Тәрбие сағаты: "Ана - өмірдің шуағы" (2 сынып)

  1. Материалы для учителя
  2. ОБЖ

Автор материала: Төлеуова Жансая Қадылбекқызы

Содержимое документа:

«Көкпекті орта мектебі» КММ














Тәрбие сағаты


Тақырыбы: «Ана – өмірдің шуағы»








Сыныбы: 2 «Б»

Сынып жетекшісі: Төлеуова Жансая Қадылбекқызы















Көкпекті 2017 жыл

Ана - өмірдің шуағы

    

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ана - өмірдің шуағы»

Сыныбы: 2 «Б»

Күні: 06.03.17

Мақсаты:

Білімділігі: Адамда не қасиет болса да, бәрі күннің көзі мен ананың ақ сүтінен жаралған. Бала бойына осы тәрбие сағаты арқылы аналарға деген сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату.

Дамытушылығы: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай білу, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту.

Тәрбиелілігі: Ақ жаулықты аналарды құрмет тұтып, адал да парасатты ұлы мен қыздары болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Шарлар, плакатқа жазылған қаннатты сөздер.

«Ана – ұлы адам!

Ана – құдіретті жан!

Ана – өмірдің шуағы

Ана – барлық өміріміздің бастауы»


Тәрбие сағатының барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Кіріспе сөз

ІІІ. Тәрбие сағатының барысы.


І. Ұйымдастыру кезеңі.

«Менің есімім» ата-аналармен танысу рәсімі.

Мақсаты: Сәлемдесу-танысу рәсімін қызықты етіп өткізу ата-аналар арасында жағымды қарым-қатынас орнату, мерекелік кешке қатысушылардың көңіл-күйін көтеру.

Құрметті ата-аналар ең алдымен танысып алайық, алдыларыңыздағы қағазға бүгінгі кеште сіздерді қалай атаймыз, өздеріңіздің есімдеріңізді жазып қойсаңыздар. Егер есімдеріңізді жазып болсаңыздар, қағаздарыңызды ортаға алып шығып шеңбер жасап тұрайық. Енді осы қойылған есім бойынша атап, бүгінгі күнге бір-бірлерімізге тілек тілесек.

Адам баласы болғаннан соң бәріміз де жақсы тілек естігенді жақсы көреміз, жақсы тілек естісек бір сәт болсынкөңіліміз көтеріліп, бір марқайып қаламыз, көңілдің көтерілгені өздеріңіз білесіздер денсаулыққа да пайдалы, қартаююдың алдын алады.


ІІ. Көрнекілік арқылы түсініктеме беру және тақырыптың барысында кіріспе сөз сөйлеу, мақсатын түсіндіру.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Адам баласы қуанса да, қиналса да ауызға алар сөзі «ана». Ана – барлық адамның және бүкіл дүниенің тірегі. Шырылдап жерге түскеннен-ақ әр нәрестенің ең жақыны – анасы. Сондықтан анаға деген махаббат құндақта жатқан күннен-ақ  басталады.  Адамда не қасиет болса да, күннің көзі мен ананың сүтімен дарыған. Ана – өміріміздің шуағы.

Құрметті ұстаздар, аяулы аналар мен әжелер және қыздар. Сіздерді шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз – «Халықаралық әйелдер күні»  мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз. Ана қуанышы – әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке-бірлік, кенен табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілейміз.

Құрметті ата-аналар, бүгінгі  2 «Б» сынып оқушыларының дайындаған «Ана өмірдің шуағы» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

Ал, балалар, барлығымыз бірдей аналарымызды құттықтап жіберейік:

Барлығы:

Бәрімізге анасың,

Біз үшін күн боп жанасың.

Құтты болсын мейрамың

Құттықтаймыз, анашым.


ІІІ. Тәрбие сағатының барысы.


Мұғалім:

Әлемде өзгермейтін үш-ақ зат бар, ол ананың ақ сүті, күннің нұры, сәбидің күлкісі.

Ана мен бала арасын көзге көрінбейтін тылсым сырлы жіп жалғап тұрады. Міне, сол арқылы бала көңіліндегі қылаудай мұң ана жүрегіне жетеді, сол арқылы ана баласының кішкентай ғана қуанышын да бар  болмысымен  сезінеді.

Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны, сондықтан ол – сәби үшін ең жылы ұя. Ендеше осы асыл аналарымызға арналған балаларымыздың тілегіне кезек берейік.

Аружан:

8 Наурыз 2017 жыл көктемі,

Қыстың кетті аязының өктемі.

Мерекеңіз құтты болсын ханымдар,

Күндей болып жарқыраңдар көктегі!

Дамир:

Көктем күні керемет

Жаңбыр жауар себелеп.

Күн ашылса болғаны,

Көлбеңдейді көбелек.

