Внеклассная работа на тему "Қызықты математика"

  1. Материалы для учителя
  2. Музыка

Автор материала: Урисбаева Жанат Алдамуратовна

Содержимое документа:

Ө.Жолдасбеков атындағы №50 орта мектебі









Сыныптан тыс жұмыс











Тақырыбы:

«Математика әлеміне саяхат»








Пәні математика


Сыныптар 6 «А», 6 «Д»


Пән мұғалімі: Урисбаева Ж.А.








Тараз - 2016

Күні 20.10.2015ж


Сабақтың тақырыбы: “Математика әлеміне саяхат”

Білімділік оқушыларға сыныптан тыс жұмыс барысында математика пәндерінен алған білімдерін жинақтау, толықтыру;

Дамытушылық оқушылардың ойлау қабілетін, сана - сезімін жан - жақты дамыту, зеректілігін қалыптастыру. Белсенділігі мен қызығушылығын арттыру, танымдық, шығармашылық ізденістерін ұштау;

Тәрбиелік оқушыларды жауапкершілікке, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, татулыққа тәрбиелей отырып, тапқырлыққа баулу.

Сабақтың түрі сыныптан тыс жұмыс
Көрнекіліктер интербелсенді тақта, бүктеме қағаздар,” Білімді азамат - ел ертеңі”, “Адамның даңқы – оның ойлау қабілетінде”, “Білегіңе сенбе – біліміңе сен” жазулары, ұпай парақтары
Жұмыс жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, топпен таныстыру.

  2. «Қас қағым сәт» сұрақ-жауап.

  3. «Тапқыр болсаң талас жоқ» логикалық есептер шешу.

  4. «Ой сергіту». Жұмбақтар.

  5. Жанкүйерлер сайысы

  6. Топ басшылар сайысы

  7. Қорытындылау, марапаттау.


Cабақтың барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі
    Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар және оқушылар!
    Қайырлы күн құрметті қонақтар! «Математика әлеміне саяхат» атты кешімізге қош келдіңіздер.
    Әлемдік өркениетке ұмтылған Тәуелсіз еліміздің басты құндылығы – білімді ұрпақ. Білімді азамат – ел ертеңі.
    Иә, еліміздің кемел келешегі – сендердің қолдарыңда. Ал сендердің қазіргі міндеттерің - түрлі пәндерді игеріп, терең білім алу. Ал соның ішінде ғылымдардың патшасы саналатын математика пәнінің сендер үшін де, сенің достарың үшін де алатын орны ерекше. Әл - Фараби бабамыз айтқандай математика басқа ғылымдардан жоғары бағаланады, ұлы Ломоносов сөзінше математика ақыл – ойды тәртіпке келтіреді, сондықтан оны оқу керек.
    Бүгін біздің сайысымызға 6 “а” және 6 ″д” сынып оқушылары келіп, өздерінің математика пәні бойынша білімдерін көрсетіп, сынға түспекші.

1-топ. «Рационал сандар» тобы

2-топ «Бүтін сандар» тобы

Көңілді тапқырлар, білгірлер
Бар білімін алдарыңа салады
Кім білімді, көп оқыған болса, егер
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Өмірде ойлап тұрса бәрі де есеп
Ауырсаң ішер – тұғын дәрі де есеп
Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз – ау
Дүниенің бар тұлғасы есеп десек.

“Төрімізде отырар, Әділқазы алқасы.
Сіздерден әділ шешімді, Күтеді бүгін баршасы.”- деп біз әділ қазылар мүшелерін анықтап алып, сайысымызды ретімен таныстырып өтсек.
Әділқазы мүшелері:


  1. «Қас-қағым сәт». Екі топқа сұрақтар қойылады(14 сұрақ), дұрыс жауап 1 балл, сайысқа қатысушылар «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді.
    І топ оқушыларына:
    1) Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш шаршы деп аталады. / иә /
    2) 1 сағатта 90 минут барма? / жоқ /
    3) 14 жұп сан ба? / ия /
    4) 1/10 санының кері сан 10 саны. / иә /
    5) Оң сандардың қосындысы теріс сан ба? / жоқ /
    6) Нөл саны өзіне-өзі қарама-қарсы сан бола ма? / иә /
    7) 1 процент 1/100-ге тең бе? /иә /
    ІІ топ оқушыларына:
    1) Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш үшбұрыш деп аталады. / жоқ /
    2) Екі ғасырда 200 жыл. / иә /
    3) 1357 тақ сан. / иә /
    4) Екі теріс санның бөліндісі теріс сан. /жоқ /
    5) 1 тәулікте 48 сағат барма? / жоқ /
    6) Сағаттың ¼ бөлігі 15 минут па? / ия /
    7) Қабырғасы 1-ге тең квадраттың ауданы 2-ге тең бола ма? /жоқ/


  1. «Тапқыр болсаң талас жоқ» логикалық есептер шешу.

  1. 6512708943 неге сандар ретiмен турған жоқ?

