"Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары" тақырыбына тәрбие сағаты (4 сынып)

  1. Материалы для учителя
  2. ИЗО, МХК

Автор материала: Аубакирова Гульнара Каримжановна

Содержимое документа:

Тақырыбы:Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары (танымдық сайыс)
Мақсаты:Қазақстан елі бойынша жинақтаған білімдерін, танымдық қабілеттерін арттыру. Сайыскерлердің ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге баулу. Туған жерін, Отанын қастерлеп, сүюге тәрбиелеу.
Сайыстың ұраны: «Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін алдымен азаттық пен білім қажет.» Ш. Уәлиханов.
Көрнекіліктері: Слайдтар, «Менің Қазақстаным», плакаттар топтамасы, цитаталар.
Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану, әдебиет, қазақ тілі.

Сайыстың жүру барысы:
Гимн орындалады.
1. Кіріспе.
Тәрбиеші сөзі: 
Біз тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің отанымызды әлем таныды. Осы сәтте Отан туралы еріксіз ойға берілесің. Бұл ұғымның аясы кең. Отан – далаң, орман, тауың, ауылың мен астанаң. 
Отан әр жұмыр басты пенденің киелі мекені, жер басып жүрген әр тіршілік иесінің шексіз байлығы. Тәй-тәй басқан нәресте де, еңкейген қария да оның бір мүшесі.

 Қазіргі кезде сендер ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатыр сыңдар. 
Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 
16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. 
Бұлкүн – Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкіл халықтық мереке. 

1«Тәуелсіз Қазақстан» бейне фильм

2 Тәуелсіздік тарихнамасы.
Ел тәуелсіздігінебиыл 26жыл толып отыр. Олайболса, сайысымыздыбастамасбұрынтәуелсіздіктарихнамасынашолужасайық.
1991 жыл – ҚазақстанРеспубликасыныңтәуелсіздікалғанжылы. Осы жылықазанайындатұңғышқазақғарышкеріТоқтарӘубәкіровғарышқаұшты. ҚР Президентіболып Н. Ә. Назарбаев сайланды.
1992 жыл – Дүниежүзіқазақтарыныңқұрылтайыөтті.
1993 жыл – ҚР тұңғышКонституциясықабылданды.
1994 жыл – Халықаралықотбасыжылы.
1995 жыл – Ұлыақын Абай жылы
1996 жыл – Бейбітшілік пен руханитатулықжылы.
1997 жыл - жалпыұлттықтатулық пен саясиқуғын - сүргінқұрбандарынескеалужылы.
1998 жыл – Халықбірлігі мен ұлттықтарихжылы.
1999 жыл – Ұрпақтарбірлігі мен сабақтастығыжылы.
2000 жыл – Мәдениеттіқолдаужылы.
2001 жыл – ҚазақстанРеспубликасыныңтәуелсіздігіне 10 жыл.
2002 жыл – Денсаулықсақтаужылы
2003 жыл – Ауылдықолдаужылы.
2004 жыл – ҚазақстандағыРесейжылы.
2005 жыл – ҰлыЖеңіске 60 жыл.
2006 жыл – ҚазақстанРеспубликасытәуелсіздігіне 15 жыл.
2007 жыл – Қазақтілінқолдаужылы
2008 жыл – Астана - елбасыерлігі.
2009 жыл – Германиядағы Қазақстан жылы
2010 жыл – Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ - ғатөрағалықжылы.
2011 жыл – Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл.
2012 жыл – Тұңғыш президент күні жарияланды
«Қазақстаным» Байтлеуова Диляра тақпақ.

3. Сайысқа қатысушы топтармен таныстыру.
Әділқазылар алқасын сайлау.
Бағалау парағын беру.
Әр топтың жеке таныстыруы.
1. «Жасқыран» тобы.
Ұраны: Білім, ғылым, өнерге талмай қанат қағамыз,
Қазақстандай ұлы елдің қырандары боламыз!
2. «Бәйтерек» тобы.
Ұраны: Бәйтерек, шық бүгін сайысқа,
Білімді сынауда қалыспа.
Көк туын құрметтеп сүйіп те,
Ел даңқын көтер сен биікке.