Бар табиғат нәр алып,

Шыға келер жаңарып

Қызғалдақ боп құлпырып,

Көктем біздің балалық.



Жанайым:

Армысыздар, жиналған көрерменім,

Қалайтұғын өнердің көгергенін.

Алдыңызда ән салып, биін билеп,

Өнерлерін көрсетер өрендерің.

Ернұр:

Еркелеткен біз үшін,

Еңбек еткен біз үшін,

Еркелеткен біздерді,

Еркіндеткен біздерді.

Анамызға мың алғыс.

Әсем:

(Ерлан Жүніс. Ана жайлы ең жақсы сөз).

"Əке, əке, сен айтатын жақсы сөздер көп еді,

Айтшы енді, ана жайлы ең жақсы сөз не?" деді,

Ана жайлы ...

Ана жайлы пайғамбарлар сəлемі,

Ана жайлы ақындардың өлеңі.

Ерсін:

Ана жайлы – қара жердің төзгені,

Ана жайлы – уақыттың безбені,

Ана жайлы айтылмаған бір сөз болса əлемде,

Ол да ананың айта алмаған сөздері.

Аружан:

Ана жайлы жақсы сөзді есту үшін тыңда, ұлым,

Тыныштықты, Тауды, Көлді, Ай сəулесін, Күн нұрын,

Ана жайлы сенің тəтті қиялдарың, арманың,

Ана жайлы менің барлық шындығым.


Әлихан:

Мен айтатын жақсы сөздер көп еді,

Мен де анамды жақсы көрем, себебі!

Білесің бе, бұл əлемге адамдар,

Ана жайлы айту үшін келеді!

Назерке:

Тірегі болып жанында,

Бірге еріп жүремін.

Жанашырым жанымда,

Тек әжем деп білемін.

Ақ әжемді арқашан,

Сыйлап жақсы көремін.

Қуантайын деп оны,

Өлең айтып беремін.


Ән: Құттықтаймын, мама, туған күніңмен.


Жанна:

Жарты жанын бөліп беріп балаға, 
Ақ сүтімен әлдилеген бар ана. 
Қиын күндер кешсе дағы басынан, 
Міндет етпей жүрген адам сол ғана. 

Талант:

Құтты болсын осы шаттық күніңіз,
Бақытты да, ұзақ өмір сүріңіз.
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.

Мәди:

Өзің мені өсірген,
Айналайын ақ әжем.
Тентек болсам кешірген,
Ауырмашы, ақ әжем.

Әже деген көп шығар,
Әжемдей менің жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі,

Қандай ғажап күлкісі.

Толғанай:

Ана десем, алғыс алам халқымнан,
Ана десем, теңіз болам шалқыған.
Ана десем, ашылады қабағым,
Ана десем, әділдікті ұғамын.

Нұрлыжан:
Анам менің сүйіктім,
Тек өзіңе табынам.
Қасымда жүрсең биікпін,
Алыстасаң сағынам.

Анаң болса қасыңда,
Басқа бақыт не керек.
Аналардың жүрегі,
Мейірімді ғой керемет.

Ерсұлтан:

Әр сөзіңді жаттағам,
Жүрегімде сақтағам.
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам.

Айтсаң болды тіл алам,
Әйбат анам, әй анам.
Сені көрсем қуанам,
Сен керексің қашанда.

Бекзат:

Тентек болсам, ашынып,

Жақсы іс қылсам, асырып,

Маған сақтап жүреді,тәттіні де жасырып.

Тосып тәтті дәмдерін,

Ол бар жерде бал жедім.

Мен ұйықтарда айтады,

Ертегісін, әндерін.

Біздің үйде осындай,

Әжетайым бар менің.

Барлығы:

Әлпештеген анамыз,

Біз бақытты баламыз.

Оқып, білім аламыз,

Жұлдыз болып жанамыз.

Ерасыл:

8 Наурыз қуанышқа бөлесін!

Әкелсінші жаздың жылы елесін!

Барлық халық аман болып елімде

8 Наурызға жете беріңіздер келесі!


Ән: Апа, туған күніңмен.

 

Мұғалім:

Ана, Ана, Ана! Не деген мейірлі,  не деген шуақты сөз еді! Осынау 3- әріптен құралған қасиетті сөздің түп-төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші! Ендігі кезекте «Әжесі мен немерелері» арасындағы көріністі тамашалаңыздар. (Әсем, Ернұр, Нұрлыжан, Ерасыл, Мәди)


Ата-аналарға арналған ойын:

Мақсаты: Ана мен бала арасындағы қарым- қатынас. Түрлі- түсті шарлардың ішінде қағаздар бар. Сол түрлі- түсті шарларды әрбір ана өзіне ұнаған түсті таңдап алып, сол шарды жарып, ішіндегі түстердің нөмірін айтады.

