Автор материала: Болат Бакытжан Болат
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Жігіттің сұлтаны кім?» саралаңыз
Мақсаты:Оқушыларға халқымыздың ғасырлар бойы кележатқан әдет- ғұрып, салт- дәстүрін, ата- баба дәстүрін құрметтеуді үйрету, Отанды сүюге, Атамекеніне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Байқаушарты:
«Жеті атасын білген ұл, жетір улы елді біледі». (Өзін таныстыру.)
«Жігіт кежеті өнерде аз». (Өз өнерін көрсету, ән, күй, би, көрініс және т.б.
Үй жұмысы. (Өзінің қолынан істеген бұйымын әкеліп, жасалу технологиясын түсіндіру).
«Батамен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер». (Бата беру)
Қойылатын талаптар:
Ұлттық киім.
Сахна мәдениеті.
Сөйлеу мәдениеті, өз ойын ұтымды жеткізе білу.
жүргізуші: Құрметті қауым! Сіздерді “Жігіт сұлтаны” сайысын тамашалауға шақырамыз.
2-жүргізуші:
Береке де осында,
Мереке де осында.
Болыпжатыр той-думан
Қырандардыңқосында.
1-жүргізуші:
Асқақ таған ән дайын,
Күмбірлеген күй дайын.
Ал, кәнекей, қырандар!
Босқа қарап тұрмаңдар!
Бастап жігіт өнерін,
алыстарға самғаңдар
2-жүргізуші: Құрметті көрермен қауым! Енді сайысқа түсетін жігіттерді қол шапалақтап, қошаметтеп ортаға шақырайық.
1-жүргізуші: Сайысқа қатысушы жігіттер көпшілікпен сәлемдесіп, өздерін таныстырады. Жігітсұлтаныныңбойындақандайқасиеттерболуыкерекдепойлайсыңдегенсұраққажауапбереді
2-жүргізуші: Ей жігіттер!
Сендерге артар міндет көп.
Көтер биік ат салтын құрметтеп
Ақтайбілсеңата-баба үмітін
Әрбір сөзі – тәлімі мол бір мектеп.
Сұрақтар: Нөмірленген асықтардағы сұрақтарға жауап беру.
№1 асық. Төрт түлік мал пірінің аталуы қалай?
1. Түйе – Ойсылқара
2. Жылқы – Қамбарата
3. Қой – Шопаната
4. Ешкі – Шек-Шеката
5. Сиыр – Зеңгі баба
№2 асық. Қазақша ай аттарының аталуын айту керек.
1. Қаңтар 7. Шілде
2. Ақпан 8. Тамыз
3. Наурыз 9. Қыркүйек
4. Сәуір 10. Қазан
5. Мамыр 11. Қараша
6. Маусым 12. Желтоқсан
№3 асық. Төрттүлік мал төлдерінің аталуы қандай?
1. Жылқы – құлын
2. Сиыр – бұзау
3. Қой – қозы
4. Ешкі – лақ
№4 асық. Жыртқыш құстардың атын ата.
Бүркіт, лашын, қыран, қырғи.
№5 асық. Қазақ халқының салт-дәстүр, той-томалақтарын атапшық, біреуін түсіндір.
Бесікке салу, қырқынаншығару, тұсаукесер, сүндеткеотырғызу, беташар, көкпар, той бастар.
№6 асық. Аттың ер-тұмандарынанелержатады?
Жүген, ішкілік, тоқым, ер, үзеңгі, аткөрпе, тартпа, қамшы.
1-жүргізуші: Әділқазылар алқасы жігіттердің ұпайын шығарғанша кезекті әнге берейік.
(Ән орындалады)
2-жүргізуші: Қыран-бүркіт көтерерердің нарқын,
Қыран жігіт асырар елдің даңқын!-
демекші, енді жігіттерміздің өнерін тамашалайық.
(Әр қайсысы өз өнерін көрсетеді)
1-жүргізуші: Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай.
Ер өнері білінбес,«Шебердің қолы ортақ»
Қолөнер бұйымдарының шеберлігі (ұйде дайындап әкелген көрсетеді)
2-жүргізуші:Жігіттер, жаман істі кәсіпетпе,
Досыңды бірге жүрген басып өтпе,
Басың аәлде қандай іс түскенде.
Келесі кезекті тағы да әнге берейік.
(Ән орындалады)
1-жүргізуші: Жылдар-жылдар тарихтың мол беттері,
Сен әкелген жақсылықтар көп тегі.
Көңіліңді шат сезімге баурайды,
Халқымыздың бүгіні мен өткені.
(Тарихи тұлғалар, ескі ұғымдар туралы сұрақтарға жауап беру)
Сұрақтар:Асықтарарқылыжауапбереді.
№1 асық. Үшұғымтуралысұрақтар
1. Үш жүз: Ұлы, Орта, Кіші
2. Үшарсыз: Ұйқы, тамақ, күлкі
3. Үшдаусыз: Мінез, кәрілік, ажал
№2 асық. Жеті атаны талдап беру.
Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.
№3 асық. Ұлттық ойындардың түрлерін атап шық.
Ақсүйек, асауүйрету, арқантарту, тымпи, сақина салу т.б.
Жүргізуші: “Жет атасын білмеген жетесіз” – деп халқымыз айтпақшы, кешіміздің соңында біздің қыран жігіттеріміз өздерінің жеті аталарын атап, дастарханымызға бата берсін!
(Сайыс соңы концерттік бағдарламаға ұласады)