Жауабы: Алфавит бойынша:
Алты, бес, бір, екі, жеті, нөл, сегіз, тоғыз, төрт, үш. (6512708943)


  1. Бірдей сандарды сызықпен қосу керек, бірақ сызықтар бір-бірін қиып өтпеуі және қоршаудан шықпауы тиіс.


  1. Қуыста тығылып отырған тыңшы, күзетшінің жағдайын бағаламақшы.
    Бір мезетте офицер келеді. Күзетші оған: "Құпия сөз"
    Офицер: «26»
    Күзетші: «Сипаттама»
    Офицер: «10»
    Күзетші: "Өте бер"

    Екіншісі келеді. "Құпия сөз" — «22»
    «Сипаттама» — «9»
    "Өте бер"

    Содан тыңшы «түсіндім» деп күзетшіге жетіп келеді.
    Күзетші оған: "Құпия сөз"
    Тыңшы: «100»
    Күзетші: «Сипаттама»
    Тыңшы: «49»

    Нәтижесінде шпион ату жазасына кесіледі… Дұрыс жауап қандай болу керек еді?

  2. Алыста 2 адам келе жатыр біреуінін бойы ұзын екіншісінін бойы кішкентай, алыстан сөніп-өшіп, сөніп-өшіп тұрған шамды көреді. Сол шамды екі адамның қайсысы бірінші көреді?????



  1. Сонымен, автобус қайда бара жатыр?



  1. «Көненің көзі-асылдың  сөзі».

Қазақтың  байырғы  қара  есептерін  шешу.

«Жыл қайыру» есебі. «Дананың сөзі асыл тас»

 — Нешедесіз?- деді ақсақалға жігіт ағасы .

 — 4 жылқы, тоқтымын,

 — деді Тәттімбет күйші.

Тәттімбет неше жаста?.

                             Жауабы: 49+2=51


  1. «Ой сергіту». Жұмбақтар.


1. Біз санбыз сызықпен бөлінген,
Математиканы ұқпас адамға,
Құбыжық боп көрінген,
Дұрыс, бұрыс, аралас,
Ондық болып бөлінген. (бөлшек сан)

2. Санға қосып, алсаң
Сол санның өзі шығады.
Санды оған бөлуге болмайтынын
Математиктер ұғады.
Көп адамдар сол санға
Шекесінен қараған
Сан осіне қақ бөлуді
Сол саныңыз жараған. ( нөл )


  1. Өмірің сенің қызық,

Жолыңда жоқ түзу сызық.

Басы да жоқ аяғы

Бір айналым баяғы. (дөңгелек)

4. Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай.
Айтыңдаршы бұл қандай сан,
Жан-жағыңа қарамай / натурал /


5. Бүтін, бөлшек бөліктерден
Үтір айырып тұрады,
Осы санның кім біледі
Аты қандай болады? (ондық бөлшектер)


  1. Жанкүйерлер сайысы

Үш таяқшаны қозғап шаянды төменге қарату керек




  1. Топ басшылар сайысы


1-топ

  1. Бұрышты өлшейтін құрал. (транспортир)

  2. Нөлге және жұп цифрға аяқталатын сандар қалай аталады? (жұп сандар)

  3. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді. (0)

  4. 0 мен 500-дің бөліндісі

  5. қандай сандардың жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр болады? (10)

  6. Қиылыспайтын екі түзу. (параллель)

  7. Ұзындықтың өлшем бірлігі (метр)

  8. Екі санның бөліндісін басқаша қалай атайды? (Қатынас)

  9. Заттарды санау үшін қолданылатын сандар қалай аталады? (натурал сандар)

  10. Екі нүктенің арасындағы түзу. (кесінді)

2-топ

  1. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда. (диаметр)

  2. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш. (шаршы)

  3. 3 кесіндіден құралған фигура (Үшбұрыш)

  4. 180 градусқа тең бұрыш қалай аталады? (Жазыңқы)

  5. Төрттен үшке кері сан (Үштен төрт)

  6. Шеңбердің центрінен оның бойында жатқан нүктеге дейінгі қашықтық (Радиус)

  7. Екі қатынастың теңдігі (Пропорция)

  8. Ең үлкен үш таңбалы сан? (100)

  9. 2 ғасырда неше жыл бар?

  10. Глобус қандай фигураны елестетеді? (шар)

7 Қорытындылау. Марапаттау.

Жарыстың соңғы сәті таяп қалды,
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды.
Сіздермен кездесеміз біздер әлі,
Жеңімпаздар бүгінгі анықталды.

Барлық бөлімнің ұпайлары саналып, көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді және марапатталады.

Сыныптан тыс өткізілген мұндай сайыстарда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білімін бағалау, ой-өрісін кеңейтіп, тұжырымдар жасатып, өз ойларын айта білуге төсілдірумен шығармашылық қиялын дамытады.







Общая информация

Предпросмотр онлайн:

Скачать 181.00 Kb

Посмотрите также:

— Урок на тему «Применение ИКТ на уроках математики»
— Розробка алгоритму ефективної побудови контрольних тестів булевих функцій
— Урок на тему «Применение алгоритмов при изучении математики»
— Разработка урока по математике «Римские цифры»
— Урок на тему «Векторный метод решения стереометрических задач»