Тәрбие сағаты Ана тілім

  1. Материалы для учителя
  2. ИЗО, МХК

Автор материала: Канатова Даргуль Айжариковна

Содержимое документа:

Ана тілім – ардактым

Мақсаты:

Тілдің құдіретін, ұлтымыздың мақтанышы, айбарлы екендігін ұқтыру. Тілді ұлттық мұра ретінде қадірлеуге үйрету, туған тілін қастерлеуге тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: Даналық сөздер, қабырға газеті, « Тіл туралы Заң »

 

Барысы:

 

І-бастаушы: « Сөзден ұлы не бар!Оның ұлылығы сонда-тіл арқылы

адамдарды табыстыруға да, атыстыруға да болады. Тіл сүйіспеншілікке де, жаулық пен зұлымдыққа да қызмет етеді. Адамдарды бір-бірінен алшақтататын сөзден сақ болыңдар.» Л.Н.Толстой

 

Көрініс «Тіл туралы»

 

ІІ-бастаушы: Тіл – табиғаттың адамға берген сыйы. Тілсіз қоғам болмақ

емес. Тіл тағдыры – ел тағдыры. Ұлтымыздың бүгіні, ертеңі, болашағы ана тіліміздің даму деңгейіне байланысты. Халқымыз «бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ», «Қылыштан өткір сөз» деп, сөз құдіретін ежелден жоғары бағалаған.

 

Көрініс «Ата өсиеті»

 

І-бастаушы: Осы қымбат қазынамыз ғасырлардан ғасырларға жетіп,

толығып келеді. «Тіл – уақыт өткелі», ол бізді бабаларымыздың мекеніне бастап әкеледі.

 

1-оқушы: Көңілдің сыры – тіл.

                  Тілдің сырын ашатын – сөз.

                                                         М.Қашқари

2-оқушы: Аузына келгенді сөйлу – наданның ісі, алдына келгенді жеу –  

                  айуанның ісі.

                                                            Ә.Науаи.

 

ІІ-бастаушы: Тіл қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер адамның бойына

ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта да тіл өз ұрпағының қанына, жанына өз ұрығын егіп, өміршең күй кеше береді. Өзге тілді білу – артықшылық. Ана тілді білу – міндетің. Өз тілін сезбеген бала ана сүтін татпаған жетіммен бірдей.

 

3-оқушы: Өткен ғасырдың өзінде француз ғалымы Жорри де Манси «Қазақ

                 тілі түркі тілдері ішіндегі ең бір таза тілдердің бірі» деп тамсанған.

 

4-оқушы: Ахмет   Байтұрсынұлы «Тіл тазалығы дегеніміз – ана тілді басқа

тілдің сөзімен шұбарламау. Басқа тілден сөз тұтыну қажет болса, жұрттың құлақтарына сіңіп, үйір болған, мағынасы халыққа түсінікті сөздерді алу» деген.

 

5-оқушы: Үйде, түзде басқа тілде сөйлесек,

Қайтеміз біз тілімізге шөлдесек.

Өзімізді-өзіміз қорлағандай боламыз,

Қошаметтеп басқаны біз жөн десек.

 

6-оқушы: Бүгінгі тазалық, бүгінгі белсенділік – ертеңгі мемлекетіміздің

                 өзіндік бет-бейнесі болып қайтпақ. Тілдің өмірі – ұлттың өмірі.

 

7-оқушы: Тілім менің қайыршы емес қаңғыбас,

Тілім тұлпар – қуған желге шалдырмас.

Кенже ұлдай үлкен үйге мұрагер

Жер иесі – менің тілім мәңгі жас.

Әуезов, Абайды өткен дәріс тілі,

Тіл қатқан Тоқтар, Талғат ғарыш тілі.

Қанша Заң қабылдаймыз, жетер енді,

Естілсін мемлекеттік әр істе үні!

 

І-бастаушы: «Тіл туралы заңда»: «Тіл – ұлттың аса игілігі әрі оның өзіне тән

ажырағысыз белгісі, ұлттық мәдениетінің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы – тілдің дамуына оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты» делінген.

 

ІІ-бастаушы: Ана тілім – қазақ тілім, туған тіл,

Қасиетті тіліміздің мәнін біл.

Ана тілді құреттеңдер адамдар,

Заманға сай өзге тілдің бәрін біл.

 

І-бастаушы: Тіл – ұлттың жаны, халықтығының асыл белгісі, намысы,

тыныс-тіршілігінің көзі, Ата Заңымен қорғалатын, еркіндігінің үні. Оны сендер де құрметтеп, қорғай біліңдер. Ынтымағы жарасқан халықтардың бесігі болған шуақты Қазақстанның бақытты да парасатты, білімді де, еңбекқор ұл-қызы болып өсе беріңдер!


Предпросмотр онлайн:

Скачать 254.62 Kb

Посмотрите также:

— Ребусы башкирский язык
— Статья «Описание моего педагогического кредо»
— Музыкальный спектакль для учащихся 7-18 лет «Пропавшая принцесса»
— Майстер-клас з професійної педагогіки по використанню кейс-методу
— Сценарий проведения Дня птиц