4. Сайыс шарттарымен таныстыру.
1. Әріптер сөйлейді.
2. Сандар сыры.
3. Пәндер сыры.
4. Шығармашылық тапсырма.

Алғашқы бөлім «Әріптер сөйлейді». Бұл бөлімде экраннан әріптер көрсетіледі. Әріпті таңдағаннан кейін сұрақ қойылады, ал жауап сол әріптен басталады немесе жауаптың ішінде таңдаған әріп кездеседі.
А Ә Б В Г Ғ
Е З И К
О Ө
П Р У Ф Ц И

А - Еліміздіңоңтүстікастанасы (Алматы)
Ә – Абылайханныңшынесімі (Әбілмансұр)
Б - Астана қаласының символы (Бәйтерек)
В - 1993 жылқарашадаболғантарихиоқиға. (валюта енгізілді)
Г - Мемлекеттікрәміз (гимн)
Ғ - НұрсұлтанНазарбаевқаберілгенатақ. (Ғасырадамы)
Е - «Алтын адам» қайдантабылды? (Есікқаласымаңынан)
З - Сиырдыңпірі (Зеңгі баба)
И - Елбасымыздыңмамандығы (инженер - металлург)
К - Қазақтыңсоңғы ханы (Кенесары)
О - Қазақстанныңбұрынғыастанасы (Орынбор)
Ө - Бес дұшпанныңбірі (Өсек, өтірік)
П - Жоғарғызаңшығарушы орган (Парламент)
Р - Бес асылістіңбірі (Рақым)
У - Малдыңтөлдегенненкейінгіалғашқысүті (уыз)
Ф -«Екіншіұстаз» атанғанғұлама. (Фараби)
Ц - Астана қаласыныңбұрынғыатауы (Целиноград)
И- Бейжіңолимпиадасының чемпионы, ауыратлетикаданбірнешедүркінәлем чемпионы атанғанспортшы.(Илья Ильин)


Келесі бөлім «Сандар сыры». Бұл бөлімде әр топ 3, 4, 5, 7 сандарына байланысты сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар сол сандардың қасиеттеріне байланысты болады.
Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, шариғатқа қатысы, тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Расында қазақ бір санынан бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік ие болатынын мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген. Киелі сандардың түп төркіні қайдан шыққанын және математикалық тілде талданғанын қарастырайық. 3, 4, 5, 6, 7, сандарының қадір – қасиетін біле отырып,әрбір сан жайлы ой толғанысын тудыру, білімге құштарлықты оятады.

Мысалы: қазақ 3 санының байламдарын былай түйіндеген:

Үш көз: Су анасы – бұлақ, жол анасы - тұяқ, сөз анасы – құлақ.

Үш тоқтам: Ақыл – арқан, ой – өріс, адам – қазық.

Үш қасиет: Өліде – аруақ, малда – кие, аста – кепиет.

Үш талғам: Мейірім – сауап, жақсылықтан шарапат, жамандықтан кесәпат.

Үш жүз: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.

Үш тәтті: Жан тәтті, жар тәтті, мал тәтті.

Үш қуат: Ақыл, жүрек, тіл.

Үш жұрт: өз жұртың – күншіл, қайын жұртың – міншіл, нағашы жұртың – сыншыл.

4 саны
Төрт маусым (қыс, көктем, жаз, күз)
Төрт тұлға (от, су, жер, жел)
Төрт кітап (Зәбүр, Тәурат, Інжіл, Құран)
Төрт періште (Жәбірейіл, Мекайіл, Әзірейіл, Исрафил)

5 саны
Бес парыз (Иман, намаз, ораза, зекет, қажылық)
Бес қару(садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта)
Бес жаратылыс (Күн, ай, жұлдыз, күндіз, түндіз)
Бес өсиет (Топасқасенбе, жайғаиілме, әрқашансақжүр, аш үйге қонба, жарлыдан сый алма)


Жеті санының дүниежүзілік дәстүрде өте жиі, тұрақты да орнықты болып кездесетіндігін білеміз.

