керек, ол үшін салқын компресс жасауға, салқын су астында ұстауға болады. Ешқашанда күйген жердің бетін өзің тазартушы болма, жабысып қалған киімі, пайда болған жараны алып тастауға болмайды, май және басқа да  заттарды жағуға да болмайды.

     Күйік жеңіл болса, медпункте барып қаралуға болады. Ал ауыр жағдай да ауруханаға барып, жатып емделу керек.

     Адамның көзі күйген жағдайда ағып тұрған салқын сумен жуу керек. Ампуладағы новокаиннің ертіндісін тамызу керек.

      Адамның өңеші күйдіретін заттармен күйген жағдайда ауызды таза  салқын сумен, оны ішпей, жуу керек. Құстыру үшін әрекет жасау керек емес және зардап шегуге көп мөлшерде су ішкізу де дұрыс емес. Бұл оның денсаулығына зиян келтіреді.

Тұншығу. Себептері: асығып тамақ ішу, тамақ ішу кезінде сөйлеу - бұл жағдайда тамақ адамның көмейіне тұрып қалады, яғни асқазанға баратын жолға емес, өкпеге баратын жолда тұрып қалады. Бұның белгілері-тұншыққанын сезу, қақалып жөтелу, қарлыққан дауыс, сөйлей алмау. Ауыр жағдайларда тұншығудан адам өліп қалуыда мүмкін. Бұл жағдайда бәрі сізге байланысты.

      Құтқарудың бірнеше әдістері бар.Оларды пайдаланып көріңіз.Егер зардапшы тік тұра алатын болса оны арқасымен өзіңізге бұрыңыз да Хаймлихтің әдісін пайдаланыныз: түрегеп тұрған шегушіні артынан құшақтап, жұдырығыңызбен ішінен қысыңыз; екінші қолыңызды жұмылған жұдырық үстіне қойыңыз да төменнен жоғары қарай қатты басыңыз.

Егер мүмкіндік болса зардап шегушінің аузынан бітеп тұрған затты алып тастаңыз, бірақ бұл өте қауіпті, себебі зат әрі қарай кетіп қалуы мүмкін.

Бөтен заттың көзге түсуі. Көзді тез-тез жұмып, жыпылақтату керек, көзді аққан салқын сумен жууға болады.

Қорытынды.

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 36 Kb
Количество скачиваний: 8
Просмотров: 65

Похожие материалы