Сыныптан тыс іс-шараның тақырыбы: «Бас аспаз жолында»

  1. Материалы для учителя
  2. ИЗО, МХК

Автор материала: Шакиева Назгуль Аманжоловна

Содержимое документа:

«АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ» ММ


Астана қаласы әкімдігінің «Көпбейінді колледжі» МКҚК










Сыныптан тыс іс-шараның тақырыбы: «Бас аспаз жолында»


Мамандығы: 0508000 «Тамақтандыруды ұйымдастыру»

Топ: Ак-1












«Тамақтандыруды ұйымдастыру»

мамандығының циклдік комиссиясы

отырысында қарастырылып бекітілді

Хаттама № __ «____»_________2017 ж.

ПЦК төрайымы _______ Шакиева Н.А.

Дайындаған: арнайы пән оқытушылары:

Шакиева Н.А., Нурманова А.Д.




Астана

2017

Оқытушылар: Шакиева Н.А., Нурманова А.Д.

Мамандық, топ: Тамақтандыруды ұйымдастыру, Ак - 1

Іс -шараның тақырыбы: «Бас аспаз жолында»

Күні: 26.12.2017 ж.

Сабақтың түрі: Сайыс

Өтілетін орны: Акт.залы

Мақсаты: Студенттер арасында бәсекелестік қабілет туғыза отырып, мамандық игерудегі қабілеттерін тексеру

Ұйымдастырушылық кезең:


1-жүргізуші: Армысыздар құрметті студенттер, қонақтар және қатысушылар!

«Бас аспаз жолында» атты сыныптан тыс іс шарамызға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:

Аспаз, аспаз өзіңсің ғасыр адам,

Қанша бейнет көрсе де жасымаған.

Шабытыңмен қоса қолдап барлығын,

Кеуде керіп, ешқашан тасымаған- алдарыңызда

«---------» тобы және «--------» тобы қарсы алыңыздар!

1-жүргізуші: Сайыс ережесін түсіндіріп өтейін.


1-тур: Таныстыру ( уақыт мөлшері әр топқа 3 минут, жалпы – 6 минут)

Әр топ өз қатысушыларын таныстырып кете отырып, арасынан бас-аспазды тағайындайды. (жоғары балл 5)


2-тур: Үй жұмысы ( уақыт мөлшері әр топқа 2 минут)

Топқа алдын ала макарон өнімдерінен қол өнер жасап келу тапсырылды. Жасап келген қолөнерлік жұмыстарын әділқазылар алқасына тапсырылады.

( жоғары балл 5)

3-тур: «Қара жәшік» айдары (5 минут)

Топ ішінен 1 қатысушы шығып қара жәшік таңдайды, ол көзі жұмулы күйінде жәшіктің ішіндегі затты ( ыдыс түрі) тауып, оған анықтамалық беріп кетуі керек. (жоғары балл 5 балл)


4-тур: « Жылдам аспаз» айдары ( 2 минут)

Топ бірігіп жұмыс жасайды. Әр топқа 0,5 кг картоп, 0,5 кг сәбіз, 0,5 кг жуа беріледі. Олар жұмысты жылдам орындауымен, және шығынның аз болуымен бағалар қойылады. Яғни тез аршуына бір бағаланады, және шығым мен шығынның қатынасына қатысты бір бағаланады. Бұл жерде қатысушылардың шеберлілігі байқалады. ( жоғары балл: жылдамдыққа – 5 балл, тиімділікке- 5 балл)




5- тур: « Технолог» айдары (10 минут)

Топ біріге отырып берілген өнімдерден 1 тартым кеспеге қамыр дайындай отырып, кеспе кесу керек. Ол үшін топқа 10 минут беріледі. Жұмыс дайындалу күрделілігімен, формасының біркелкілігін ескере отырып бағаланады.


Әзірге 3-курс білім алушысы Акпекова Жазирадан қысқа шеберлік сыныбын тамашалаңыздар.


6-тур: « Аспаз құпиясы» айдары (3 минут)

Топ жетекшілері шығып, алдарында тұрған санды таңдайды.Санның артында жасырынып тұрған дәмдеуіштерді ұстап және иіскеу арқылы анықтап, сол дәмдеуіш туралы қосымша ақпарат айту керек. (жоғары балл 5)


Және де соңғы айдар:


7-тур: « Шеберлік» айдары ( 5 минут)

Қатысушылар 5 минуттың ішінде жылдам дайындалатын салат жасап, оны әділқазыларға ұсыну керек. Бұл жерде салаттың дайындалу күрделілігіне және топтың бірізділігіне қатысты баға беріледі. (жоғары балл 5)


Алдарыңызда 1 курс білім алушыларынан попури биі


2- жүргізуші: Дайын болған салаттар ұсынылсын, енді әр топ әділқазыларға бағытталғын 1 ауыз сөз тілектерімен немесе өлең шумақтарымен алдарыңызда!!!


Колледж білім алушылары тек мамандық алып шығып қана қоймай, сонымен қатар өз бойларындағы дарынды өнерлерін шыңдайды. Соның бірден-бір дәлелі: 2 курс білім алушысы: Жұмағұл Жігердің орындауында "Аспаздар" әні


1-жүргізуші: Бағаларды есептеуге сәл уақыт берейік. Әзірге әділ-қазылар.

(5 минут). Бағалар есептелінді. Жеңген топты марапаттауға әділ-қазылар алқасына сөз береміз. Келгендеріңізге рахмет. Сау-саламат болыңыздар!



Предпросмотр онлайн:

Скачать 57.72 Kb

Посмотрите также:

— Ребусы башкирский язык
— Статья «Описание моего педагогического кредо»
— Музыкальный спектакль для учащихся 7-18 лет «Пропавшая принцесса»
— Майстер-клас з професійної педагогіки по використанню кейс-методу
— Сценарий проведения Дня птиц