7 саны
Жеті күн (Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)
Жет іата (бала, әке, ата, арғыата, баба, ту ата, тек ата)
жеті қазына (Ер жігіт, сұлуәйел, ілім - білім, жүйрікат, қыран бүркіт, берен мылтық, құмай тазы)
Жеті жұт (Зілзала, жұт, оба, өрт, топан су, құрғақшылық, соғыс)
Жеті жоқ (Аллада бауыр, аспанда тіреуіш, жерде өлшеуіш, таста тамыр, тасбақада талақ, аққуда сүт, жылқыда өт)

Дарханбекова Нурай «Родина» орыс тілінде.

Үшінші бөлім «Пәндер сыры»
Қазақ тілі

1Әріптердің орнына аустырып, мына сөздерден сөз құрап жаз:

Пікір – кірпі

шырша –шаршы

қалам-мақал

алма-амал

2 Ребусты шеш.(шаңғы)


3Мақал-мәтелдер: жалғастыр

Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі-- білім біл.

Ең ащы да тіл, ең тәтті де--- тіл,

Ең қатты да тіл, ең жұмсақ та--- тіл.

Тілтасжарады, тасжармаса---- бас жарады.

Тіл – халқының-----жаны.

Ақылдасыныңсөзінсыйласа, жасыүлкенніңөзін-----сыйла.



Математика
1. 1 метрде неше сантиметр бар? /100см
2. Азайтудың нәтижесі қалай аталады? /айырманың мәні
3. 1 сағатта неше минут бар? /60мин.
4. Қарама – қарсы қабырғалары өзара тең фигура қалай аталады? /төртбұрыш
5. Салмақ өлшем бірліктерін ата. /г, кг, ц, т
6. 1дм 4см нешеге тең? /14см
7. Тәуліктің 3тен 1 бөлігі неше сағатқа тең? / 8сағ.
8. Екі нүктенің арасындағы түзу қалай аталады? /кесінді
9. 1 тоннада неше центнер бар? /10ц
10. Қыс пен көктемде неше ай бар? /6 ай

Әдебиет
1.«Ұшқан ұя» мәтінінде кімнің балалалық шағы баяндалған? Бауыржан М

А) МұхтарӘуезов   ә) Бауыржан Момышұлы   с) Шоқан Уалиханов

2. «Ақиық сұңқар» оқиғасында 1712-1779 жылдары өмір сүрген батыр?

А)Қабанбай батыр Ә) Сеңкібай батыр С)Алпамыс батыр

3 «Бай баласы мен жарлы баласы» мәтінің кім жазған?

А) Алтай Аманжолов    ә)Ыбырай Алтынсарин   с) Дәулет Қассенов









Дүниетану
1 Қазақстан территориясына кірмейтін көлді табыңдар?
А) Балқаш ә)Байкал б)Қорғалжын

2  Жанғыш пайдалы қазбаларды тап?
А)көмір,мұнай,газ ә)әк,тас,мұнай б) мұнай,калий, газ

3  Ақ күрішті аймақ деп қай облыс аталады?
А) Қызылорда ә) Қарағанды б) Шығыс Қазақстан

«Kazakhstan » Хафиз Торехан ағылшын тілінде орындайды
Шығармашылық тапсырма

Сөзжұмбақ
Соңғы сөз әділқазылар да.
Сайысты қорытындылау, марапаттау.
Оқушылардың орындаунда « Я- казах» әні
ЕЛІМІЗ АМАН, ЖҰРТЫМЫЗ ТЫНЫШ БОЛ!



Предпросмотр онлайн:

Скачать 69.97 Kb

Посмотрите также:

— Проектная работа учеников 4 класса «Моя малая родина»
— Презентация к теме «Икона», для 4 класса по курсу ОПК
— Презентация на тему «Шедевры архитектуры нашего родного края» (4 класс)
— Презентация к занятию по курсу "Основы информационной культуры". Тема "Твои первые энциклопедии, словари, справочники", 4 класс.
— Конспект и презентация занятия по курсу "Основы информационной культуры". Тема: "Выбор книг в библиотеке", 4 класс