(Әрбір таңдаған шарлардың түстерінің нөміріне қарай сұрақ қойылады, сыйлық беріледі).

Шарлардың ішіндегі түстерге арналған сұрақтар:

1. Сіз балаңызды қалай еркелетесіз? 

2. Сыйлық

3. Балаңызбен сырласасыз ба?

4. Сыйлық

5. Балаңыздың ең жақсы көретін түсі қандай?

6. Сыйлық

7. Балаңыз қандай тамақты жақсы көреді?

8. Сіз балаңыздың қандай азамат болғанын қалайсыз?

9. Сыйлық

10. Балаңызға кімді үлгі тұтасыз?

11. Сыйлық

12.  Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс ба?

13. Сыйлық

14. Жағдаят. Он жасар Даринаға қонаққа келген апасы жақсы кітап пен үлкен шоколад конфетін әкеліп берді. Дарина анасының үйреткеніндей рахметін айтып, ризашылығын білдірді де апасына «Менде мұндай кітап бар, ал шоколадты мен жемеймін» деп жауап қайтарды.

Сұрақ: Мұндай жағдайда сіз балаңызға не айтар едіңіз?

Балаңызды сыйлықты қалай қабылда деп үйретесіз?

15. Жағдаят. Соңғы кезде Сымбаттың тәрбиесіне байланысты отбасында екі түрлі көзқарас туындап отыр. әкесі Сымбатты шығыс жекпе-жегінің үйірмесіне жазамын, кейін өзін-өзі қорғап үйренеді десе, анасы қызының ол үйірмеге баруына мүлдем қарсы. Оның ойынша, бұл қыз бала айналысатын іс емес. Сымбат не істерін білмей әуре. Үйірмеге қатысқыс келеді, бірақ анасының көңілін де қалдырғысы келмейді.

Сұрақ: Мұндай жағдайда ата-ана не істеуі керек?

Сіз кімнің көзқарасын жақтайсыз?


Құрметті ата-ааналар, балалардың орындауында әзілдер топтамасын тамашалаңыздар.

* Математика сабағында: (Ерсін, Бекзат, Ерсұлтан).

* Оқушылар бейнелеу өнері сабағында сөйлесіп отыр. (Мәди, Дамир, Ерсұлтан)

* Қазақ тілі сабағында: (Талант, Ерасыл)

* Математика сабағында: (Жанна, Аружан, Толғанай, Назерке).


Мұғалім:

Ана – ол өмірдің тірегі, перзенттің жүрегі, отбасының ұйытқысы. Қандай ана болмасын, ол мақтауға, марапаттауға, құрметтеуге лайық жандар! Ендеше  балалар, Ана туралы кім қандай мақал-мәтел біледі?

1-оқушы: Атадан – өсиет, анадан – қасиет.

2-оқушы:  Ана баласын арыстанның аузынан алады.

3-оқушы:  Мылқаудың тілін анасы біледі.

4- оқушы.  Анаңа ауыр сөз айтпа, 

5- оқушы: Ана жақсылығын ауырсаң білерсің, 

6- оқушы:   Ананың сүті – бал, баланың тілі-бал.


Би:  Ендігі кезекте Айдынгүл Абылбековнаның жетекшілігімен дайындалып, би конкурсында 2-ші жүлделі орынға ие болған қыздарымыздың «Қазақ биін» тамашалаңыздар.

Мұғалім: Қыздар, мерекелерің құтты болсын.

Гүлдей болсын өмірлерің,

Нұрға толсын көңілдерің.

Биік болып жұлдыздарың,

Көктемдей құлпырып жүре беріңдер, - дей отырып, шынайы көңілден шыққан ұлдарымыздың сыйлығын қабыл алыңыздар.

Мұғалімнің сөзі: Анам менің жасыл бағым жайнаған. Сол бағында асыр салып ойнағам. Пәк жүрекпен жыр жазады перзентің, – дей келе, балалардың сіздерге арнап жасаған ашық хаттарын қабыл алыңыздар.

Осымен 2-сынып оқушыларының дайындаған «Ана – өмірдің шуағы» атты тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз. Құрметті қонақтар, ата-аналар уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге, зейін қойып тыңдағандарыңызға үлкен рахмет! Келген қадамдарыңызға гүл бітсін!

Предпросмотр онлайн:

Скачать 24.74 Kb

Посмотрите также:

— Лексические игры. Тема «Цвета» (Англ. яз. 2 класс)
— Урок русского языка «Написание гласных после шипящих» (2 класс)
— Урок математики по теме «Сложение двузначных чисел», 2 класс
— Внеклассное мероприятие для 2 класса «Хлеб - всему голова!»
— Методическое пособие «Сборник диктантов для 2 класса»